SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 52
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
«Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы
«Фармакология негіздері»
пәнінен теориялық сабақтарға арналған дәрістер жинағы
Шымкент-2017 ж.
2
ӘӨЖ 636.09 (07)
К 86
Құрастырған: Курбанова Г. «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының
арнайы пән оқытушысы.
Пікір білдірушілер:
С. Тулеметова- а.ш.ғ.к. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Ветеринария» кафедрасының аға
оқытушысы.
О.Хожамжаров- а.ш.ғ.к. Шымкент аграрлық колледжі «Ветеринария» кафедрасының
оқытушысы
Тірек конспекті - 1513000-«Ветеринария» мамандығы бойынша типтік және
күнтізбектік тақырып жоспарына сәйкес техникалық және орта кәсіптік білім беру
ұйымдарына арналған.
Тірек конспекті техникалық және орта кәсіптік білім беру студенттеріне бейімделіп
жазылып, дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, олардың фармакодинамикасы
мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, егу , бөліну жолдары, әрбір жеке дәрілік
заттың жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, әсер ету
ерекшеліктері, тиімділігін арттыру жолдары жөнінде толық мағлұматтар берілген.
«Фармакология негіздері» пәнінен дәріс жинағы: Шымкент аграрлық колледжі,
Шымкент-2014 ж. 50 - бет
«Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының мәжілісінде қаралып,
Хаттама № 8 28.03. 2014 жыл.
Шымкент аграрлық колледжінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып басылымға
ұсынылды.
Хаттама № 4 30. 04.2014 жыл.
3
Алғы сөз.
Егемендігін енді ғана алып ,аяғын тәй-тәй басып келе жатқан еліміздің
экономикасын көтеріп, сол арқылы тәуелсіздігіміздің бірден-бір нышаны көк
байрағымыздың тұғырынан таймай тұруына ауыл шаруашылығының, атап айтқанда –
мал шаруашылығының үлесі зор екені баршамызға аян.
Бірақ, мал ауруларының алдын алып, ауырған малды емдеу жағы малшылар
алдындағы шешімін түгел таппаған үлкен мәселелердің бірі болып қала берді. Мал
аураларының алдын алып, емдеу үшін қолданылып келген өсімдіктерден алынған дәрі-
дәрмектермен қатар малды жүйелі түрде күтіп баптау ,жаз- жайлауда ,қыс-қыстауда
ұстау өз нәтижелерін бергенімен ,мал ауруларынан толық арылта алмады.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығындағы үлкен проблемалардың
бірі малдан алынатын азық-түлік өнімдері мен отандық өндірістерге керекті
шикізаттардың молшылығын жасау арқылы Қазақстан экономикасының нығая түсуіне
тиісті деңгейде зор үлес қосу.Осы тұрғыдан алғанда мал ауруларын емдеп ,алдын алу ,
олардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруда «Фармакология» ғылымының қосар
үлесі зор.
Тірек конспекті үш бөлімнен тұрады: Рецептура, жалпы фармакология және жеке
фармакология.
Рецептурада дәрілік формалар, рецептің жазылу жолдарын, дәрілік түрлердің
технологиялары, дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелері
қарастырылады.
Жалпы фармакологияда дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары,олардың
фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері,
дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы, егу, бөліну жолдары және басқада
мәселелері айтылады.
Жеке фармакологияда әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда айтылғандардан басқа
физикалық, химиялық қасиеттері ,әсер ету ерекшеліктері жан-жақты сөз болады.
Қадірлі оқырман, «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ» дегендей
жазылған оқулықта кемшіліктер болуы мүмкін.Талғамы биік, талабы жоғары
оқырманның сын-ескертпелерін білдіргендерге кітап авторы алдын ала алғысын
айтады.
4
Мазмұны.
1. Алғы сөз......................................................................................................................................3
2. Кіріспе.........................................................................................................................................5
3. Дәріс №1.Тақырыбы: Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы.............5
I Бөлім.Рецептура..........................................................................................................................9
4. Дәріс №2.Тақырыбы: Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы
түсінік..............................................................................................................................................9
5. Дәріс №3.Тақырыбы: Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік
формалар.......................................................................................................................................11
II Бөлім. Жалпы фармакология................................................................................................16
6. Дәріс №4.Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрі-дәрмекті
мөлшерлеу....................................................................................................................................15
7. Дәріс №5.Тақырыбы: Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары. Дәрілердің ағзаға таралуы
биотрансформациясы.Дәрі-дәрмекпен улану
III Бөлім.Жеке фармакология....................................................................................................19
8. Дәріс №6.Тақырыбы: Микробтарға және паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер...............19
9. Дәріс №7.Тақырыбы: Химиотерапиялық дәрілер..............................................................21
10. Дәріс №8.Тақырыбы: Антигельмиттік дәрі-дәрмектер.....................................................25
11. Дәріс №9.Тақырыбы: Инсектоакарацидтік және дератизациялық дәрі-
дәрмектер......................................................................................................................................28
12. Дәріс №10.Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер..............33
13. Дәріс №11.Тақырыбы: Зат алмасу процесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер....................35
14. Дәріс №12.Тақырыбы: Бордақылауға және төлдерді өсіруге қолданылатын дәрі-
дәрмектер.Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау.........................................................40
15. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................................49
5
Кіріспе
Дәріс №1.
Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы.
Жоспары:
1. Фармакология туралы жалпы түсінік .
2.Фармакологияның қысқаша даму тарихы.
Фармакология – дәрілер, дәрілік заттар туралы ілім (гр.pharmakon – лекарство – дәрі,
Logos – учение – оқу, ілім).
Дәрілерді ауруларды емдеуге,алдын алуға,жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін
арттыруға, олардың ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтіп, физиологиялық
құбылыстарды бірқалыпты өтуін реттеуге қолданады.Қазіргі уақыт талабына сай
жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен осы бағыттың барлығында да дәрілік
заттардың маңызы артып отыр. Мал шаруашылығын өндірістік негізде дамыту
дәрілерді белгілі тәсілдермен қолданып қана қоймай оларды күнделікті жем-
шөптік,азықтық заттармен қосып беруді талап етеді.
Фармакология- ауқымы кең ғылым. Оны медицинада, ветеринария,мал шаруашылығы,
биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтездеп, олардың табиғатта
таралуын іздестіруге колданады.
Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы дәрілер туралы әртүрлі анықтамаларды
қажет етеді.Сол себепті әртүрлі саладағы мамандарға бұл ғылымның мазмұны бірдей
бола бермейді.Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі организмдегі
физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы заңдылықтарға
сүйене отырып дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның әсерінен болатын
өзгеріс көрсеткіштерін малдәрігерлік тұрғыдан зерттейді. Міне, сондықтан да, бұл
ілім дәрілік заттардың тәжірибе жүзінде малдәрігерлеріне өте қажетті барлық
деректерін зерттеп, жинақтайтын ілім.
Бүгінгі таңда эксперименталды және клиникалық фармакологияның алдында
тұрған мақсат - дәрілік заттардың тек жалпы организмге ғана әсерін емес,
олардың молекулалық және субмолекулалық деңгейдегі әсер ету механизмін
зерттеу. Олай болса, фармакология қазіргі түсінік бойынша-физиологиялық
жүйелердің дәрілік заттармен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының
заңдылықтарын зерттейтін ілім.
Ал-малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз
және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім.
Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе - ол малдың өсімін
көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан
таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу.
Фармакологияға берілген анықтамадан оның ветеринарияда қолданылатын барлық
дәрілік заттарды зерттейтінін көреміз. Бір ескерте кететін жәйт –әрбір дәрілік заттың
толық емдік әсері,олардың қолданылуы туралы шарттарын түгел сақтағанда ғана
көрінеді.Олардың біреуі бұзылса дәрілер әлсірейді,ал екінші біреулері бұзылса –олар
улы әсер етеді немесе өлімге душар еткізеді. Дәрілердің әсерінен болатын өзгерістерді
толығырақ түсіну үшін химияның, биологияның , медицина және ветеринария
ғылымдарының қазіргі жетістіктерінтолық қолдану керек.
Қазіргі ғылыми жетістіктердің ішіндегі өзектісі — ол дүниежүзілік тәжірибеде
кеңінен қолданылып келе жатқан, жаңадан ашылған дәрілер арқылы тиімді емдеу
әдістерін тауып, оны өндіріске еңгізу. Жаңадан ашылған дәрілік заттар ауруларды
емдеудегі көзқарасты түбірінен өзгертуі мүмкін. Кей кезде тіпті қолданылып жүрген
дәрілік заттардың қолдану әдісін өзгертудің өзі оның тиімділігін бірнеше рет арттыра
түсуі мүмкін. Мысал ретінде тыныс алу жүйесінің ауруларын дәрілік заттарды
6
аэрозоль, немесе оксигенозоль ретінде тыныс алу жолдары арқылы деммен жіберіп
(ингаляциялы түрде) емдеу әдістерін келтіруге болады.
Дәрілік заттар қоры (арсеналы)- әртүрлі негіздерден тұратын жаңа, әрі бағалы
препараттармен үнемі толықтырылып отырады.Алғашқы кездері дәрілік заттар тек
өсімдіктерден ғана алынатын .Өсімдіктер әлемі әліде болса ,дәрі-дәрмектік заттардың бай
көздері болып табылады. Соңғы жылдары микроорганизмдер де жиі колданылып
жүр.Олардан өте белсенді және өзіне ғана тән ерекше әсері бар
антибиотиктерді,витаминдерді, амин қышқылдарын және басқада заттарды бөліп алуға
болатыны анықталғаннан кейін , микробиология өнеркәсібі дами бастады. Осы
бағыттағы ізденістер бұдан былайғы кездерде де жаңа дәрілік заттардың алынуына
мүмкіндік туғызады.
Мал өнімдерінен бағалы, құнды препараттар дайындау кеңінен өріс алуда.
Мысал ретінде қанның сары суынан дайындалатын препараттар, инсулин, гепарин,
тимоген, тимолин және т.б.Бұл бағыттарда әлі ашылмаған жаңалықтар ұшан-теңіз.
Қазіргі кезде дәрілерді синтез арқылы алу кеңінен өріс алған. Бұл әдістің
болашағы мен мүмкіншілігі өте зор. Қазірде синтездеу арқылы белгілі бір бағытта
әсер ететін дәрілерді алудың мүмкіндігі туып отыр.
Көптеген жағдайларда дәрілерді таза түрінде алудың маңызы зор. Ол үшін
құрамында сол дәрілер бар өсімдіктер, фермент қорытатын микроорганизмдер, мал
тіндері пайдаланылады.
Мал ауруларын емдеу үшін, аурудың алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар,
