Әт-Таифәтул- мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл Ғалымдар
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Әт-Таифәтул-мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл ғалымдар 
Аллаһ елшісі (оға...
Имам Ибн Хиббән бір тараудың атын: “Қиямет Күнге дейін хадис ғұламаларына көмек көрсетілетіндігі туралы ескерту” деп атап,...
Próxima SlideShare
Cargando en…5
×

Әт-Таифәтул-мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл Ғалымдар

284 visualizaciones

Publicado el

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Әт-Таифәтул-мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл ғалымдар

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімдегі бір топ адам ақиқатты ашық ұстануды тоқтатпайды, әрі ол (топқа) қарсы шыққандар оларға ешқандай зиян тигізбейді!» әл-Бухари 4/187.
Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімнен бір топ адам Қиямет Күнге дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» Муслим 1037.
Сонымен қатар пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін бір топ адамның болуы тоқтамайды!» әт-Тирмизи 2192, Ибн Хиббән 6834, Ибн әл-Джә’д 1076. Хадистің сенімділігін имам Әбу Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбәни растады.

Жоғарыда аталып өткен хадистерде жеңіске жететін топтың мынадай ерекшеліктері сипатталған:
1. Олар ақиқатты ашық және айқын ұстанады;
2. Олар Қиямет Күнге дейін ақиқат үшін соғысады ;
3. Оларға үнемі Аллаһ Тағаланың көмегі мен жеңісі беріледі.

Publicado en: Educación
0 comentarios
0 recomendaciones
Estadísticas
Notas
  • Sé el primero en comentar

  • Sé el primero en recomendar esto

Sin descargas
Visualizaciones
Visualizaciones totales
284
En SlideShare
0
De insertados
0
Número de insertados
3
Acciones
Compartido
0
Descargas
2
Comentarios
0
Recomendaciones
0
Insertados 0
No insertados

No hay notas en la diapositiva.

Әт-Таифәтул-мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл Ғалымдар

  1. 1. Әт-Таифәтул- мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл Ғалымдар
  2. 2. Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Әт-Таифәтул-мәнсура (жеңіске жететін топ) – бұл ғалымдар Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімдегі бір топ адам ақиқатты ашық ұстануды тоқтатпайды, әрі ол (топқа) қарсы шыққандар оларға ешқандай зиян тигізбейді!» әл-Бухари 4/187. Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімнен бір топ адам Қиямет Күнге дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» Муслим 1037. Сонымен қатар пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін бір топ адамның болуы тоқтамайды!» әт-Тирмизи 2192, Ибн Хиббән 6834, Ибн әл-Джә’д 1076. Хадистің сенімділігін имам Әбу Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбәни растады. Жоғарыда аталып өткен хадистерде жеңіске жететін топтың мынадай ерекшеліктері сипатталған: 1. Олар ақиқатты ашық және айқын ұстанады; 2. Олар Қиямет Күнге дейін ақиқат үшін соғысады ; 3. Оларға үнемі Аллаһ Тағаланың көмегі мен жеңісі беріледі. «Жеңіске жететін топ» кімдер екендігіне туралы үмметіміздің ұлы имамдарының айтқан сөздері: Ибн әл-Мубәрак айтады: “Олар – хадис ғұламалары (әсхабул-хадис)”. Қараңыз: “Шәрафу әсхабил-хадис” 26. Ибн Мәдини айтады: “Олар – хадис ғұламалары”. Қараңыз: “Сунәну- Ттирмизи” 6/356. Имам Ахмад айтады: “Егер олар – хадис ғұламалары болмаса, онда мен олардың кім екендігін білмеймін!” әл-Хәким “Мә’рифәту ‘улюмил-хадис” 4. Ахмад ибн Синән айтады: “Олар – сәләфтардың жолымен жүретін білім иелері!” Қараңыз: “Шәрафу әсхабил-хадис” 26. Имам әл-Бухари пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен бір топ адам Қиямет Күнге дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» - деген хадисін келтіріп: “Олар – білім иелері!” – деді. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 13/205.
  3. 3. Имам Ибн Хиббән бір тараудың атын: “Қиямет Күнге дейін хадис ғұламаларына көмек көрсетілетіндігі туралы ескерту” деп атап, мына хадисті келтірді: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін бір топ адамның болуы тоқтамайды!» Қараңыз: “Сахих Ибн Хиббән” 1/153. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Адамдардың арасынан «Жеңіске жететін топ» болуға баршадан көбірек лайықтылар – бұл хадис пен Сүннетті білетін ғалымдар”. Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 3/347. Жоғарыда атап өткен ғалымдардан басқа, жеңіске жететін топ – бұл ғалымдар мен хадис ғұламалары екендігі туралы сәләфтар және оларға ілесуші мына имамдар да айтқан: Язид ибн Харун, Ибн Қутайбә, әт-Тирмизи, Ибн Джәрир әт-Табәри, Ибн Әбу ‘Асым, әл-Әджурри, Ибн Бәтта, әл-Ләләкәи, әл- Хәким, Хатыб әл-Бәғдади, Ибн Сабит, әл-Бәғауи, Ибн әл-Джәузи, Ибн Муфлих, әш-Шәтыби, Ибн Әбил-‘Изз, ән-Нәуәуи, Ибн Хәджәр, Ибн Раджәб, әл-‘Айни, әс-Саффәрини, әл-Қасталәни, әс-Синди, Әбу Бәтын, Сиддық Хасан Хан, Шәмсуль-Хақ ‘Азым Әбәди, Ахмад әл-Хакими, ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди, әл- Әлбәни, ‘Убәйдуллаһ әл-Мубәракфури, Ибн Баз, Хамәд әл-Әнсари, Ибн ‘Усәймин және т.б. Онымен қоса, барлық әһлю-Сунна ғалымдары таифәтул- мәнсура – бұл білім иелері екендігіне бірауызды келіскен. Имам ән-Нәуәуи айтады: “Ғалымдар «таифәтул-мәнсура» - бұл білімді алып жүрушілер екендігіне бірауызды келіскен”. Қараңыз: “Тахзибу әсмәи уә-ллюғат” 1/18. Аллаһ жақсырақ біледі! Дерек көзі: Әл-Ханифия форумы

×