SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 32
Descargar para leer sin conexión
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды

Øîøà¢àé
Øåëïåê
2
Пішені піскен далада, мал басы толық қорада бір ескі
үй болыпты. Бұл үйде балалары жоқ шал мен кемпір өмір
сүреді екен. Күн ұзаққа шал шалғында жүріп келсе, кемпір
күлше пісіріп, тоқаш таратуды ермек етіпті. Бір күні ол
тәтті шелпек пісіруге бел буып, дүкеннен арнайы қамыр
сатып алыпты.

3
Үстел үстіне ұн сеуіп, қамырды
қойғаны сол, бір қызық ойдың келгені!
Іске кіріскен кемпір қамырды жайып
жіберіп, адам қалпындағы шелпек
жасайды. Қиялына қанат біткендей,
шелпек балаға шоколадты көкірекше
кигізіп, домалақ кәмпиттерден түйме
тағады.

4
Көз орнында қарақат тұр, шие қосылған
шекерді қыздырып, ауызын шығарады. Шелпек балаға қартаң әйел қамырдан қалпақ
істеп, бәтеңке байлауды да ұмытпаған екен.
Соңынан пешке салып, ойға батқан ол, өз баласы болғанын армандап кетеді.

5
Шағын үйдің үздіксіз жұмысы көп. Әрі қарай тірлігіне
кіріскен әйел әндетіп жүр. Ал күйеуі пештен шыққан хош
иіске тамсанып, тәтті тартуды тағатсыз күтіп отырып,
әйеліне ыдыс жууға көмектеседі.
Бір кезде кемпір пешті ашып, піскен шелпекті
шығарады. Сол-ақ екен, Шелпек балаға жан бітіпті!

6
Қарақат көздерін қағыпқағып, көңілдене күлген ол,
кемпірдің қолынан қарғып
түсіп, қаша жөнеледі!

7
Кемпір мен шал соңынан жүгіреді. «Тоқта! Әй,
тоқтасаңшы! Әйтпесе, сені жеп қояды!» деп айқайлаған
кемпірді тыңдайтын емес.
– Сендер мені ешқашан ұстай алмайсыңдар! – деп мақтанған
Шелпек кете барады.

8
Кенет оның алдынан сиыр шыға келеді. Тәтті иісті сезген сиыр тәбеттене қарап:
– Тоқташы, Шелпек бала, – депті. – Иісің қандай керемет, өзің
сондай тәтті шығарсың? Сені жегім келеді!
Сонда Шелпек шегініп:
– Жоқ! Жоқ! Жоқ! Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді.
Жемейсіңдер сендер тек, жеткізбеймін өйткені! – деп қаша
жөнеледі.
– Ұстаймын, қазір! – деп ашуланған сиыр соңынан
қуады. Тек жете алатын емес.

9
10
Мақтаншақ Шелпек жүгіріп келе жатыр, келе жатыр, бір кезде
алдынан ат шығады.
– Шелпек, Шелпек! Тоқта! Сенің дәміңді көргім келеді! – дейді ол.
Ал Шелпек болса, әндетіп былай дейді:
– Жоқ! Жоқ! Жоқ! Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені!
Шал мен кемпір, сиыр да, қалды артта!
Ат соңынан қуып жете алмайды.

11
Шелпек бала қуғандардың бәріне жеткізбей қашып кете барыпты. Әбден шаршаған ол орманға
кіріп, үлкен ағаштың көлеңкесіне жайғасады. Өзінің
тапқырлығы мен жүйріктігіне шексіз
риза, ешкімнің ұстай алмағанына
мәз болады. Демалып жатқаны
сол екен, ағаш бұтағына қарға
келіп қонады.
Қарға Шелпектің тәтті түймелеріне қадала қарап тұр. Бір кезде
жегісі келіп, Шелпектің жанына
қонады.

12
Сол-ақ екен, ұйқыдағы тәтті бала оянып кетеді.
– Жаңа піскен сияқтысың ғой. Сені жегім келіп
тұр! – деп қарға тап бергенде, шошыған Шелпек тұра
қашады.
Қанша жүгіргенін кім білсін, әйтеуір алдынан енді
әтеш шығады.
– Ку-ка-ре-ку! Түскі ас та
келіп жетіпті ғой! Мен сені
жеймін! – деп дәмеленеді ол да.

13
– Кемпір, шал, сиыр, ат, қарға – барлығы
да қалды артта. Жей алмайсың сен мені,
жеткізбеймін өйткені! Қанша қусаң да қуа бер,
бәрібір жете алмайсың!– деп тағы қашады.
Әтеш қанша қуса да, Шелпек оған да өзін
ұстатпай кетеді. Енді қараса, Шелпектің жолын
тосып торай тұр екен.