препараттар, дәрілік формалар күнделікті өмірде дәрілер немесе дәрі-дәрмектер
деп аталады.
Фармакология пәні көптеген теориялық (физиология, патологиялық физиология,
биохимия) және клиникалық (хирургия, терапия, эпизоотология, акушерства,
паразитология және т.б.) пәндермен тығыз байланыста. Фармакология саласындағы
жетістіктер ол пәндердің дамуына оң әсер етері сөзсіз. Адамзат миллиондаған жылдар бойы
ауруларды емдеу туралы тәжірибелерін мысқылдап жинап, ұрпақтан ұрпаққа бере отырып
қазіргі дәрежеге жетті. Бұл туралы Марк Аврелия Цицеронның мына бір сөзі дәл айтылған
сияқты: «Күні кешке дейін оқ атқан кісі кейбір кезде нысанаға дәл тигізеді».
Медицина мен ветеринарияда бірдей қолданылатын препараттардың жиынтығы мен
оларға қойылатын талаптар Фармакология комитеті мен денсаулық сақтау Министрлігіне
қарайтын Мемлекеттік фармакопея комитетінде қаралатын болса, ал ветеринарияда ғана
қолданылатын препараттарауылшаруашылығы Министрлігіне қарайтын ветеринарлық
Департаментте қаралады.
Дәрілік заттар организмде ешқандай биохимиялық немесе физиологиялық тұрғыдан
жаңа құбылыстар тудырмайды,тек қана осы құбылыстарды күшейтеді немесе әлсіретеді.
Фармакологияның ғылыми бағыттары:
1.Рецептура - рецепт жазу ережелері, дәрілік заттарды дайындау, сақтау және аптека
арқылы босату туралы ілім. Алға қойылған мақсатына қарай дәрігерлік және
фармацевтикалық болып бөлінеді.
2.Фармация - комплекс тәндерді қамтиды: фармацептикалық химия,
фармакогнозия, дәрілік заттарды дайындау технологиясы, фармацептикалық істі
ұйымдастыру және оның экономикасы. Оның ішінде фармацептикалық химияның
алатын орны ерекше: дәрілік заттарды алу тәсілдерін, олардың қасиеттері мен
сапасына анализ жасау әдістерін оқытумен айналысады.
3.Фармакокинетика - бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда
таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім. Дәрілік заттардың
организмге сіңуінің, таралуының, метаболизмінің және экскрециясының кинетикасын
7
зерттейді. Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық
әсерлерін анықтайды.
4.Клиникалық фармакология - дәрілік заттардың организммен өзара қарым-
қатынасын зерттейтін ілім. Негізгі мақсаты — жаңа препараттарды клиникалық
тексеруден өткізу, ескі препараттарға қайта баға беру, тиісті ауруларды емдеу үшін
препараттарды таңдап алу, олардың пішіні мен организмге жіберу жолдарын
анықтау, әсерін мониторлы қадағалау, кері әсерлерінен сақтандыру.
5.Токсикология - улар, олардың қасиеттері мен әсерлері, емдеу және алдын алу
туралы ілім.
6.Фармакогенетика - жеке малдың дәрілік заттарға генетикалық тұрғыдан
сезімталдығын, организмнің қалыпған тыс жауабының алдын алу, оны реттеу
(коррекция), дәрілік заттардың мутагендік әсерін зерттеу.
7.Радиациялық фармакология радиациялық лас жағдайында организмге әсерін
зерттеу.
8.Психофармакология - дәрілік заттардың орталық нерв жүйесіне әсерін зерттеу.
9.Биохимиялық фармакология - организмдегі биомолекулалар мен
дәрілік заттардың өзара реакцияларын зерттеу. Негізгі мақсаты - бірінші
фармакологиялық реакцияның химизмін анықтау.
10.Стресс-фармакология - организмнің стресс жағдайын дәрілік заттар
арқылы реттеу (коррекция), стресске қарсы қолданылатын препараттарды тиімді
қолдану әдістерін іс жүзінде тексеріп, тәжірибеге енгізу.
11.Иммунофармакология - дәрілік заттардың организмнің иммундық
статусына әсерін зерттеу.Негізгі мақсаты - жаңа иммуностимуляторлар мен
иммунодепрессан ттарды іздеп табу, оларды қолданудың керекті үлгісін жасау.
12.Экологиялық фармакология - дәрілік заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу,
олардың экологияға кері әсерлерін азайту жолдарын, тәсілдерін іздеп табу, іске асыру.
Фармакологияның дамуының қазіргі кезеңінде әсіресе генетикалық және
экологиялық фармакология бағыттарына көп көңіл бөлінуде. Сыртқы органы сақтап
қалу және планетадағы өмірді қорғау осы екі бағытқа тікелей байланысты.
Жаңа препараттарды шығару жөнінде фармакология және фармацептикалық өндіріс
XX тасырдың екінші жартысынан бері қарай көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі
кезде қолданылып жүрген препараттардың 60-90 %-ы осыдан 20-30 жыл бұрын
белгісіз препараттар. Дәрілік препараттарды жасап шығару өте күрделі және ұзақ
процесс. Оны бірнеше сатыға бөлуге болады:
Жеке, немесе комплексті дәрілік затты іздеуге жоспар құру, алынатын көзін
анықтау;
Дәрілік затты алу;
Жаңа препаратты бірінші рет лабораториялық малдарға тексеру. Дәрілік
заттың жағымсыз жақтарына көңіл бөледі: улылығына, концерогендігіне,
тератогендігіне, иммуногендігіне, ауруға тиімділігіне;
Жаңа препаратты тереңірек тексеру, бұрынғы
белгілі препараттармен салыстыру; Фармакологиялық комитетке тапсыру;
Жаңа препаратты клиникалық тексеруден өткізу; Клиникалық тексерудің нәтижесін
екінші рет фармакологиялық комитетке тапсыру; Препаратты өндірісте шығару
технологиясын дайындау.
Жалпы фармакология - дәрілік заттар мен организм арасындағы өзара
қарым-қатынастың заңдылықтарына тоқталады;
Жеке фармакология - әрбір дәрілік заттардың организмге тигізетін жеке
әсерлеріне тоқталады.
8
Дәрілік заттардың М.Д.Машковсий, В.Д.Соколов, Г.И.Горшков, М.И.Рябинович,
Н.А.Андреевалар ұсынған классификациясы кеңінен қолданылады. Ол бойынша
барлық дәрілік заттар 5 топқа жіктеледі:
Нейротропты дәрілік заттар;
Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметтерін реттейтін дәрілік заттар;
Тіндердегі зат алмасу процесіне әсер ететін дәрілік заттар;
Стрессті, мал өнімін және иммундық статусты реттейтін дәрілік заттар;
Микробтарға, вирустарға және тоғышаларға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
Дәрілік заттар агрегаттық жағдайларына қарай 4 түрлі пішінде болады: қатты,
жұмсақ, сұйық және газ түрінде. Олардың улылықтарына қарай: улы, күшті әсерлі және
улылығы аз препараттар деп бөлінеді.
Дәрілердің тиімділігі жөніндегі қорытынды клиникалық зерттеулердің
нәтижесінде ғана беріледі Міне, сондықтан да клиникалық фармакологияға көп
көңіл бөлінуде.
Фармакологияның қысқаша даму тарихы.
Қазіргі фармакология - басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйенген алдыңғы
қатарлы ғылым.Әртүрлі қоғамдық таптар кезінде ол үнемі кеңейіп, толықтырылып
отырылды.Тіпті өте ерте кезінде анықталған құнды деректер қазірдің өзінде де
маңыздылығын жойған жоқ, әліде қолданылады. Аса бай тарихи мұрадан ең
маңыздысы- дәрілік заттардың негізгі көзін ( өсімдіктерден, жануарлардан синтездеу
арқылы) және олардың әсер етуі мен қолданылуын оқып- үйрену болып табылады.
Осы мәселелердің барлығыда медицина мен ветеринария салаларында ортақ бола
алады.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу.Өте ертедегі тарихи мұраларды зерттей отырып, біздің
дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген адамдардәрілік
өсімдіктердің адам және жануарлар организміне тигізетін әсері бар екенін білген. Сол
кездерде қолданылған кей бір препараттар (еменнің қабығы, ақбас жусан,ақ тамыр дәрі)
өздерінің маңызын жоймағаны былай тұрсын, қайта кейбір синтетикалық препараттарға
негіз болды. Фармакологиялық тұрғыдан өсімдіктер түгелімен әсер етпейді,олардың
әсер ететін құрамдас бөліктері болады.Осы құрамдас бөліктердің құрылысы мен әсер
етуі жағынан осыған ұқсас қосылыстар алынады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде дәрілік заттардың жиынтығы толықтырылып,
қолдану аясы кеңейе түсті.
Ертедегі Үнді елінде фармакология өзіне тән ерекшелікпен және өте күшті
қарқынмен дамыды.Олардың «Веда» деген қасиетті кітабында 800-ге жуық дәрілік
заттар жазылған.Б.д.д. кезеңнің өзінде Тибетте ,соңынан монғол елінде
фармакологиялық нұсқаулар жазылып, қазіргі кезде Тибеттік және Монғолдық
медицина ретінде белгілі болып отыр.Өте ескі қолжазбаларға- біздің дәуірімізге дейінгі
3 ғысыр бұрын жазылған өсімдік, жануар және минералды тектес дәрілер туралы Қытай
қолжазбалары жатады.Осының бәрі ертедегі Греция мен Римдегі фармакологияның
дамуына едәуір ықпалын тигізді.
Осы кезеңге байланысты дәрі-дәрмектер туралы толық әрі ғылыми тұрғыдан ұтымды
тұжырымды Гиппократ( Б.д.д. 4-3 ғ.ғ) ,Гален (Б.д.д. 2ғ.ғ),Абу Али ибн Сина (Авиценна
10-11 ғ.ғ.),Филиппус Теофрастус фон Гогенхейм және де басқа ғалымдар жасады. Осы
азғана деректерге сүйене отырып, олар патологияның, емдеу мен аурудан жазылудың
материалистік теориясын жазды және көптеген жаңа препараттарды анықтап берді.
Олардың кейбіреулері осы уақытқа дейін өз маңызын жойған жоқ.
9
Бақылау сұрақтары.
1.Дәрілік заттарды қолданатын негізгі бағыттар.
2.Фармакологияның мақсаты мен міндеті.
3.Фармакологияның даму тарихы және басқа пәндермен байланысы.
4. Фармакологияның ғылыми бағыттары.
5.Дәрілік заттардың кең тараған жіктелуі.
6.Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділіктерін сипаттайтын көрсеткіштер.
7.Фармакологияның құрамдас бөліктері.
I Бөлім.Рецептура
Дәріс №2. Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы түсінік.
Жоспар:
1.Рецептура туралы түсінік
2.Рецептің жазылу үлгісі
Рецептура – дәрілердің жазылу ережелерін және дайындалуын зерттейтін ғылым.
Рецептура мына бөлімдерді қамтиды:
1. Дәрілік заттар.
2. рецептің жазылу жолдарын анықтайды.
3. дәрілік түрлердің технологиясы.
4. дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелерін қамтиды.
Дәрілік түр дегеніміз – қандайда бір дәрілік заттың жануарлар организміне қажетті
түрде енуі. Дәрілер консистенция түріне қарай қатты, жұмсақ, сұйық болып бөлінеді.
Фармакология – бұл жалпы мемлекеттік стандарт жиыны және тарауы, дәрілік заттың
сапа нормасын зерттейді. Дәрілік заттың қай мекемеде, ұйымда қолданылуын, сақталуын,
дайындалуын заң жүзінде тексеріп, зерттейді.
Рецепт – ауру малға дәрілік түрдің дайындалу, жіберу, қолдану әдісін көрсету арқылы
мал дәрігерінің жазбаша түрде беруі.
Рецепт – жауапты құжат болып табылады. Дәріні рецепт түрінде жазып, өткізген
адам заңды түрде жауапты болып саналады.
Рецептте көрсетіледі:
- дәріні қандай көлемде босату керек.
- Қандай дәрілік түрде дайындау керек.
- Қандай малға дайындау керек
- Қандай әдіспен
- Қанша мөлшерде
- Қанша уақытқа дейін
Рецепт анық, нақты көлемі 105*148 мм парақта жазылуы тиіс.
Парақтың екі жағынан 3-4 см көлемінде қалдырылуы тиіс, бұл жерге фармацевтің
түсіндірмесі жазылады. Қатесі жөнделген рецепт қабылданбайды. Бір бланкіге 1 рецепт
жазуға болады, екінші рецепті жазу үшін арасына # белгісін қою арқылы жазамыз. Егер
де тез арада берілетін дәрі болса онда (citо) быстро-тез деген белгі қойылады: немесе
(statum) (тoтчac) дәл қазір немесе Antidotum (противоядие) уға қарсы. Осы рецептпен
аптекада дайындалып, кезектен тыс босатылады. Рецепт мына бөлімдерден тұрады:
1. Inseriptio - заглавие – кіріспе.
Мұнда мекеменің мөрі, аты, адресі, телефоны кіреді. Рецепт жазылған
күн – Datum.
Nomen aegroti – ауру мал жайлы мәлімет малдың түрі, аты, жасы, егесі жайлы
мәлімет.
Nomen medici - рецепт жазған мал дәрігерінің аты-жөні.
10
2. Praepositio –мал дәрігерінің фармацевке жолдауы. Мына сөзбен – Recipe –
возьми – ал қысқаша «Rp».
3. Designatio materiarum – дәрілер тізімі – бұнда даярланған дәрілер тізімі кіреді.
Бұл бөлімде дәрілер латын тілінде жазылады. Әр дәрі жаңа жолдан жазылады. Жазылған
дәрінің соңына мөлшері көрсетіледі.
Мысалы
10 грамм – 10,0
5 дециграмм – 0,5
