Successfully reported this slideshow.

22ұқұққ

425 visualizaciones

Publicado el

88888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888885555555555555555

Publicado en: Educación
  • Sé el primero en comentar

  • Sé el primero en recomendar esto

22ұқұққ

  1. 1. Рахметова МаржангульЖаныбековна ШҚО Глубокое ауданы Черемшанка ауылы «Черемшанка орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабақтың түрі: ашық сабақ Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 3-сынып Сабақтың тақырыбы: «Туған күн» Сабақтың мақсаты: «Туған күн» тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету. 1. Білімділік – модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау, тексеру. 2. Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. 3. Тәрбиелік – оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа, қонақта тәртіп сақтауға баулу, достарын туған күнімен құттықтауды міндетті әдетке айналдыруға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: АКТ, жас ерекшеліктері бойынша оқыту, ойын, сұрақ-жауап, оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогті оқыту), өздігінен бағалау. Түрі: Қайталау. Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, өзін-өзі тану. Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, түрлі түсті фишкалар, күн, торт, сыйлықтар. Күтілетін нәтиже: Сұрақтар құрай алады, сурет бойынша әңгімелейді, тәуелдік жалғауларын жалғап сөйлемдер құрай алады, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойын жеткізеді. Формативті бағалау нормасы: -тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық, 3 ұпай) -тапсырманы жақсы орындаса (жақсы, 4 ұпай) -тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы, 5 ұпай) Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің әрекеті: Оқушының әрекеті: Уақыты: І. Ұйымдастыру кезеңі: • Амандасу. • Психологиялық дайындық. • Тіл дамыту. • Сабақтың тақырыбын, барысын айту. • Топқа бөлу. 1.Орнымыздан тұрайық, Амандасып алайық, Ұқыпты тыңдап сабақты Жақсы баға алайық. 2. Сұрақтар қояды. 3. Дарханның туған күніне баратындарын айтады. 4.«Молекула» ойынын ойнату. 1.Амандасады. 2.Оқушылар жауап береді. 3.Дарханның туған күніне барады. 4.Оқушылар молекулаларға бөлінеді. 1 мин. 1 мин. 1 мин. 1 мин. • Дәптермен жұмыс. 5. Мұғалім бүгінгі күнді, табақтың тақырыбын айтады. 5. Оқушылар дәптерлеріне күнді, сабақтың тақырыбын 2 мин.
  2. 2. • Фонетикалық жаттығу. (Көркем жазу минуты) 6. Шашу шашады. -Балалар, бұл кәмпиттер ерекше. Шашудың ішінде тапсырма бар. Сол тапсырманы орындайық. Сөздер: ту...ан күн, қ...ттықтаймын, сыйлы..., г...лшоғы, к...рші, келд..., с...ныптас, ма...ан, әкелд..., ра...мет, берд..., т...рады, ...ашан? жазады. 6. Кәмпиттердің ішіндегі сөздердің түсіп қалған әріпін тауып жазады. 3 мин. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: • Грамматикалық жаттығу. • Оқушылардың дайындап келген шығармашы-лық жұмыстары. 1.Тәуелік жалғауын сұрау. 2.«Түйебас» ойыны. І топқа: І жақ Менің туған күнім ІІ жақ Сенің туған күнің Сіздің туған күніңіз ІІІ жақ Оның туған күні ІІ топқа: І жақ Менің сыйлығым ІІ жақ Сенің сыйлығың Сіздің сыйлығыңыз ІІІ жақ Оның сыйлығы ІІІ топқа: І жақ Менің қонағым ІІ жақ Сенің қонағың Сіздің қонағыңыз ІІІ жақ Оның қонағы 3.Сыйлықтарды алады. 1.Оқушылар кезекпен айтады. 2.Оқушылар қима қағаздардағы тәуелденген сөздердің дұрыс орнын тауып орналастырады. 3.Оқушылар туған күн иесіне сыйлықтарын сыйлайды. 1 мин. 3 мин. 3 мин. ІІІ.Оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі: • Топ арасындағы диалог. • Сергіту сәті. 1.«Білім қабы» ойынын ойнату. 2.Мұғалім сергітуді жасатады. Бір, екі, үш, Қарлығаштай ұш. 1. Оқушылар қапты лақтыру арқылы бір- біріне сұрақтар қойып, жауап алады. 2. Оқушылар сергітуді жасайды. 6 мин. 1 мин.
  3. 3. • Жазылым: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар. Төрт, бес, алты. Қарлығаштай қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Өз орныңа қон. 3. Торттар берілген. Торттың бөліктерінде тапсырмалар берілген. Күрделі тапсырма: «Менің туған күнім» тақырыбына шағын шығарма жаз. (4-5 сөйлемнен тұратын) Орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырма: Сұрақтарға жауап жаз. 1. Бүгін кімнің туған күні? 2. Әкең не сыйлады? 3. Анаң не сыйлады? 4. Сыныптасың не сыйлады? 5. Көршің не сыйлады? Жеңілдетілген тапсырма: Көшіріп жаз. Кітап. Кітап сыйлаймын. Досыма кітап сыйлаймын. Мен досыма кітап сыйлаймын. 3. Оқушылар торттың бөліктерінің астында жазылған тапсырмаларды өз қалауы бойынша таңдап, орындайды. 10 мин. ІV. Қорытындылау: • Туған күн иесіне тілек жазу. «Мен сізге жазамын ...» ойыны. Мұғалім үш топқа туған күн иесінің аты жазылған парақты береді. -Мына парақта туған күн иесінің аты жазылған. Сендер туған күн иесін туған күнімен құттықтап, оған не айтқыларың келеді, соның бәрін жазыңдар: жақсы сөз, тілек. Бұл сурет те болуы мүмкін. Оқушылар параққа тілек жазады 6 мин.
  4. 4. Сенің жазғаныңды басқа адам оқып қоймас үшін, сен парағыңнын төменгі жағын бүкте. Содан соң бұл парақты сол жақта отырған көршіне бер. Ойын соңында әр топтан бір оқушы шығып парақты оқиды. V. Бағалау: Бағалайды. Бір-бірін мұғалімнің көмегімен бағлайды. 3 мин. VІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі: Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіріп береді. Оқушылар үй тапсырмасын көшіріп жазады. 1 мин. VІІ.Рефлексия. «Күн» Рефлексия жүргізеді. Тақтада күннің ортасы ілінеді, оқушыларға көк және сары түсті күннің нұры таратылады. Оқушылар нұрды күнге апарып ілуі керек. Сары түсті – маған сабақ ұнады, көк түсті – маған сабақ ұнаған жоқ. Оқушылар рефлексияны орындайды. 2 мин.

×