14
– Мен сені жеймін! – дейді торай дегбірі кетіп.
Шелпек ширақ қимылдап, қашқан бойда былай деп әндетеді:
– Кемпір мен шал, сиыр да, ат пен әтеш, торай да, жей
алмады тек мені, жеткізбеймін өйткені!
Торай тұра жүгіргенмен, Шелпек жеткізбей
кетеді.

15
Қашып келе жатып Шелпек астық басатын
машиналар тұрған сарайға кіріп кетеді. Бұрқыраған дәмнің иісі машиналардың тәбетін
ашады. Олар да Шелпекті ұстап алмақ болады,
бірақ бала ұстатпай қаша жөнеледі.

16
Соңынан асыға-аптыға жүрген машиналар
біріне-бірі соқтығысып, нәтижесінде сарай
ішінде қалып қояды. Шелпек бала оларға
дауыстап:
– Жете алмайсыңдар маған, ең тез
әрі ең жылдам Шелпек бала – мен
болам! – деп әндетеді.

17
Шелпек бала сол жүгірген қалпы тоқтамай,
көгалда шөп шауып жүрген газон шапқыштардың маңына жетеді. Тәтті иісті тез таныған
олар да Шелпектің соңына түседі.
– Тоқта, Шелпек! Біз сені жегіміз келеді!
– деп айқайлайды.
Бірақ Шелпек шегініп, шаттана күліп, желдей есіп жүгіре
жөнеледі.

18
– Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Сиырдан да қаштым, аттан
да қаштым, қарғадан да қаштым, әтештен де қаштым, машиналардан да қаштым! Газон шапқыштар сендерден, оңай қашып кетем мен! – деп сақ-сақ күліп,
кете барады.
Газон шапқыштар соңынан қуғанымен, расында жете алмайды.
Шелпек бала барлығынан қашып құтылып, өзін ең тәсілқой
әрі жүйрік сезінеді. Бойын мақтаныш кернеген ол ауылдан
алыстағанда, алдынан түлкі шығады.
Тәтті нанды байқап қалған түлкі оның
соңына түседі. Ал Шелпек ұстатпай келеді.
Тым қатты жүгірген Шелпек әндеткенін де
қоятын емес. «Жей алмайсың сен мені,
ұстатпаймын өйткені!» деп түлкінің
қытығына тиіп барады.

19
Сілесі қатқан түлкі енді қулыққа басқан сияқты.
– Шелпек, тоқташы! Осы сен неге қашып бара жатырсың?
Мен сені жегім де, тіпті ұстағым да келмейді, – дейді ол.
Шелпек жүрісін баяулатады. Көңілі орнына түскендей,
енді ол асықпай өзенге қарай бет алады. Өзін жемек болып
артына түскен қуғыншылардан алысқа қашуды көздейді.
Осылай ол су жағасына келіп жетеді.
Енді не істерін білмей тұр. Өзі судан
қорқады, жүзу білмейді, бірақ
өзеннің арғы жағына
өтуі керек!

20
– Сен маған көмектесе аласың ба? – дейді
шарасы таусылған Шелпек түлкіге қарап.
– Әрине, көмектесемін! Мен қасыңда тек
саған көмектесу үшін жүрмін ғой! – депті
түлкі қулана.
– Кел, құйрығымнан ұстап, арқама
мін. Мен сені өзеннен өткізіп жіберейін, –
деп түлкі сөзін жалғастырады.

21
Шелпек түлкінің құйрығымен өрмелей жоғары
көтеріледі. Сөйтіп, баланы арқасына мінгізіп
алған түлкі өзенге түсіп, келесі жағалауға
қарай кете барады. Жағадан біраз ұзағанда:
– Сен тым ауыр екенсің! Белім ауырып
барады, кішкене жоғары отыршы, – дейді
түлкі.
Шелпек алдыға қарай жылжып отырады. Өзеннің орта тұсына келгенде Шелпектің аяғы
су болады. Сол-ақ екен, түлкі оған:
– Ештеңе етпейді, мойныма отыр! –
дейді.

22
Біраз жүрген соң түлкінің мазасы қашады.
– Шелпек, Шелпек! Мына жер терең екен, су мойныма дейін жетіп қалды!
Мұрныма отыр, әйтпесе суға түсіп кетерсің! – дейді байбалам салып.
Шелпек қорқып кетеді. Жылдам қимылдап түлкінің тұмсығына
барып отырады.
– Шелпек, бағанағы әніңді маған енді айтып берші! Қазір
құлағым жақсы естиді, – дейді түлкі қулана.
Шелпек ән айтады.