Сұйық түрлер – миллилитрмен –мл белгіленеді. Егерде мөлшерін қайталайтын
болса, ana (аа) – бірдей деген белгі қойылады.
Дәрілердің белсенділігі бірлік әсермен белгіленген болса, онда граммның орнына ЕД
қойылады.
Мысалы
Benzylpenicillinum natrii 500000 ED. Рецепте бірінші кезекте басты
дәрілер жазылады. Формасын өзгертетін дәрілерді белгілі бір форма болғанша
қосады, оның мөлшері жазылмайды, сондықтан оған guantum satis – q.s – керегінше ал
деп белгі қойылады.
4. Subscriptio – дәрілік форманың дайындалуын көрсету.
Misce fiat – M.f – араластыр, осылай болсын.
Мысалы: M.f. pulvis – араластыр, ұнтақ болғанша.
5. Signatura - бұл “Dasigna”. D.s – босатылсын. Бұл бөлім ана тілінде жазылады.
Дәріні қалай қолдану, қанша мөлшерде, қай уақыт аралығы екені көрсетіледі.
6. Nomen medici – рецептің соңына мал дәрігерінің қолы қойылады.
Рецепте мекеменің мөрі басылмаса онда, мал дәрігерінің мөрі және
қолы қойылады.
Улы және күшті әсер ететін заттар рецепте жазылған кезде, міндетті түрде мекеме
мөрі және мал дәрігерінің мөрі, қолы болуы тиіс. Егер рецепт қағаздың екі бетіне
жазылатын болса, онда рецепт соңына Verte – аудар деген сөз жазылады.
Рецепті тағы да қолданатын болса, онда “Repetatur” – қайталансын деген сөз
жазылады. Рецепте наркотикалық және улы заттар – 5 тәулікке жарамды. Ұйқы келтіретін,
нейролептикалық -10 күнге жарамды. Ал қалған дәрілер -2 айға дейін жарамды болып
табылады.
Рецептің жазу үлгісі
А. Жай рецепт
Мекеменің мөрі:
Рецепт жазылған күн: 20.09.08.
Малдың түрі: сиыр
Мал дәрігерінің аты-жөні: Айтжанов
Rp: Calcii gluconatis 0,6
D.t.d. № 6
8. Ішке. 1 ұнтақтан 3 күн.
Мал дәрігерінің мөрі, қолы
Б. Күрделі рецепт
Мекеменің аты, мөрі, адресі.
Күні: 20.09.08.
Малдың түрі: бұзауға
Мал дәрігері: Айтжанов
Rp: Natrii salicylatis 12,0
Coffeini-benzait natrii 2,0
Sirupi Simplicis 20 ml
Aguae destillatae 150 ml7
11
M.f. mixtura
D.s. Ішкі ағзаға 1 ас қасықпен күніне 3 рет.
Мал дәрігердің қолы, мөрі.
Рецепт бөлінеді
- Жай
- Күрделі
- Мөлшерлі
- Мөлшерсіз
Жай рецептке, тек бір дәрі, ал күрделі рецептке бірнеше дәрі көрсетіледі.
Мөлшерлі рецептке, бір дәрінің қолдану мөлшері көрсетіледі.
Ал мөлшерсіз бірнеше дәрінің қолдану мөлшері.
Жай мөлшерлі рецепт
Rp: Pulveris Streptocidi albe 0,5
Dtd № 6
S.
Күрделі мөлшерлі рецепт
Rp: Phenyli, Salicylatis 0,3
Hexamethylentetramini 0,5
M.f. pulvis
D.t d № 6
S.
Сонымен бірге дистанционды немесе дивизионды әдіс кездеседі. Бұнда бірнеше
дәрімен қоса олардың қайталанып берілуі және оларды әр емге бөлінуі
Мысалы:
Rp: Streptocidi albi
Sulfadimezini aa 30,0
Farinae Secalinae et
Aguae destillatae d.s.
Ut.f boli № 3
D.S.
Рецепт официальді және магистральдіі болып бөлінеді.
дәрігерінің рұқсатымен босатылады.
Бақылау сұрақтары.
1. Рецептураға анықтама беріңіз.
2. Рецептура қандай бөлімдерден тұрады?
3. Рецепте не көрсетіледі?
4. Рецептің жазылу үлгісі.
Дәріс №3. Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік формалар.
Жоспары:
1. Сұйық дәрілік формалар
2. Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік.
3. Жұмсақ формалар туралы түсінік.
Сұйық дәрілік формалар.
Ерітінділер (solutio) –сұйық дәрілік түр.Ерітінділерді сұйық,тығыз,газ түріндегі
заттарды еріту арқылы алады.Ерітінді дәрілік зат үшін су,спирт,эфир майды
қолданылады.Сыртқы және ішкі ағзаға қолданылатын ерітінді стерилизация
12
жасалмайды.Ал,иньекцияға қолданылатын ерітінді стерилизация жасалады.Ерітіндіні
түрінде көбінесе су қолданылады:
А)Кәдімгі (agua communs)
Б)Құдықтан (agua Fontana)
В) Дистильденген су (agua destillata)
Осы ерітіндіні дайындау үшін 18 г дәрілік зат m (1,5х12=18) жә-не 120мл су (10х12=120)
асу қажет.
Кептірілген және қою экстрактілерді және ірі кристалды заттарды ерітінді
дайындауға қолдану үшін, бірінші ступкадан майдалайды,азырақ ерітінді
қосып,біркелкі массаға жеткенше араластырады,кейннен қалған ерітіндімен
араластырады.
Фильтрлі ерітінді үшін,фильтр қағазын қолданылады,қабатталынған фильтр кең
колемде фильтры және басқа,да күрделі шыны воронкалар мен орнықыштар
орнатылған.Ерітіндіні жоғары температурада иньекцияларды отқа ысыту немесе
асептика дайындау дәрілік заттарға байланысты.
Ерітіндіні жазғанда қыстырылған және толық түрде жазылады.Қыстырылған жазу-
арнайы, ол толық түрде-магистральды жазуға сәйкес келеді.Спиртті және май ерітіндісін
жазған кезде міндетті түрде ерітіндісін көрсету тиіс.Егер спиртті ерітіндісін
қыстырылған түрде жазылса,онда 90 этил спирті қолданылады.
Ерітінді концентрациясы қысқартылып жазылса онда рецепте 3 жолмен
түсіндіріледі,процентпен,қатынаспен,тараз бірлігімен.
Қысқартылған рецеп түріне мысал:
Ерітінді концентрациясы таразы санымен:
Егер ерітінді концеентрациясы таразы көлемімен 0,04г препратынан 200 мл
дистильденген суға араластырады
Тұнба (Ihfusum-атау септік,жекеше түрде,Ihfusi-жекеше түрдегі ілік септік)-дәрілік
өсімдіктерден су көмегімен алынған сұйық дәрілік түрі.
Тұнбалар ыстық суда кейде бөлме температурасында көбінесе өсімдіктердің нәзік
бөліктерін(жапырақтарын, жемістерін,гүлдерін) кейде қатты бөліктерін(тамырларын)
тұндыру арқылы дайындалады.Құрғақ өсімдік материалын келіде
гүлдерді,жапырақтарды,жемістерді ұсақтайды немесе пышақпен кесу арқылы
(тамырды) ұсақтайды.
Ұсақталған заттың мөлшері қатты бөліктері үшін 0,5-3мм,ал жұмсақ бөліктері
үшін 1-55мм болуы тиіс.Инстилляция үшін инфудирлі құрылғылар қолданылады.Олар
бу арқылы жоғары температуралы пайда болдыруға немесе колба немесе инфундирка
маңын сумен толтыруға беймделген.Ұнтақталған өсімдік бөліктерін инфундирге
салып,белгілі мөлшерде су құяды және си инфундирлі апаратына 15 минутка
қояды.Содан соң колбаны бөлме температурасында 40 мин.Бойы суытып,колба
ішіндегісін кенеп немесе дәке арқылы сүзгіден өткізеді және оның колемін
өлшейді.Егер сүзілгенге сұйықтың (колатураның) мөлшері рецепте көрсетілгеннен аз
болып шықса,оған су қосып,қайтадан қажетті көлемін алғанша сүзгіден өткізеді.Кейде
тұнбаларды үй жағдайында дайындайды.
Тұнбалар ішкі және сыртқы болып белгіленеді.Ішкісін қасықпен,зонда
арқылы,резенкелі бөтелкемен немесе шыланған жемге қосып беріледі.Ол рецептте
көрсетіледі.Сырттай ауыз қуысын шайғанда,жуғанда,компресс жасағанда беріледі.
Рецептте Cito белгісі бар тұнбаларды жедел дайындау үшін өсімдіктің
ұсақталған бөліктері судың белгілі мөлшерінде су моншасында 25мин бойы
қайнатылады.Содан соң тұнбаны (суытып) ағынды мұздай сумен немесе тоңазғышта
суытады.
Қайнатпа (Decoctum-атау септік жекеше түрде, (Decoctі- жекеше түрдегі ілік
септік)- су көмегімен өсімдік шикізатынан әсер етуші бастамаларды
13
алу,Қайнатпаларды тұнбалар секілді су көмегімен өсімдік шикізатының бастауларын алу
арқылы алады.Қайнатпаларды дайындау, жазып беру, қолдану үлгісін тұнбалароға ұқсас
келеді.Айырмашылығы қайнатпаларды өсімдіктің қатты бөліктерінен
дайындағанда(тамырынан). Оны жылытылған инфундирлі апаратта немесе су
моншасында 30 минут қайнатқан кезде тұздар, крахмал, шырышы, пектин т,б қиын
алынатын заттаар алады.Қайнатпа салқын 3-4 күн сақталады
Шырыш (Mucilago- жекеше түрдегі атау септік, Mucilaginous- жекеше түрдегі ілік
септік)- крахмал немесе басқа полисахаридтер суындағы қою коллоидалы
ерітіндіні,Оның өсімдік материалының зығыры ұрығынан,алтей тамырынан т,б
шырышты заттектерін сумен алу арқылы, шаайырды суға араластыру немесе
крахмалды ыстық суда араластыру арқылы алуға болады.Бұл заттпектер көмірсуларға
жатады;олар суда ери немесе ісіне отырып,қою кілегейлі сұйықтық
қүрайды.Крахмалды шырышты дайындау үшін крахмалдың 1 бөлігін мұздай судың 4
бөлігімен араластырады.Содан соң ыстық судың 45 бөлігін қосып, үнемі араластыра
отырып, отта ( қайнағанша) 3-5 (ұстайды) қайнатады.Суытылған күйде жіберіледі.Зығыр
(ұрығынан алынған) ұрығының шырышын кішкене шыны сауытта ұрықтың 1 бөлігін
ыстық судың 30 бөлігінде 15 мин.Бойы араластыру арқылы алады. Шырышты іштей,
рекалды және тітіркену әсерінен бәсеңдету үшін сырттай береді,
Миксутурлар (Mixture-жекеше түрдегі атау септік) –дәрілік затарды сұйықтықта
еріту немесе араластыру (Mixtura-қоспа) арқылы алынатын дәрінің түрі.
Еріткіш ретінде су тұнбалар қайнатпалар,шырыштар т.б алынады.Микстура
құрамына қатты және сұйық дәрі түрлері кіруі мүмкін.Мистуралар түсіз және
тұнбамен болуы мүмкін.Тұнбасы бар микстураларды қолданар алдында араластыру
керек.
Микстуралар кең көлемді рецептте жазылады.
F-дайындауға қажетті ерітінді мөлшері:
V-ерітіндінің қажетті концентрациясы:
Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік.
Таблеткалар Tabulettae – қатты дәрілік түрге жатады, арнайы қондырғыларда дәрілерді
нығыздау арқылы алынады.Олар әр түрлі формада домалақ, сопақ, жұқа пластинка тәрізді
және басқа да формада шығарылады.Таблетка құрамына дәрілер және қосымша
(қант,крахмал,тұз,тальк) кіреді.
Таблетканы ішкі ағзаға қолданады,кейде сұйықтық түрінде қолданады.Ішкі ағзаға
алдын ала сезіп жеммен, сумен береді.Бұл мал дәрігерлік практикада кеңінен
қолданылатын дәрілік түр.Таблеткалар қолданғанда өте қолайлы,дәрінің ащы дәмі аз
мөлшерде сезіледі.Оларды жабық ыдыстарда құрғақ жерде,жарығы жоқ жерлерде
сақтайды. Олар жылтыр қабатты, түзу формада жан-жағы сынбаған болуы
керек.Таблетканы сыртқы қабатынсыз 50мл суда – 15 минутта,ал сыртқы қабатпен –
30минутта ертуі керек, осы уақытта ерімесе жарамсыз болып табылады, себебі олар ас
қорыту органдарында ерімейтін болады.Таблеткалар тек қана заводтарда даярлайды.
Таблеткаларды 2түрде рецепт жазады.
Бұзауға
Rp: Analgini 0,5
Dtd № 10 in tabulettis
S.Ішке бір таблеткадан күніне 3рет.
Rp: Tabulettae Analgini 0,5
Dtd № 10
S.Ішке бір таблеткадан күніне 2рет.
14
Түйірлер – қатты дәрілік түр,түйірлеу арқылы алынады, көмекші зат қант,крахмалл,ұн
ретінде қолданады.Ішкі ағзаға беріледі.
Массасы 1гр-нан аспауы керек.Түйірлер – бірдей формада жылтыр қабатты бірдей бояуда
болуы тиіс.
Витаминдер,таблеткалар осы түйірлер формасында болып келеді.
Капсулдар- сыртқы қабығы бар дәрілік зат.Қабықтың ішінде мөлшерленген
сұйық,тұтқыр,қатты дәрілік заттар болады. Капсулаларды фабрикаларда жасайды.
Капсулдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Крахмалды капсулдар – оларды крахмалдан немесе ұннан дайындайды.
Желатинді капсулдар –желатиннен даярланады.
Бұл капсулдар ішкі ағзада еритін болады.
Ұнтақ (Pulvis) – құрғақ, төгілмелі дәрінің түрі, ішкі және сыртқы ағзаға
қолданылады.Ұнтақты тығыз дәрілік затты арнайы ыдыста немесе арнайы машинада
ұнтақтау арқылы алады.Ұнтақталған затты арнайы үккіштен өткізеді.Шамасына
қарай:ірі,майда,ұсақ ұнтақ болады және жеке бір ғана дәрілік заттан немесе күрделі
бірнеше дәрілік заттан тұрады.Өлшеулі ұнтақтар ішкі ағзаға қолданылады,өлшеусіз
ұнтақтар жараға сыртқы ағзаға жұқа қабатқа қолданылады.Дәрілік затты қағазға пакет
түрінде орайды.
Мөлшерсіз ұнтақтар – рецепте қатерсіз, улы әсер етуі төмен ұнтақтар жатады,
олардың мөлшері анық мөлшерленбейді.
Мөлшерлі ұнтақтар – негізінен улы күшті әсер ететін ұнтақтардан тұрады, сондықтан
нақты мөлшері көрсетіледі.
Дәрілік жиынтық – кептірілген ұнтақталған дәрілік шөптердің жиынтығы.
Дәрілік шөптің әр бөлігінің латынша атауы.
Шөп-Herba
Жапырақ- Folium
Гүл- Flos
Тұқым-Fructus
Ұрық-Semen
Тамыр-Radis
Түбіртек-Cortex
Дәрілік жиынтыққа жататын өсімдіктер көбінесе тұтқырлық, іш өткізгіш, зәр
айдағыш заттар ретінде қолданылады.
Дәрілік жиынтыққа улы, күшті әсер ететін заттар қолданбайды.Жиынтық ішкі ағзаға
құрғақ күйінде жеммен немесе тұнба, қайнатпа ретінде, ал сыртқы ағзаға вена
түрінде,сұйықтық түрінде қолданады.
Болюс-Bolus – нан тәрізді болып келген дәрілік түр.Болюс дәрі және формасын
өзгертетін заттардан тұрады.Формасын өзгертетін заттарға
- қара ұн (Farina Secalina)
- алтай тамырының ұнтағы (Pulvis Radicis Althaeae)
- ақ балшық (Bolus alba) жатады.
Сұйық зат ретінде дистилденген су, қайнаған су, су құбырындағы су (Agua
destillata,cocta,fontana),сироптар – (sirupus simplex-жай қант сиропы) спирттер,сабын
(sapo viridus)-жасыл сабын, экстрактілер қолданады.
Болюстің массасы 0,5-50гр дейін болады. Болюсті арнайы болюс беретін құралмен
береді.
Болюсті 1-2күн аралағанда береді,одан кейін беруге жарамсыз болып қалады.
Жұмсақ формалар туралы түсінік.
15
Жағылмалар- дәрінің түрі. Жұмсартқыш дәрі – қабынған ұлпалардың кернеулігін
төмендететін, оларды сыртқы тітіркендіргіштерден қорғау үшін қолданылатын майлар
және май тәрізді заттар. Оларды көбінесе теріні неғұрлым жұмсарту, ал ойық жараға
айналғанда, күйікте және жарақаттануда сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтандыру
және жазылу процесін жеделдету үшін теріге жағады. Сыртқы ағзаға қолданылады.
Вазелин тәріздес болып келеді.Жағылмалы дәрілік заттың формасын өзгертетін
заттарға вазелин майы (vaselini) шошқаның тазартылған майы ( Adeps suillus
depuratus), ланолин ,вазелин қолданылады.
Майлардың тығыздығы өлшем бірлігінен аз(0,905-0.999).Суда олар ерімейді,бірақ
олардың өзі ылғалды тарта алады. Майларды сумен бірге кілегей және белоктық заттарды
қосып мұқият ысқылап жаққанда май ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер
кілегеймен немесе белоктық заттармен жұмарланып,төзімді бір өлшемді салмақ –
эмульсия түзеді.
Жұмсақ күйден сұйық күйге және одан кері күйге ауысу бірте-бірте болады, мұның өзі
заттың терімен байланысы үшінде өте бағалы. Балқу температурасы дене
температурасына жақын жұмсартқыш заттардың неғұрлым зор мәні бар. Олар табиғи
жағдайда өзінің жұмсақ консистенциясын сақтайды.Ал дене температурасында бірте-бірте
балқып теріге сіңеді.
Майлар ыдырағанда жергілікті тітірдендіргіш әсер ететін, ал сіңгеннен кейін тым улы
заттар түзеді.Бактериялардың және ылғалдылықтың әсерінен майлар мен сұйық майлар,
қышқылдар мен глицериннің түзілуіне байланысты ыдырайды,бұл орайда олар жағымсыз
иіс пен дәмге ие болады (тоңмай мен майдың «ащылануы»).
Жағылмаларды, заводтарда мацерацин және ерітіндінің дайын экстрактілерімен
жасайды.Жағылмаларды ұзақ сақтауға болады.
Жағылмалар жай және күрделі болып бөлінеді.Жай жағылмалар бір ғана дәрілік
түрден тұрады, ал күрделі жағылмалар 2 немесе одан көп құрамды дәріліктерден
тұрады.
Жай жағылмалар толық және қысқартылған түрінде жазылады.Қысқартылған түрімен
жазғанда алдымен жағылмалар, жағылманын аты концентрациясы және саны
жазылады.
Дайындалуы:Дәрілік затты алып. Ступкадан езіп, сосын формасын өзгертетін зат
қосамыз.Құрамында күрделі зат бар жағылмалар арнайы машиналарда дайындалады. Ал
жай жағылмалар аптекада қолымен
Бақылау сұрақтары.
1. Сұйық дәрілік заттар.Түрлері.
2. Қатты дәрілік заттар.Түрлері.
3. Жұмсақ дәрілік заттар. Түрлері.
16
II Бөлім. Жалпы фармакология.
Дәріс №4 Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары,дәріні мөлшерлеу.
Жоспары:
1. Жалпы фармакология.
2. Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары.
3. Дәріні мөлшерлеу.
Жалпы фармакология.
Жалп ы фармакологи я дәрілік заттардың тірі организммен қарым-
қатынасының заңдылықтарын оқытатын ілім. Ол үшін дәрілік заттардың
фармакокинетикасын (грекше: рһаrmaсоn - дәрі, кіпео- қозғау) және
фармакодинамикасын (dinamis- күш) толық меңгеру керек.
Фармакокинетика - дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың
организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін
метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөлін уін түсіндіретін фармакологияның
бөлімі.
Фармакодинамика - организмге түскен дәрілік заттардың орналасуын, әсер ету
механизмін, оның мөлшеріне байланыстылығын, жағымсыз әсерлерін және
организмде болатын биологиялық тиімділікті оқығатын фармакологияның бөлімі.
ФАРМАКОКИНЕТИКА.
Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары.
Дәрілік заттардың күші , жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның
мөлшеріне ,резорбциялану жолына дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына
көп байланысты.Дәрілік заттардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз
олардың ұлпа қабатттары арқылы лимфаға немесе қанға енуі.
Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін
қолданылатын барлық дәрілік заттарды әртүрлі пішінде организмге енгізеді, немесе тері
не кілегей қабықтары арқылы сіңіреді. Дәрілік заттардың сіңу жылдамдығы, әсер ету
күші мен өзгешелігі олардың пішіні мен жіберу жолдарына тікелей байланысты.
Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы лимфа мен қанға сіңуі олардың
резорбциялық әсерлері ретінде сипатталады. Ол тіндердің кедергілік
функцияларына және дәрілік заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне
тікелей байланысты құрбылыс. Сондықтан да дәрілік заттарды организмге жіберу
жолдарын таңдап алу дәрігердің алдында тұрған жауапты кезеңнің бірі.
Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Оларды ас қорыту
жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы
(парэнтералды) деп бөлуге болады.
Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы
арқылы жіберу. Бұл жағдайда дәрілердің организмге сіңуі асқазаннан басталады да,
көбінесе жіберілген дәрілік заттармен түйісетін үстіңгі бетінің көлемі аумақты, қанмен
жақсы қамтамасыз етілген ащы ішектерде негізгі бөліктері сіңіп, тарайды. Дәрілердің
сіңуі торша мембраналарының саңылаулары арқылы және ол жердегі қысым
айырмашылығына байланысты іске асады. Дәрілердің сіңу жылдамдығы кілегей
қабықтардың функционалдық жағдайларына, асқазан мен ішектердің жиырылу
белсенділіктеріне, органның қышқылдығына және олардағы ас қалдығының мөлшері мен
сапасына тікелей байланысты болады. Ескеретін бір жағдай, дәрілік заттардың жалпы
қан айналысына түспес бұрын, ішекте сіңгеннен кейін бауырға барып бейтараптануы,
немесе өтпен бөлінуі мүмкін. Ал кейбір дәрілерді ас қорыту жүйесінің ферменттерінің
17
әсерінен бүлінетіндіктен ауыз қуысы арқылы беруге болмайтынын ескерген жөн. Мысал
ретінде адреналин, инсулин, бензилпенициллин және т.б. препараттарды келтіруге
болады. Ас қорыту жүйесінің кіл е г е й қабықтарының рецепторларын қатты
тітіркендіретін дәрілерді ауыз қуысы арқылы беруден төмен.
Малдәрігерлерінің әртүрлі пішінді дәрілерді беру үшін қолданатын аспаптары бар.
Оған жататындар: қасық, резина түтігі, зондтар, қалақша, болюс бергіштер, резина
бөтелкелері, шприцтер және т.б. Көптеген дәрілік заттарды малдың азығына қосып
берген өте қолайлы.
Бұл әдістердің қолайсыз жағдайы сол, берілген дәрілік заттардың 50 %-ына
дейінгісінің ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлерінен белсенділігі жойылады.
Сондықтан олардың мөлшерін басқа әдістерге қарағанда 1,5-2 есе көбейтіп жібереді.
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесі арқылы жіберудің екін ші түрі оларды тік ішек
арқылы енгізу. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың 50 %-дай мөлшері бауырға соқпай,
тікелей қан айналысына түседі. Олар ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлеріне
ұшырамайды. Дәрілердің сіңуі қарапайым диффузия заңына бағынады.
Дәрілік заттарды ерітінді түрінде Эсмарх, немесе резина; ыдыстар арқылы
резина түтікшелерін қолданып, не микроклизма ретінде жібереді. Ірі малдарға 2
л-ге дейін, ал ұсақ малдарға - 5-10 мл ерітіндіні жіберуге болады.
Дәрілік заттарды күйіс қайыратын малдардың месқарнына басқа әдістерден нәтиже
болмаған жағдайда жібереді.
Парентералды әдістердің ішінде малдәрігерлік тәжірибеде жиі
қолданылатын түрлері терінің астына, еттің ішіне және венаға жіберу әдістері.
Дәрілік заттарды венаға жібергенде оның әсері басқа әдістерге қарағанда
жылдамырақ болады. Терінің астына және еттің ішіне тітіркендіргіш қасиеті бар
дәрілерді жіберуге болмайды. Ондай дәрілік заттар ұзақ уақыт ауырсынғандық,
қабыну процессін тудырады, кейде жергілікті өлі еттену құбылысының
пайда болуы да мумкін.
Дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін ұзарту үшін пролонгаторлар
қолданылады.
Терінің астына дәрілік заттардың судағы және майдағы ерітінділері жиі,
ал спирттегі ерітінділері сирек жіберіледі. Жылқылар мен ірі қара малдарының
мойын тұстарына, қойлардың ішкі шабына, шошқаларға құлағының арты
мен ішкі шабына, иттер мен мысықтардың қабырға, немесе ішкі шап
тұстарына жіберген дұрыс. Ірі малдарға 2-20 мл, ал ұсақ малдарға 0,5-2 мл
мөлшерінде жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері 5-15 минуттан кейін біліне
бастайды.
Осындай түрдегі ерітінділерді еттің ішіне де жіберуге болады. Көбінесе малдың
жая, иық, төс бұлшық еттеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың әсері тері атына
жібергеннен 2 есе жылдамырақ білінеді.
Дәрілік заттарды венаға, немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн. Ол үшін
дәрігердің өзіндік тәжірибесі болғаны дұрыс. Қан тамырларына толық ерімейтін,
майлы, тітіркендіргіш, қанды ұйытатын, эритроциттерді ерітетін дәрілік заттарды
жіберуге болмайды. Әдіс арнайы шприцтер мен аппараттар (Жанэ шприці, Бобров
аппараты) арқылы орындалады. Жылқыларға, ірі қара малдарына, қой, ешкілерге
мойын көк тамыры мен қарын тұсының тері асты венасына; шошқалар мен қояндардың
құлақтарының венасына; иттердің жамбас және жіліншік тері асты веналарына жіберуге
болады. Дәрілік заттардың әсері бірден білінеді.
Дәрілік заттарды артерияға жіберу өте қүрделі әдіс болғандықтан малдәрігерлік
тәжірибеде сирек қолданылады.
Дәрілік заттарды, әсіресе төлдерге, венаға жіберу мүмкін болмай қалған жағдайда, төс
сүйегінің ішіне жіберуге болатынын да есте сақтаған жөн.
18
Дәрілік заттарды құрсақ қуысына, плевраның ішіне жіберу әдістері де бар. Бұл әдістер
сирек қолданылса да, кейбір ауруларда малдәрігерінің арсеналындағы
таптырмайтын әдістер.
КЕЙІНГІ кезде, әсіресе тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу шаралары
ретінде, жиі ұсынылып жүрген әдістердің бірі - дәрілік заттарды бу немесе
аэрозоль, ретінде дем арқылы жіберу әдісі. Малдардың өкпелерінің сору бетінің көлемінің
үлкендігін және альвеоллалардың капилляр қан тамырларымен жақсы коректенетінін
ескерсек, онда дем арқылы келген дәрілік заттардың қанта тез тарайтынына күман
болмаса керек. Бұл әдіспен жіберілген дәрілік заттар жергілікті (өте ұсақ бөлшектерге
ыдыратылған сульфаниламид немесе антибиотиктердің бөлшектері танау қусынан
бастап микробтарға қарсы әсер ете бастайды), рефлекторлы (қақырық түсіруі) және
резорбтивті (қанға сіңу арқылы) әсер етеді.
Дәрілік заттарды дем арқылы жіберудің де бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде
ауру малдарды топтап емдеу үшін қолданылатын аэрозоль-, оксигенозоль арқылы
емдеу әдістерінің малдәрігерлері үшін алатын орындары ерекше. Бұл әдістердің
ғылыми негізін дәлелдеп, іс жүзіне асыруда Омскінің малдәрігерлік және Семейдің