23
– Жүйрікпін мен тәсілқой, осы менің әнім ғой! Жей алмайды тек мені,
жеткізбеймін өйткені! – дейді мақтанып.
Араны ашылған түлкі:
– Ал мен жеймін! – деп, Шелпекті бас салады.
Осы кезде тепе-теңдігін жоғалтқан Шелпек суға
түсіп, жоқ болады. Сөйтіп, Шелпек шошақайлығының
арқасында өзенге ағып кетіп, ал асыққан түлкі қанша
талпынса да, тәтті Шелпектің дәмін татып көре алмаған
екен.

24
тап
ығын
шыл
ырма
Ай

Шоша ай Шелпек ашып кеткенде кемпір
андай сезімде болды? Сәйкес келетін эмоцияны көрсет.

25
енд ір
кест
Сәй

Әр айсысыны көле келерін тап.

a
26

2

ə

3

б
Жауабы: 1 – в, 2 – г, 3 – а, 4 – б, 5 – ə.

1

4

в

5

г
мақ
Боя

27
сан
Жұп

Ертегіге атысы жо
кейіпкерлерді тап.
ал аны нешеу?

28
амақhe
ан unt t
СCo

А

улар нешеу?

29
сөз
ырын
ас
Ж
Ш

О

Ш

А

Қ

А

Й

В

Ы

Ф

О
Ш
А

Ш
Е
Л

Т
Ь
Б

Ш
Ғ
I

Е
Ұ
Е

Л
Ү
Ө

П
Х
E

Е
Э
Ғ

К
Ж
T

Т
Ю
О

Қ
А
Й
Ү

П
Е
К
Қ

Ю
Ə
І
У

Ш
Ш
M
Ю

О
Е
Ң
И

Ш
Л
С
Т

А
П
H
Ь

Қ
Е
E
Ы

А
К
Y
Ф

Й
А
Ғ
Я

Кестеде «Шоша ай Шелпек» сөзі
неше рет айталан ан?
Жауабын берілген шаршы а жаз.

30
тап
ығын
шыл
ырма
Ай

31
жол
рман
ыты
Ш

Әжейді шоша ай Шелпекті
уып жетуіне көмектес. Жолды көрсет.

32

Más contenido relacionado

Más de Ernur Esenjolov (11)

The walking dead_120_rus
The walking dead_120_rusThe walking dead_120_rus
The walking dead_120_rus
 
Naruto
NarutoNaruto
Naruto
 
Ertegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahatiErtegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahati
 
Ertegi koyannin kalindigi
Ertegi koyannin kalindigiErtegi koyannin kalindigi
Ertegi koyannin kalindigi
 
Ertegi maugli
Ertegi maugliErtegi maugli
Ertegi maugli
 
Ertegi meiirimdi keit
Ertegi meiirimdi keitErtegi meiirimdi keit
Ertegi meiirimdi keit
 