зоотехникалық-малдәрігерлік институттарының ғалымдарының қосқан үлестері өте
зор.
Малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылатын, бірақ білуге керек әдістердің қатарына
отиттерді (құлақ қабынуларын) емдеу үшін қолданылатын малдардың құлағына дәрі
тамызу, иттерге қолдануға болатын жүрек қуыстарына дәрі жіберу әдістері жатады.
Теріге, кілегей қабықтарға жату арқылы майлар, пасталар, линименттер, ұнтақтар,
ерітінділер, эмульсиялар, балауыз дәрілер, шарлар, таяқшалар қолданылады.
Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер дәрілік заттарды
шашырату, олармен жуу, оларға шомылдыру. Ол үшін арнайы
шашыратқыштар, гидропульттар, аппараттар, машиналар пайдаланылады.
Дәрілік заттарды инъекция арқылы жіберу әдісінің түріне оларды электрофорез
арқылы жіберу әдісі де жатады. Малдың терісін, кілегей қабытын жарақаттамай,
электр тоғының оң және сол полюстерін пайдалана отырып, белгілі бір зарядтағы дәрілік
заттарды мал организміне енгізу. Дәрілік заттарды енгізу үшін қолданылатын
электродтардың орналасқан жерлерінде дәрілер шоғырланып, ұзақ уақыт әсер етеді.
Кілегей қабықтардың рецепторларын қатты тітіркендірмейтін кейбір дәрілерді көздің,
немесе мұрын қуысының кілегей қабықтарына тамызу арқылы қолдану әдісі де ғылыми
тұрғыдан дәлелденген.
МІНЕ, қысқаша, малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды организмге жіберу үшін
қолданылатын әдістерге жататыны осылар.
Фармакодинамика - Дәрілік заттардың организмдегі биологиялық тиімділігі және
олардың әсер ету механизмі. Басқаша айтқанда - дәрілік заттардың организмде
тудыратын өзгерістерінің комплексті түрі. Мұндай өзгерістер торша аралық
құрылыстарда болады да, ағзалар мен жүйелердің физиологиялық функцияларын қалпына
келтіреді, организмнің қорғаныс реакциясын белсендендіреді, фермент
процесстеріне оң әсер етеді, малдардың өнімділігін арттырады. Бұл өзгерістер
фармакологияның белгілі бір заңдылықтары арқылы іске асады. Дәрілік заттардың
көптеген рецепторлармен, торшалармен, тіндермен ағзалармен, жалпы организммен
өзара қарым-қатынасы фармакодинамикалық реакцияларды тудырады.
Дәрілік заттардың мөлшерін (дозасын) анықтау принциптері.
Малдәрігерлерінің тәжірибелеріндегі ең жауапты кезеңдер - дәрілік заттардың
мөлшерін және жіберу жолдарын дұрыс анықтай білу. Олар өте көп жағдайларға
байланысты болып келеді. Организмге жіберілген дәрілік заттың мөлшері мен
19
химиялық құрылысы оның фармакодинамикалық тиімділігін, даму жылдамдығын,
әсерінің ұзақтығы мен нақтылығын анықтайтын көрсеткіш.
Доза - организмге белгілі бір мақсатпен жіберілетін дәрілік заттың мөлшері. Олардың
мөлшері бір реттік, тәуліктік, курстық болуы мүмкін.
Барлық дәрілік заттардың, оның ішінде организмнің өзі синтездейтін дәрілік заттардың да
(гормондар, ферменттер, АҮФ және т.б.), жағымды және жағымсыз әсерлері бар. Мұндай
әсерлеріәсіресе олардың химиялық құрылыстарына, жіберу мөлшеріне көңіл бөлмегенде жиі
кездеседі.
Фармакодинамикалық тиімділіктеріне қарай дәрілік заттарды мөлшері (дозасы)
бойынша төмендегідей жіктеуге болады:
Ең төменгі (тіп) дозасы - фармакодинамикалық және фармакотерапевтикалық
тиімділігін нашар білдіретін дәрілік заттың мөлшері. Фармакопрофилактика үшін
қолданылады;
Тиімді, оптималды дозасы - жағымсыз әсері жоқ, жоғарғы терапевтикалық
тиімділікті толық қамтамасыз ететін дәрілік заттың мөлшері.
Малдәрігерлік тәжірибеде емдеу үшін жиі қолданылатын доза;
Жоғарғы терапевтикалық (тах) дозасы – жоғарғы терапевтикалық тиімділік
көрсететін, сонымен қатар жағымсыз (уландыру) әсерін тудыратын дәрілік заттың
мөлшері.
Дәрілік заттардың ең төменгі дозасы мен жоғарғы терапевтикалық дозаларының
арасы терапевтикалық кеңістік деп аталады. Неғұрлым терапевтикалық кеңістік
жоғары болса, ондай дәрілік заттың тірі организммен қатынасы төменірек болады да,
ондай дәрінің жоғарғы терапевтикалық дозасынан қауіп-қатер аз болады.
Организмде қайта қалпына келмейтін өзгерістер тудыратын дәрілік заттың дозасы
өлтіру (леталды) дозасы деп аталады.
Бақылау сұрақтары.
1.Жалпы фармакология нені оқытатын ілім?
2.Фармакокинетика дегеніміз не?
3.Фармакодинамика дегеніміз не?
4.Дәрілік заттарды организмге жіберу жолдары, олардың ерекшеліктері.
5.Дәрілік заттардың мөлшерін анықтау принициптері.
6.Дәрілік заттардың әсер ету механизмі.
III Бөлім Жеке Фармакология.
Дәріс №5 Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
Дезинфекция.
Жоспары:
1.Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
2. Дезинфекция.
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың ену
нәтижесінде пайда болады.Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей
топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар(қоздырғыштары - микробтар),протозойлы
аурулар (қоздырғыштары - протозойлар), гельминтоздық аурулар (қоздырғыштары
-гельминттер) және экотопаразитарлық аурулар (қоздырғыштары –шыбын-
шіркейлер мен кенелер).
Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі ол қоздырғыштарды
жою болып табылады.Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті ,протозоацидті,
20
инсектицидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады.Бактерицидтік
(bacteria-таяқша, coedo-өлтіру)- деп бактерияларды жоятын әртүрлі дәрілік
заттарды атайды.Дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер
ететіндіктен вирусоцидтік, микоцидтік , спороцидтік және тағыда сол сияқты
көптеген терминдер қолданылады.
Кейбір дәрілік заттар белгілі бір аурулардың қоздырғыштарына ғана нәтижелі
әсер ететіндіктен «стрептококкоцидтік», «сальмонелоцидтік» деген терминдерді де
қолдануға тура келеді.Бактерицидтік заттар микробтардың тіршілігіне әртүрлі
дәрежеде әсер етеді:олардың кейбіреулері микробтарды толық өлтіреді де, ал
басқа біреулері тек қана олардың өсіп -өнуін тоқтататындықтан, біріншілерін
бактерилитикалық,ал екіншілерін- бактериостатикалық деп атайды. Жұқпалы
аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада,малдардың терісінде, клегейлі
қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде
болуы мүмкін.Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою- дезинфекция деп
аталады да, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы
заттар дейді.
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал
сол үшін қолданылатын заттарды антисептикалық,организмде жоюды
химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп
атайды.
Әртүрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету
механизмі де әртүрлі келеді.Олар препараттардың физикалық және химиялық
қасиеттеріне ,қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму
ортасына байланысты болады.
Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын
ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады.Олардың ішіндегі кейбіреулері
(бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары және басқалары)
органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, сонымен бірге де ыдыратады.
Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен,
антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың
препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық
қосылыстарменде байланыспайды.Олар тек қана торша цитоплазмасының тіршілігін
бәсеңдетеді ( фенолдар,крезолдар және т.б.) ,бірақ торшаға қарағанда аурудың
қоздырғышына әсері күштірек болады.
Үшінші топтың заттары микроптар үшін өте маңызды, ал жануарлар үшін онша
маңызды емес, дегенімен, олар биохимиялық құбылыстардың жүруін бұза отырып
микробтарға қарсы әсер етеді. Мұндай заттарға антибиотиктер, сульфаниламидтер,
нитрофурандар және басқалары жатады. Бұлардың жануарлар өмірі үшін қауіптілігі
жоқ, өйткені олардың тіршілігі үшін аса қауіпті концентрациясы бактерицидтік
концентрациясына қарағанда жүздеген, тіптен мыңдаған есе жоғары болады.
Сондықтанда мұндай заттардың химиотерапевтік және антисептикалық мақсаттар
үшін кең қолданылуы заңды да.Микробтарға қарсы әсер ететін заттарды тағайындау
алдында, олардың қоздырғыштардың қандай түрлері үшін уытты,қандай концентрация
мен мөлшерде нәтижелі екенін білу керек.
Дезинфекция (франц. Des- қарама-қарсы жалғау және лат.infectio-инфекция)
дегеніміз адамдармен жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қоршаған
ортада жою.Белгілі бір аурудың барлық қоздырғыштарының тіршілігін жоятындықтан
оны көп реттерде зарарсыздандыру деп те атайды. Дезинфекция ауруды алдын алумен
жұқпалы ауруларды жою үшін жасалынатын ең маңызды шаралардың бірі,бірақ ол
көптеген жағдайларды ескеріп жасағанда ғана ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы
жұқпалы ауруды тарататын қоздырғыштың ерекшелігін білу. Дезинфекциялық
заттарға төзімділігі бойынша оларды спора түзетіндер жіне спора түзбейтіндер деп
21
бөледі. Дезинфекциялық заттардың микроптарға қарсы әсері жақсы болу үшін және
ауру қоздырғыштарын толық жою үшін дезинфекция жасалынатын жерді алдын – ала
жақсылап дайындайды.
Дезинфекция үшін сілтілер, қышқылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид
препараттары күшті тотықтырғыштар,фенолдармен крезолдар , ауыр металдардың
тұздары және басқада заттар қолданылады.
Бақылау сұрақтар.
1. Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
2. Дезинфекция жасалу тәртібі.
3. Дезинфекцияның түрлері.
Дәріс №6. Антисептикалық,антигельминттік ,инсектоакарацидтік дәрілік заттар
Жоспары:
1. Антисептика.
2. Антигельминтиктер.
3. Инсектоакарацидтер.
Қазіргі түсінік бойынша антисептика дегеніміз (грек. anti-қарсы ,sepsis-шіру,
шіруге қарсы әсер) жануарлардың терісіндегі, кілегейлі қабықтарындағы және
жарақаттарындағы патогенді микроорганизмдерді жою.Антисептика – жергілікті және
жалпы инфекция мен интоксикацияның алдын алуға арналған шаралардың
жиынтығы.Мұны өткізгенде бактерицидтік әсері бар дәрілік заттардың маңызы зор.
Антигельминттік заттар (anti-қарсы, helmins-құрт) дегеніміз жануарларды
гельминттерден арылту үшін қолданылатын дәрілік заттар.Паразиттің биологиялық
ерекшелігіне ,құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік
заттар қолданылады.
Антигельминтиктер - адамдар мен малдардың гельминттерімен күресу үшін
қолданылатын химиялық немесе биологиялық негіздегі препараттар.
Бұл топқа жататын препараттардың бірнеше классификациялары бар. Солардың
ішіндегі ең қолайлысы ас қорыту жүйесінің жолындағы гельминттерге қарсы
қолданылатын препараттар мен тіндерде орналасатын гельминттерге қарсы
қолданылатын препараттар деп бөлу. Сонымен қатар гельминттердің түрлеріне қарай
бөлінеді:
Трематодтарға қарсы қолданылатын трематоцидтер;
Цестодоттарға қарсы қолданылатын цестодоцидтер;
Нематодтарға қарсы қолданылатын - нематодоцидтер.
Әртүрлі антигельминтиктердің әсер ету механизмдері де
әртүрлі: фенасал, камала, еркек қырыққұлақ препараттары жалпақ
құрттардың нерв- бұлшық ет жүйесін салдандырады; жапқыш тіндерін, бөлу жүйесін
бллдіреді;
тетрамизол гельминттерде гликолиз процессін тежейді;
пиперазин тұзы адренореактивті жүйеге әсер етеді.
Антигельминтиктер қолданылған малды орташа алғанда 30 күннен кейін
союға рұқсат етіледі.
Препараттардың жағымсыз әсерлеріне жататындар: нефротоксикалық әсері -
төртхлорлы көміртегі- фотосенсибилизация - фенасал, фенотиазин; гепатотоксикалық
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Más contenido relacionado

La actualidad más candente

Екологічні чинники.pptx
Екологічні чинники.pptxЕкологічні чинники.pptx
Екологічні чинники.pptx
ssuser925156
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
sanvia
 
режим дня школяра
режим дня школярарежим дня школяра
режим дня школяра
Natalia Filipova
 
Вуглеводи
ВуглеводиВуглеводи
Вуглеводи
lms-71
 

La actualidad más candente (20)

повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.
 
Екологічні чинники.pptx
Екологічні чинники.pptxЕкологічні чинники.pptx
Екологічні чинники.pptx
 
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...
    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...
 
Живемо в стилі еко
Живемо в стилі екоЖивемо в стилі еко
Живемо в стилі еко
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
Формування екологічної культури та екологічної компетентності вихованців
Формування екологічної культури та екологічної компетентності вихованцівФормування екологічної культури та екологічної компетентності вихованців
Формування екологічної культури та екологічної компетентності вихованців
 
урок № 1
урок № 1урок № 1
урок № 1
 
Презентація на тему: "Хлоридна кислота"
Презентація на тему: "Хлоридна кислота"Презентація на тему: "Хлоридна кислота"
Презентація на тему: "Хлоридна кислота"
 
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
 
Дөңгелек үстел менің мамандығым
Дөңгелек үстел менің мамандығымДөңгелек үстел менің мамандығым
Дөңгелек үстел менің мамандығым
 
режим дня школяра
режим дня школярарежим дня школяра
режим дня школяра
 
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындарҰлттық ойындар
Ұлттық ойындар
 
Чиста вода для здорового світу
Чиста вода для здорового світуЧиста вода для здорового світу
Чиста вода для здорового світу
 
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлеріПайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
 
Вуглеводи
ВуглеводиВуглеводи
Вуглеводи
 
Етилен і ацетилен. молекулярні і структурні формули.
Етилен і ацетилен. молекулярні і структурні формули.Етилен і ацетилен. молекулярні і структурні формули.
Етилен і ацетилен. молекулярні і структурні формули.
 
усний переказ 2 клас
усний переказ 2 класусний переказ 2 клас
усний переказ 2 клас
 
ақмарал диктант
ақмарал диктантақмарал диктант
ақмарал диктант
 
Календарно-тематичне планування - Я досліджую світ для 2 класу за Н. Бібік (І...
Календарно-тематичне планування - Я досліджую світ для 2 класу за Н. Бібік (І...Календарно-тематичне планування - Я досліджую світ для 2 класу за Н. Бібік (І...
Календарно-тематичне планування - Я досліджую світ для 2 класу за Н. Бібік (І...
 
Взаємодія кисню зі складними речовинами
Взаємодія кисню зі складними речовинами Взаємодія кисню зі складними речовинами
Взаємодія кисню зі складними речовинами
 

Destacado

Destacado (20)

ньюкасл ауруы ғылыми жумыс
ньюкасл ауруы ғылыми жумысньюкасл ауруы ғылыми жумыс
ньюкасл ауруы ғылыми жумыс
 
математика 3 класс(зпр)
математика 3 класс(зпр)математика 3 класс(зпр)
математика 3 класс(зпр)
 
8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат
 
методич.разработка
методич.разработкаметодич.разработка
методич.разработка
 
методическая разработка
методическая разработкаметодическая разработка
методическая разработка
 
урок по познанию мира 3 класс
урок по познанию мира 3 классурок по познанию мира 3 класс
урок по познанию мира 3 класс
 
оценивание техники верхней передачи мяча
оценивание техники верхней передачи мячаоценивание техники верхней передачи мяча
оценивание техники верхней передачи мяча
 
қайнау.меншікті булану жылуы
қайнау.меншікті булану жылуықайнау.меншікті булану жылуы
қайнау.меншікті булану жылуы
 
изложение родничок
изложение родничокизложение родничок
изложение родничок
 
қыс. ашық сабақ жоспары.
қыс. ашық сабақ жоспары.қыс. ашық сабақ жоспары.
қыс. ашық сабақ жоспары.
 
статья обучение чтению и работе с текстом на уроках английского языка
статья обучение чтению и работе с текстом на уроках английского языкастатья обучение чтению и работе с текстом на уроках английского языка
статья обучение чтению и работе с текстом на уроках английского языка
 
пояснительная записка
пояснительная запискапояснительная записка
пояснительная записка
 
лой м. в. презентация
лой м. в. презентациялой м. в. презентация
лой м. в. презентация
 
қыс. ашық сабақ жоспары.
қыс. ашық сабақ жоспары.қыс. ашық сабақ жоспары.
қыс. ашық сабақ жоспары.
 
конкурсная программа
конкурсная программаконкурсная программа
конкурсная программа
 
урок квн жижикина л. а.
урок квн жижикина л. а.урок квн жижикина л. а.
урок квн жижикина л. а.
 
оценивание упражнения ласточка
оценивание упражнения  ласточкаоценивание упражнения  ласточка
оценивание упражнения ласточка
 
изложение
изложениеизложение
изложение
 
урок на конкурс есенгаревой а.
урок на конкурс есенгаревой а.урок на конкурс есенгаревой а.
урок на конкурс есенгаревой а.
 
темекі саған дос емес
темекі саған дос еместемекі саған дос емес
темекі саған дос емес
 

Similar a әдістемелік фармакология негіздері пәнінен

Similar a әдістемелік фармакология негіздері пәнінен (15)

хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаевахасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
 
1-60термин.docx
1-60термин.docx1-60термин.docx
1-60термин.docx
 
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктерікейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
 
бұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасаубұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасау
 
шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмыс
 
бауыр циррозы
бауыр циррозыбауыр циррозы
бауыр циррозы
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
Noviepost
NoviepostNoviepost
Noviepost
 
экология14
экология14экология14
экология14
 
575181
575181575181
575181
 
ашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішінеашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішіне
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 