Ertegi
Ertegi Ertegi
Ertegi
 
Ertegi ottik
Ertegi ottikErtegi ottik
Ertegi ottik
 
Kot vasilij
Kot vasilijKot vasilij
Kot vasilij
 
Domik dlja zajchika
Domik dlja zajchikaDomik dlja zajchika
Domik dlja zajchika
 
Abdusamat qasym
Abdusamat qasymAbdusamat qasym
Abdusamat qasym
 

Ertegi shoshakai shelpek

  • 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды Øîøà¢àé Øåëïåê
  • 2. 2
  • 3. Пішені піскен далада, мал басы толық қорада бір ескі үй болыпты. Бұл үйде балалары жоқ шал мен кемпір өмір сүреді екен. Күн ұзаққа шал шалғында жүріп келсе, кемпір күлше пісіріп, тоқаш таратуды ермек етіпті. Бір күні ол тәтті шелпек пісіруге бел буып, дүкеннен арнайы қамыр сатып алыпты. 3
  • 4. Үстел үстіне ұн сеуіп, қамырды қойғаны сол, бір қызық ойдың келгені! Іске кіріскен кемпір қамырды жайып жіберіп, адам қалпындағы шелпек жасайды. Қиялына қанат біткендей, шелпек балаға шоколадты көкірекше кигізіп, домалақ кәмпиттерден түйме тағады. 4
  • 5. Көз орнында қарақат тұр, шие қосылған шекерді қыздырып, ауызын шығарады. Шелпек балаға қартаң әйел қамырдан қалпақ істеп, бәтеңке байлауды да ұмытпаған екен. Соңынан пешке салып, ойға батқан ол, өз баласы болғанын армандап кетеді. 5
  • 6. Шағын үйдің үздіксіз жұмысы көп. Әрі қарай тірлігіне кіріскен әйел әндетіп жүр. Ал күйеуі пештен шыққан хош иіске тамсанып, тәтті тартуды тағатсыз күтіп отырып, әйеліне ыдыс жууға көмектеседі. Бір кезде кемпір пешті ашып, піскен шелпекті шығарады. Сол-ақ екен, Шелпек балаға жан бітіпті! 6
  • 7. Қарақат көздерін қағыпқағып, көңілдене күлген ол, кемпірдің қолынан қарғып түсіп, қаша жөнеледі! 7
  • 8. Кемпір мен шал соңынан жүгіреді. «Тоқта! Әй, тоқтасаңшы! Әйтпесе, сені жеп қояды!» деп айқайлаған кемпірді тыңдайтын емес. – Сендер мені ешқашан ұстай алмайсыңдар! – деп мақтанған Шелпек кете барады. 8
  • 9. Кенет оның алдынан сиыр шыға келеді. Тәтті иісті сезген сиыр тәбеттене қарап: – Тоқташы, Шелпек бала, – депті. – Иісің қандай керемет, өзің сондай тәтті шығарсың? Сені жегім келеді! Сонда Шелпек шегініп: – Жоқ! Жоқ! Жоқ! Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Жемейсіңдер сендер тек, жеткізбеймін өйткені! – деп қаша жөнеледі. – Ұстаймын, қазір! – деп ашуланған сиыр соңынан қуады. Тек жете алатын емес. 9
  • 10. 10
  • 11. Мақтаншақ Шелпек жүгіріп келе жатыр, келе жатыр, бір кезде алдынан ат шығады. – Шелпек, Шелпек! Тоқта! Сенің дәміңді көргім келеді! – дейді ол. Ал Шелпек болса, әндетіп былай дейді: – Жоқ! Жоқ! Жоқ! Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені! Шал мен кемпір, сиыр да, қалды артта! Ат соңынан қуып жете алмайды. 11
  • 12. Шелпек бала қуғандардың бәріне жеткізбей қашып кете барыпты. Әбден шаршаған ол орманға кіріп, үлкен ағаштың көлеңкесіне жайғасады. Өзінің тапқырлығы мен жүйріктігіне шексіз риза, ешкімнің ұстай алмағанына мәз болады. Демалып жатқаны сол екен, ағаш бұтағына қарға келіп қонады. Қарға Шелпектің тәтті түймелеріне қадала қарап тұр. Бір кезде жегісі келіп, Шелпектің жанына қонады. 12
  • 13. Сол-ақ екен, ұйқыдағы тәтті бала оянып кетеді. – Жаңа піскен сияқтысың ғой. Сені жегім келіп тұр! – деп қарға тап бергенде, шошыған Шелпек тұра қашады. Қанша жүгіргенін кім білсін, әйтеуір алдынан енді әтеш шығады. – Ку-ка-ре-ку! Түскі ас та келіп жетіпті ғой! Мен сені жеймін! – деп дәмеленеді ол да. 13
  • 14. – Кемпір, шал, сиыр, ат, қарға – барлығы да қалды артта. Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені! Қанша қусаң да қуа бер, бәрібір жете алмайсың!– деп тағы қашады. Әтеш қанша қуса да, Шелпек оған да өзін ұстатпай кетеді. Енді қараса, Шелпектің жолын тосып торай тұр екен. 14
  • 15. – Мен сені жеймін! – дейді торай дегбірі кетіп. Шелпек ширақ қимылдап, қашқан бойда былай деп әндетеді: – Кемпір мен шал, сиыр да, ат пен әтеш, торай да, жей алмады тек мені, жеткізбеймін өйткені! Торай тұра жүгіргенмен, Шелпек жеткізбей кетеді. 15