Más de Asem Sarsembayeva

Más de Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

әдістемелік фармакология негіздері пәнінен

  • 1. 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы «Фармакология негіздері» пәнінен теориялық сабақтарға арналған дәрістер жинағы Шымкент-2017 ж.
  • 2. 2 ӘӨЖ 636.09 (07) К 86 Құрастырған: Курбанова Г. «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының арнайы пән оқытушысы. Пікір білдірушілер: С. Тулеметова- а.ш.ғ.к. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы. О.Хожамжаров- а.ш.ғ.к. Шымкент аграрлық колледжі «Ветеринария» кафедрасының оқытушысы Тірек конспекті - 1513000-«Ветеринария» мамандығы бойынша типтік және күнтізбектік тақырып жоспарына сәйкес техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған. Тірек конспекті техникалық және орта кәсіптік білім беру студенттеріне бейімделіп жазылып, дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, олардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, егу , бөліну жолдары, әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, әсер ету ерекшеліктері, тиімділігін арттыру жолдары жөнінде толық мағлұматтар берілген. «Фармакология негіздері» пәнінен дәріс жинағы: Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент-2014 ж. 50 - бет «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының мәжілісінде қаралып, Хаттама № 8 28.03. 2014 жыл. Шымкент аграрлық колледжінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып басылымға ұсынылды. Хаттама № 4 30. 04.2014 жыл.
  • 3. 3 Алғы сөз. Егемендігін енді ғана алып ,аяғын тәй-тәй басып келе жатқан еліміздің экономикасын көтеріп, сол арқылы тәуелсіздігіміздің бірден-бір нышаны көк байрағымыздың тұғырынан таймай тұруына ауыл шаруашылығының, атап айтқанда – мал шаруашылығының үлесі зор екені баршамызға аян. Бірақ, мал ауруларының алдын алып, ауырған малды емдеу жағы малшылар алдындағы шешімін түгел таппаған үлкен мәселелердің бірі болып қала берді. Мал аураларының алдын алып, емдеу үшін қолданылып келген өсімдіктерден алынған дәрі- дәрмектермен қатар малды жүйелі түрде күтіп баптау ,жаз- жайлауда ,қыс-қыстауда ұстау өз нәтижелерін бергенімен ,мал ауруларынан толық арылта алмады. Қазіргі таңда біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығындағы үлкен проблемалардың бірі малдан алынатын азық-түлік өнімдері мен отандық өндірістерге керекті шикізаттардың молшылығын жасау арқылы Қазақстан экономикасының нығая түсуіне тиісті деңгейде зор үлес қосу.Осы тұрғыдан алғанда мал ауруларын емдеп ,алдын алу , олардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруда «Фармакология» ғылымының қосар үлесі зор. Тірек конспекті үш бөлімнен тұрады: Рецептура, жалпы фармакология және жеке фармакология. Рецептурада дәрілік формалар, рецептің жазылу жолдарын, дәрілік түрлердің технологиялары, дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелері қарастырылады. Жалпы фармакологияда дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары,олардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері, дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы, егу, бөліну жолдары және басқада мәселелері айтылады. Жеке фармакологияда әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері ,әсер ету ерекшеліктері жан-жақты сөз болады. Қадірлі оқырман, «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ» дегендей жазылған оқулықта кемшіліктер болуы мүмкін.Талғамы биік, талабы жоғары оқырманның сын-ескертпелерін білдіргендерге кітап авторы алдын ала алғысын айтады.
  • 4. 4 Мазмұны. 1. Алғы сөз......................................................................................................................................3 2. Кіріспе.........................................................................................................................................5 3. Дәріс №1.Тақырыбы: Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы.............5 I Бөлім.Рецептура..........................................................................................................................9 4. Дәріс №2.Тақырыбы: Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы түсінік..............................................................................................................................................9 5. Дәріс №3.Тақырыбы: Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік формалар.......................................................................................................................................11 II Бөлім. Жалпы фармакология................................................................................................16 6. Дәріс №4.Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрі-дәрмекті мөлшерлеу....................................................................................................................................15 7. Дәріс №5.Тақырыбы: Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары. Дәрілердің ағзаға таралуы биотрансформациясы.Дәрі-дәрмекпен улану III Бөлім.Жеке фармакология....................................................................................................19 8. Дәріс №6.Тақырыбы: Микробтарға және паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер...............19 9. Дәріс №7.Тақырыбы: Химиотерапиялық дәрілер..............................................................21 10. Дәріс №8.Тақырыбы: Антигельмиттік дәрі-дәрмектер.....................................................25 11. Дәріс №9.Тақырыбы: Инсектоакарацидтік және дератизациялық дәрі- дәрмектер......................................................................................................................................28 12. Дәріс №10.Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер..............33 13. Дәріс №11.Тақырыбы: Зат алмасу процесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер....................35 14. Дәріс №12.Тақырыбы: Бордақылауға және төлдерді өсіруге қолданылатын дәрі- дәрмектер.Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау.........................................................40 15. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................................49
  • 5. 5 Кіріспе Дәріс №1. Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы. Жоспары: 1. Фармакология туралы жалпы түсінік . 2.Фармакологияның қысқаша даму тарихы. Фармакология – дәрілер, дәрілік заттар туралы ілім (гр.pharmakon – лекарство – дәрі, Logos – учение – оқу, ілім). Дәрілерді ауруларды емдеуге,алдын алуға,жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруға, олардың ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтіп, физиологиялық құбылыстарды бірқалыпты өтуін реттеуге қолданады.Қазіргі уақыт талабына сай жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен осы бағыттың барлығында да дәрілік заттардың маңызы артып отыр. Мал шаруашылығын өндірістік негізде дамыту дәрілерді белгілі тәсілдермен қолданып қана қоймай оларды күнделікті жем- шөптік,азықтық заттармен қосып беруді талап етеді. Фармакология- ауқымы кең ғылым. Оны медицинада, ветеринария,мал шаруашылығы, биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтездеп, олардың табиғатта таралуын іздестіруге колданады. Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы дәрілер туралы әртүрлі анықтамаларды қажет етеді.Сол себепті әртүрлі саладағы мамандарға бұл ғылымның мазмұны бірдей бола бермейді.Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі организмдегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы заңдылықтарға сүйене отырып дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның әсерінен болатын өзгеріс көрсеткіштерін малдәрігерлік тұрғыдан зерттейді. Міне, сондықтан да, бұл ілім дәрілік заттардың тәжірибе жүзінде малдәрігерлеріне өте қажетті барлық деректерін зерттеп, жинақтайтын ілім. Бүгінгі таңда эксперименталды және клиникалық фармакологияның алдында тұрған мақсат - дәрілік заттардың тек жалпы организмге ғана әсерін емес, олардың молекулалық және субмолекулалық деңгейдегі әсер ету механизмін зерттеу. Олай болса, фармакология қазіргі түсінік бойынша-физиологиялық жүйелердің дәрілік заттармен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал-малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе - ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу. Фармакологияға берілген анықтамадан оның ветеринарияда қолданылатын барлық дәрілік заттарды зерттейтінін көреміз. Бір ескерте кететін жәйт –әрбір дәрілік заттың толық емдік әсері,олардың қолданылуы туралы шарттарын түгел сақтағанда ғана көрінеді.Олардың біреуі бұзылса дәрілер әлсірейді,ал екінші біреулері бұзылса –олар улы әсер етеді немесе өлімге душар еткізеді. Дәрілердің әсерінен болатын өзгерістерді толығырақ түсіну үшін химияның, биологияның , медицина және ветеринария ғылымдарының қазіргі жетістіктерінтолық қолдану керек. Қазіргі ғылыми жетістіктердің ішіндегі өзектісі — ол дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылып келе жатқан, жаңадан ашылған дәрілер арқылы тиімді емдеу әдістерін тауып, оны өндіріске еңгізу. Жаңадан ашылған дәрілік заттар ауруларды емдеудегі көзқарасты түбірінен өзгертуі мүмкін. Кей кезде тіпті қолданылып жүрген дәрілік заттардың қолдану әдісін өзгертудің өзі оның тиімділігін бірнеше рет арттыра түсуі мүмкін. Мысал ретінде тыныс алу жүйесінің ауруларын дәрілік заттарды
  • 6. 6 аэрозоль, немесе оксигенозоль ретінде тыныс алу жолдары арқылы деммен жіберіп (ингаляциялы түрде) емдеу әдістерін келтіруге болады. Дәрілік заттар қоры (арсеналы)- әртүрлі негіздерден тұратын жаңа, әрі бағалы препараттармен үнемі толықтырылып отырады.Алғашқы кездері дәрілік заттар тек өсімдіктерден ғана алынатын .Өсімдіктер әлемі әліде болса ,дәрі-дәрмектік заттардың бай көздері болып табылады. Соңғы жылдары микроорганизмдер де жиі колданылып жүр.Олардан өте белсенді және өзіне ғана тән ерекше әсері бар антибиотиктерді,витаминдерді, амин қышқылдарын және басқада заттарды бөліп алуға болатыны анықталғаннан кейін , микробиология өнеркәсібі дами бастады. Осы бағыттағы ізденістер бұдан былайғы кездерде де жаңа дәрілік заттардың алынуына мүмкіндік туғызады. Мал өнімдерінен бағалы, құнды препараттар дайындау кеңінен өріс алуда. Мысал ретінде қанның сары суынан дайындалатын препараттар, инсулин, гепарин, тимоген, тимолин және т.б.Бұл бағыттарда әлі ашылмаған жаңалықтар ұшан-теңіз. Қазіргі кезде дәрілерді синтез арқылы алу кеңінен өріс алған. Бұл әдістің болашағы мен мүмкіншілігі өте зор. Қазірде синтездеу арқылы белгілі бір бағытта әсер ететін дәрілерді алудың мүмкіндігі туып отыр. Көптеген жағдайларда дәрілерді таза түрінде алудың маңызы зор. Ол үшін құрамында сол дәрілер бар өсімдіктер, фермент қорытатын микроорганизмдер, мал тіндері пайдаланылады. Мал ауруларын емдеу үшін, аурудың алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар, препараттар, дәрілік формалар күнделікті өмірде дәрілер немесе дәрі-дәрмектер деп аталады. Фармакология пәні көптеген теориялық (физиология, патологиялық физиология, биохимия) және клиникалық (хирургия, терапия, эпизоотология, акушерства, паразитология және т.б.) пәндермен тығыз байланыста. Фармакология саласындағы жетістіктер ол пәндердің дамуына оң әсер етері сөзсіз. Адамзат миллиондаған жылдар бойы ауруларды емдеу туралы тәжірибелерін мысқылдап жинап, ұрпақтан ұрпаққа бере отырып қазіргі дәрежеге жетті. Бұл туралы Марк Аврелия Цицеронның мына бір сөзі дәл айтылған сияқты: «Күні кешке дейін оқ атқан кісі кейбір кезде нысанаға дәл тигізеді». Медицина мен ветеринарияда бірдей қолданылатын препараттардың жиынтығы мен оларға қойылатын талаптар Фармакология комитеті мен денсаулық сақтау Министрлігіне қарайтын Мемлекеттік фармакопея комитетінде қаралатын болса, ал ветеринарияда ғана қолданылатын препараттарауылшаруашылығы Министрлігіне қарайтын ветеринарлық Департаментте қаралады. Дәрілік заттар организмде ешқандай биохимиялық немесе физиологиялық тұрғыдан жаңа құбылыстар тудырмайды,тек қана осы құбылыстарды күшейтеді немесе әлсіретеді. Фармакологияның ғылыми бағыттары: 1.Рецептура - рецепт жазу ережелері, дәрілік заттарды дайындау, сақтау және аптека арқылы босату туралы ілім. Алға қойылған мақсатына қарай дәрігерлік және фармацевтикалық болып бөлінеді. 2.Фармация - комплекс тәндерді қамтиды: фармацептикалық химия, фармакогнозия, дәрілік заттарды дайындау технологиясы, фармацептикалық істі ұйымдастыру және оның экономикасы. Оның ішінде фармацептикалық химияның алатын орны ерекше: дәрілік заттарды алу тәсілдерін, олардың қасиеттері мен сапасына анализ жасау әдістерін оқытумен айналысады. 3.Фармакокинетика - бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім. Дәрілік заттардың организмге сіңуінің, таралуының, метаболизмінің және экскрециясының кинетикасын
  • 7. 7 зерттейді. Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды. 4.Клиникалық фармакология - дәрілік заттардың организммен өзара қарым- қатынасын зерттейтін ілім. Негізгі мақсаты — жаңа препараттарды клиникалық тексеруден өткізу, ескі препараттарға қайта баға беру, тиісті ауруларды емдеу үшін препараттарды таңдап алу, олардың пішіні мен организмге жіберу жолдарын анықтау, әсерін мониторлы қадағалау, кері әсерлерінен сақтандыру. 5.Токсикология - улар, олардың қасиеттері мен әсерлері, емдеу және алдын алу туралы ілім. 6.Фармакогенетика - жеке малдың дәрілік заттарға генетикалық тұрғыдан сезімталдығын, организмнің қалыпған тыс жауабының алдын алу, оны реттеу (коррекция), дәрілік заттардың мутагендік әсерін зерттеу. 7.Радиациялық фармакология радиациялық лас жағдайында организмге әсерін зерттеу. 8.Психофармакология - дәрілік заттардың орталық нерв жүйесіне әсерін зерттеу. 9.Биохимиялық фармакология - организмдегі биомолекулалар мен дәрілік заттардың өзара реакцияларын зерттеу. Негізгі мақсаты - бірінші фармакологиялық реакцияның химизмін анықтау. 10.Стресс-фармакология - организмнің стресс жағдайын дәрілік заттар арқылы реттеу (коррекция), стресске қарсы қолданылатын препараттарды тиімді қолдану әдістерін іс жүзінде тексеріп, тәжірибеге енгізу. 11.Иммунофармакология - дәрілік заттардың организмнің иммундық статусына әсерін зерттеу.Негізгі мақсаты - жаңа иммуностимуляторлар мен иммунодепрессан ттарды іздеп табу, оларды қолданудың керекті үлгісін жасау. 12.Экологиялық фармакология - дәрілік заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу, олардың экологияға кері әсерлерін азайту жолдарын, тәсілдерін іздеп табу, іске асыру. Фармакологияның дамуының қазіргі кезеңінде әсіресе генетикалық және экологиялық фармакология бағыттарына көп көңіл бөлінуде. Сыртқы органы сақтап қалу және планетадағы өмірді қорғау осы екі бағытқа тікелей байланысты. Жаңа препараттарды шығару жөнінде фармакология және фармацептикалық өндіріс XX тасырдың екінші жартысынан бері қарай көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде қолданылып жүрген препараттардың 60-90 %-ы осыдан 20-30 жыл бұрын белгісіз препараттар. Дәрілік препараттарды жасап шығару өте күрделі және ұзақ процесс. Оны бірнеше сатыға бөлуге болады: Жеке, немесе комплексті дәрілік затты іздеуге жоспар құру, алынатын көзін анықтау; Дәрілік затты алу; Жаңа препаратты бірінші рет лабораториялық малдарға тексеру. Дәрілік заттың жағымсыз жақтарына көңіл бөледі: улылығына, концерогендігіне, тератогендігіне, иммуногендігіне, ауруға тиімділігіне; Жаңа препаратты тереңірек тексеру, бұрынғы белгілі препараттармен салыстыру; Фармакологиялық комитетке тапсыру; Жаңа препаратты клиникалық тексеруден өткізу; Клиникалық тексерудің нәтижесін екінші рет фармакологиялық комитетке тапсыру; Препаратты өндірісте шығару технологиясын дайындау. Жалпы фармакология - дәрілік заттар мен организм арасындағы өзара қарым-қатынастың заңдылықтарына тоқталады; Жеке фармакология - әрбір дәрілік заттардың организмге тигізетін жеке әсерлеріне тоқталады.