  • 16. Қашып келе жатып Шелпек астық басатын машиналар тұрған сарайға кіріп кетеді. Бұрқыраған дәмнің иісі машиналардың тәбетін ашады. Олар да Шелпекті ұстап алмақ болады, бірақ бала ұстатпай қаша жөнеледі. 16
  • 17. Соңынан асыға-аптыға жүрген машиналар біріне-бірі соқтығысып, нәтижесінде сарай ішінде қалып қояды. Шелпек бала оларға дауыстап: – Жете алмайсыңдар маған, ең тез әрі ең жылдам Шелпек бала – мен болам! – деп әндетеді. 17
  • 18. Шелпек бала сол жүгірген қалпы тоқтамай, көгалда шөп шауып жүрген газон шапқыштардың маңына жетеді. Тәтті иісті тез таныған олар да Шелпектің соңына түседі. – Тоқта, Шелпек! Біз сені жегіміз келеді! – деп айқайлайды. Бірақ Шелпек шегініп, шаттана күліп, желдей есіп жүгіре жөнеледі. 18
  • 19. – Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Сиырдан да қаштым, аттан да қаштым, қарғадан да қаштым, әтештен де қаштым, машиналардан да қаштым! Газон шапқыштар сендерден, оңай қашып кетем мен! – деп сақ-сақ күліп, кете барады. Газон шапқыштар соңынан қуғанымен, расында жете алмайды. Шелпек бала барлығынан қашып құтылып, өзін ең тәсілқой әрі жүйрік сезінеді. Бойын мақтаныш кернеген ол ауылдан алыстағанда, алдынан түлкі шығады. Тәтті нанды байқап қалған түлкі оның соңына түседі. Ал Шелпек ұстатпай келеді. Тым қатты жүгірген Шелпек әндеткенін де қоятын емес. «Жей алмайсың сен мені, ұстатпаймын өйткені!» деп түлкінің қытығына тиіп барады. 19
  • 20. Сілесі қатқан түлкі енді қулыққа басқан сияқты. – Шелпек, тоқташы! Осы сен неге қашып бара жатырсың? Мен сені жегім де, тіпті ұстағым да келмейді, – дейді ол. Шелпек жүрісін баяулатады. Көңілі орнына түскендей, енді ол асықпай өзенге қарай бет алады. Өзін жемек болып артына түскен қуғыншылардан алысқа қашуды көздейді. Осылай ол су жағасына келіп жетеді. Енді не істерін білмей тұр. Өзі судан қорқады, жүзу білмейді, бірақ өзеннің арғы жағына өтуі керек! 20
  • 21. – Сен маған көмектесе аласың ба? – дейді шарасы таусылған Шелпек түлкіге қарап. – Әрине, көмектесемін! Мен қасыңда тек саған көмектесу үшін жүрмін ғой! – депті түлкі қулана. – Кел, құйрығымнан ұстап, арқама мін. Мен сені өзеннен өткізіп жіберейін, – деп түлкі сөзін жалғастырады. 21
  • 22. Шелпек түлкінің құйрығымен өрмелей жоғары көтеріледі. Сөйтіп, баланы арқасына мінгізіп алған түлкі өзенге түсіп, келесі жағалауға қарай кете барады. Жағадан біраз ұзағанда: – Сен тым ауыр екенсің! Белім ауырып барады, кішкене жоғары отыршы, – дейді түлкі. Шелпек алдыға қарай жылжып отырады. Өзеннің орта тұсына келгенде Шелпектің аяғы су болады. Сол-ақ екен, түлкі оған: – Ештеңе етпейді, мойныма отыр! – дейді. 22
  • 23. Біраз жүрген соң түлкінің мазасы қашады. – Шелпек, Шелпек! Мына жер терең екен, су мойныма дейін жетіп қалды! Мұрныма отыр, әйтпесе суға түсіп кетерсің! – дейді байбалам салып. Шелпек қорқып кетеді. Жылдам қимылдап түлкінің тұмсығына барып отырады. – Шелпек, бағанағы әніңді маған енді айтып берші! Қазір құлағым жақсы естиді, – дейді түлкі қулана. Шелпек ән айтады. 23
  • 24. – Жүйрікпін мен тәсілқой, осы менің әнім ғой! Жей алмайды тек мені, жеткізбеймін өйткені! – дейді мақтанып. Араны ашылған түлкі: – Ал мен жеймін! – деп, Шелпекті бас салады. Осы кезде тепе-теңдігін жоғалтқан Шелпек суға түсіп, жоқ болады. Сөйтіп, Шелпек шошақайлығының арқасында өзенге ағып кетіп, ал асыққан түлкі қанша талпынса да, тәтті Шелпектің дәмін татып көре алмаған екен. 24
  • 25. тап ығын шыл ырма Ай Шоша ай Шелпек ашып кеткенде кемпір андай сезімде болды? Сәйкес келетін эмоцияны көрсет. 25
  • 26. енд ір кест Сәй Әр айсысыны көле келерін тап. a 26 2 ə 3 б Жауабы: 1 – в, 2 – г, 3 – а, 4 – б, 5 – ə. 1 4 в 5 г
  • 32. жол рман ыты Ш Әжейді шоша ай Шелпекті уып жетуіне көмектес. Жолды көрсет. 32