  • 8. 8 Дәрілік заттардың М.Д.Машковсий, В.Д.Соколов, Г.И.Горшков, М.И.Рябинович, Н.А.Андреевалар ұсынған классификациясы кеңінен қолданылады. Ол бойынша барлық дәрілік заттар 5 топқа жіктеледі: Нейротропты дәрілік заттар; Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметтерін реттейтін дәрілік заттар; Тіндердегі зат алмасу процесіне әсер ететін дәрілік заттар; Стрессті, мал өнімін және иммундық статусты реттейтін дәрілік заттар; Микробтарға, вирустарға және тоғышаларға қарсы әсер ететін дәрілік заттар. Дәрілік заттар агрегаттық жағдайларына қарай 4 түрлі пішінде болады: қатты, жұмсақ, сұйық және газ түрінде. Олардың улылықтарына қарай: улы, күшті әсерлі және улылығы аз препараттар деп бөлінеді. Дәрілердің тиімділігі жөніндегі қорытынды клиникалық зерттеулердің нәтижесінде ғана беріледі Міне, сондықтан да клиникалық фармакологияға көп көңіл бөлінуде. Фармакологияның қысқаша даму тарихы. Қазіргі фармакология - басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйенген алдыңғы қатарлы ғылым.Әртүрлі қоғамдық таптар кезінде ол үнемі кеңейіп, толықтырылып отырылды.Тіпті өте ерте кезінде анықталған құнды деректер қазірдің өзінде де маңыздылығын жойған жоқ, әліде қолданылады. Аса бай тарихи мұрадан ең маңыздысы- дәрілік заттардың негізгі көзін ( өсімдіктерден, жануарлардан синтездеу арқылы) және олардың әсер етуі мен қолданылуын оқып- үйрену болып табылады. Осы мәселелердің барлығыда медицина мен ветеринария салаларында ортақ бола алады. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу.Өте ертедегі тарихи мұраларды зерттей отырып, біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген адамдардәрілік өсімдіктердің адам және жануарлар организміне тигізетін әсері бар екенін білген. Сол кездерде қолданылған кей бір препараттар (еменнің қабығы, ақбас жусан,ақ тамыр дәрі) өздерінің маңызын жоймағаны былай тұрсын, қайта кейбір синтетикалық препараттарға негіз болды. Фармакологиялық тұрғыдан өсімдіктер түгелімен әсер етпейді,олардың әсер ететін құрамдас бөліктері болады.Осы құрамдас бөліктердің құрылысы мен әсер етуі жағынан осыған ұқсас қосылыстар алынады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде дәрілік заттардың жиынтығы толықтырылып, қолдану аясы кеңейе түсті. Ертедегі Үнді елінде фармакология өзіне тән ерекшелікпен және өте күшті қарқынмен дамыды.Олардың «Веда» деген қасиетті кітабында 800-ге жуық дәрілік заттар жазылған.Б.д.д. кезеңнің өзінде Тибетте ,соңынан монғол елінде фармакологиялық нұсқаулар жазылып, қазіргі кезде Тибеттік және Монғолдық медицина ретінде белгілі болып отыр.Өте ескі қолжазбаларға- біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғысыр бұрын жазылған өсімдік, жануар және минералды тектес дәрілер туралы Қытай қолжазбалары жатады.Осының бәрі ертедегі Греция мен Римдегі фармакологияның дамуына едәуір ықпалын тигізді. Осы кезеңге байланысты дәрі-дәрмектер туралы толық әрі ғылыми тұрғыдан ұтымды тұжырымды Гиппократ( Б.д.д. 4-3 ғ.ғ) ,Гален (Б.д.д. 2ғ.ғ),Абу Али ибн Сина (Авиценна 10-11 ғ.ғ.),Филиппус Теофрастус фон Гогенхейм және де басқа ғалымдар жасады. Осы азғана деректерге сүйене отырып, олар патологияның, емдеу мен аурудан жазылудың материалистік теориясын жазды және көптеген жаңа препараттарды анықтап берді. Олардың кейбіреулері осы уақытқа дейін өз маңызын жойған жоқ.
  • 9. 9 Бақылау сұрақтары. 1.Дәрілік заттарды қолданатын негізгі бағыттар. 2.Фармакологияның мақсаты мен міндеті. 3.Фармакологияның даму тарихы және басқа пәндермен байланысы. 4. Фармакологияның ғылыми бағыттары. 5.Дәрілік заттардың кең тараған жіктелуі. 6.Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділіктерін сипаттайтын көрсеткіштер. 7.Фармакологияның құрамдас бөліктері. I Бөлім.Рецептура Дәріс №2. Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы түсінік. Жоспар: 1.Рецептура туралы түсінік 2.Рецептің жазылу үлгісі Рецептура – дәрілердің жазылу ережелерін және дайындалуын зерттейтін ғылым. Рецептура мына бөлімдерді қамтиды: 1. Дәрілік заттар. 2. рецептің жазылу жолдарын анықтайды. 3. дәрілік түрлердің технологиясы. 4. дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелерін қамтиды. Дәрілік түр дегеніміз – қандайда бір дәрілік заттың жануарлар организміне қажетті түрде енуі. Дәрілер консистенция түріне қарай қатты, жұмсақ, сұйық болып бөлінеді. Фармакология – бұл жалпы мемлекеттік стандарт жиыны және тарауы, дәрілік заттың сапа нормасын зерттейді. Дәрілік заттың қай мекемеде, ұйымда қолданылуын, сақталуын, дайындалуын заң жүзінде тексеріп, зерттейді. Рецепт – ауру малға дәрілік түрдің дайындалу, жіберу, қолдану әдісін көрсету арқылы мал дәрігерінің жазбаша түрде беруі. Рецепт – жауапты құжат болып табылады. Дәріні рецепт түрінде жазып, өткізген адам заңды түрде жауапты болып саналады. Рецептте көрсетіледі: - дәріні қандай көлемде босату керек. - Қандай дәрілік түрде дайындау керек. - Қандай малға дайындау керек - Қандай әдіспен - Қанша мөлшерде - Қанша уақытқа дейін Рецепт анық, нақты көлемі 105*148 мм парақта жазылуы тиіс. Парақтың екі жағынан 3-4 см көлемінде қалдырылуы тиіс, бұл жерге фармацевтің түсіндірмесі жазылады. Қатесі жөнделген рецепт қабылданбайды. Бір бланкіге 1 рецепт жазуға болады, екінші рецепті жазу үшін арасына # белгісін қою арқылы жазамыз. Егер де тез арада берілетін дәрі болса онда (citо) быстро-тез деген белгі қойылады: немесе (statum) (тoтчac) дәл қазір немесе Antidotum (противоядие) уға қарсы. Осы рецептпен аптекада дайындалып, кезектен тыс босатылады. Рецепт мына бөлімдерден тұрады: 1. Inseriptio - заглавие – кіріспе. Мұнда мекеменің мөрі, аты, адресі, телефоны кіреді. Рецепт жазылған күн – Datum. Nomen aegroti – ауру мал жайлы мәлімет малдың түрі, аты, жасы, егесі жайлы мәлімет. Nomen medici - рецепт жазған мал дәрігерінің аты-жөні.
  • 10. 10 2. Praepositio –мал дәрігерінің фармацевке жолдауы. Мына сөзбен – Recipe – возьми – ал қысқаша «Rp». 3. Designatio materiarum – дәрілер тізімі – бұнда даярланған дәрілер тізімі кіреді. Бұл бөлімде дәрілер латын тілінде жазылады. Әр дәрі жаңа жолдан жазылады. Жазылған дәрінің соңына мөлшері көрсетіледі. Мысалы 10 грамм – 10,0 5 дециграмм – 0,5 Сұйық түрлер – миллилитрмен –мл белгіленеді. Егерде мөлшерін қайталайтын болса, ana (аа) – бірдей деген белгі қойылады. Дәрілердің белсенділігі бірлік әсермен белгіленген болса, онда граммның орнына ЕД қойылады. Мысалы Benzylpenicillinum natrii 500000 ED. Рецепте бірінші кезекте басты дәрілер жазылады. Формасын өзгертетін дәрілерді белгілі бір форма болғанша қосады, оның мөлшері жазылмайды, сондықтан оған guantum satis – q.s – керегінше ал деп белгі қойылады. 4. Subscriptio – дәрілік форманың дайындалуын көрсету. Misce fiat – M.f – араластыр, осылай болсын. Мысалы: M.f. pulvis – араластыр, ұнтақ болғанша. 5. Signatura - бұл “Dasigna”. D.s – босатылсын. Бұл бөлім ана тілінде жазылады. Дәріні қалай қолдану, қанша мөлшерде, қай уақыт аралығы екені көрсетіледі. 6. Nomen medici – рецептің соңына мал дәрігерінің қолы қойылады. Рецепте мекеменің мөрі басылмаса онда, мал дәрігерінің мөрі және қолы қойылады. Улы және күшті әсер ететін заттар рецепте жазылған кезде, міндетті түрде мекеме мөрі және мал дәрігерінің мөрі, қолы болуы тиіс. Егер рецепт қағаздың екі бетіне жазылатын болса, онда рецепт соңына Verte – аудар деген сөз жазылады. Рецепті тағы да қолданатын болса, онда “Repetatur” – қайталансын деген сөз жазылады. Рецепте наркотикалық және улы заттар – 5 тәулікке жарамды. Ұйқы келтіретін, нейролептикалық -10 күнге жарамды. Ал қалған дәрілер -2 айға дейін жарамды болып табылады. Рецептің жазу үлгісі А. Жай рецепт Мекеменің мөрі: Рецепт жазылған күн: 20.09.08. Малдың түрі: сиыр Мал дәрігерінің аты-жөні: Айтжанов Rp: Calcii gluconatis 0,6 D.t.d. № 6 8. Ішке. 1 ұнтақтан 3 күн. Мал дәрігерінің мөрі, қолы Б. Күрделі рецепт Мекеменің аты, мөрі, адресі. Күні: 20.09.08. Малдың түрі: бұзауға Мал дәрігері: Айтжанов Rp: Natrii salicylatis 12,0 Coffeini-benzait natrii 2,0 Sirupi Simplicis 20 ml Aguae destillatae 150 ml7
  • 11. 11 M.f. mixtura D.s. Ішкі ағзаға 1 ас қасықпен күніне 3 рет. Мал дәрігердің қолы, мөрі. Рецепт бөлінеді - Жай - Күрделі - Мөлшерлі - Мөлшерсіз Жай рецептке, тек бір дәрі, ал күрделі рецептке бірнеше дәрі көрсетіледі. Мөлшерлі рецептке, бір дәрінің қолдану мөлшері көрсетіледі. Ал мөлшерсіз бірнеше дәрінің қолдану мөлшері. Жай мөлшерлі рецепт Rp: Pulveris Streptocidi albe 0,5 Dtd № 6 S. Күрделі мөлшерлі рецепт Rp: Phenyli, Salicylatis 0,3 Hexamethylentetramini 0,5 M.f. pulvis D.t d № 6 S. Сонымен бірге дистанционды немесе дивизионды әдіс кездеседі. Бұнда бірнеше дәрімен қоса олардың қайталанып берілуі және оларды әр емге бөлінуі Мысалы: Rp: Streptocidi albi Sulfadimezini aa 30,0 Farinae Secalinae et Aguae destillatae d.s. Ut.f boli № 3 D.S. Рецепт официальді және магистральдіі болып бөлінеді. дәрігерінің рұқсатымен босатылады. Бақылау сұрақтары. 1. Рецептураға анықтама беріңіз. 2. Рецептура қандай бөлімдерден тұрады? 3. Рецепте не көрсетіледі? 4. Рецептің жазылу үлгісі. Дәріс №3. Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік формалар. Жоспары: 1. Сұйық дәрілік формалар 2. Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік. 3. Жұмсақ формалар туралы түсінік. Сұйық дәрілік формалар. Ерітінділер (solutio) –сұйық дәрілік түр.Ерітінділерді сұйық,тығыз,газ түріндегі заттарды еріту арқылы алады.Ерітінді дәрілік зат үшін су,спирт,эфир майды қолданылады.Сыртқы және ішкі ағзаға қолданылатын ерітінді стерилизация
  • 12. 12 жасалмайды.Ал,иньекцияға қолданылатын ерітінді стерилизация жасалады.Ерітіндіні түрінде көбінесе су қолданылады: А)Кәдімгі (agua communs) Б)Құдықтан (agua Fontana) В) Дистильденген су (agua destillata) Осы ерітіндіні дайындау үшін 18 г дәрілік зат m (1,5х12=18) жә-не 120мл су (10х12=120) асу қажет. Кептірілген және қою экстрактілерді және ірі кристалды заттарды ерітінді дайындауға қолдану үшін, бірінші ступкадан майдалайды,азырақ ерітінді қосып,біркелкі массаға жеткенше араластырады,кейннен қалған ерітіндімен араластырады. Фильтрлі ерітінді үшін,фильтр қағазын қолданылады,қабатталынған фильтр кең колемде фильтры және басқа,да күрделі шыны воронкалар мен орнықыштар орнатылған.Ерітіндіні жоғары температурада иньекцияларды отқа ысыту немесе асептика дайындау дәрілік заттарға байланысты. Ерітіндіні жазғанда қыстырылған және толық түрде жазылады.Қыстырылған жазу- арнайы, ол толық түрде-магистральды жазуға сәйкес келеді.Спиртті және май ерітіндісін жазған кезде міндетті түрде ерітіндісін көрсету тиіс.Егер спиртті ерітіндісін қыстырылған түрде жазылса,онда 90 этил спирті қолданылады. Ерітінді концентрациясы қысқартылып жазылса онда рецепте 3 жолмен түсіндіріледі,процентпен,қатынаспен,тараз бірлігімен. Қысқартылған рецеп түріне мысал: Ерітінді концентрациясы таразы санымен: Егер ерітінді концеентрациясы таразы көлемімен 0,04г препратынан 200 мл дистильденген суға араластырады Тұнба (Ihfusum-атау септік,жекеше түрде,Ihfusi-жекеше түрдегі ілік септік)-дәрілік өсімдіктерден су көмегімен алынған сұйық дәрілік түрі. Тұнбалар ыстық суда кейде бөлме температурасында көбінесе өсімдіктердің нәзік бөліктерін(жапырақтарын, жемістерін,гүлдерін) кейде қатты бөліктерін(тамырларын) тұндыру арқылы дайындалады.Құрғақ өсімдік материалын келіде гүлдерді,жапырақтарды,жемістерді ұсақтайды немесе пышақпен кесу арқылы (тамырды) ұсақтайды. Ұсақталған заттың мөлшері қатты бөліктері үшін 0,5-3мм,ал жұмсақ бөліктері үшін 1-55мм болуы тиіс.Инстилляция үшін инфудирлі құрылғылар қолданылады.Олар бу арқылы жоғары температуралы пайда болдыруға немесе колба немесе инфундирка маңын сумен толтыруға беймделген.Ұнтақталған өсімдік бөліктерін инфундирге салып,белгілі мөлшерде су құяды және си инфундирлі апаратына 15 минутка қояды.Содан соң колбаны бөлме температурасында 40 мин.Бойы суытып,колба ішіндегісін кенеп немесе дәке арқылы сүзгіден өткізеді және оның колемін өлшейді.Егер сүзілгенге сұйықтың (колатураның) мөлшері рецепте көрсетілгеннен аз болып шықса,оған су қосып,қайтадан қажетті көлемін алғанша сүзгіден өткізеді.Кейде тұнбаларды үй жағдайында дайындайды. Тұнбалар ішкі және сыртқы болып белгіленеді.Ішкісін қасықпен,зонда арқылы,резенкелі бөтелкемен немесе шыланған жемге қосып беріледі.Ол рецептте көрсетіледі.Сырттай ауыз қуысын шайғанда,жуғанда,компресс жасағанда беріледі. Рецептте Cito белгісі бар тұнбаларды жедел дайындау үшін өсімдіктің ұсақталған бөліктері судың белгілі мөлшерінде су моншасында 25мин бойы қайнатылады.Содан соң тұнбаны (суытып) ағынды мұздай сумен немесе тоңазғышта суытады. Қайнатпа (Decoctum-атау септік жекеше түрде, (Decoctі- жекеше түрдегі ілік септік)- су көмегімен өсімдік шикізатынан әсер етуші бастамаларды
  • 13. 13 алу,Қайнатпаларды тұнбалар секілді су көмегімен өсімдік шикізатының бастауларын алу арқылы алады.Қайнатпаларды дайындау, жазып беру, қолдану үлгісін тұнбалароға ұқсас келеді.Айырмашылығы қайнатпаларды өсімдіктің қатты бөліктерінен дайындағанда(тамырынан). Оны жылытылған инфундирлі апаратта немесе су моншасында 30 минут қайнатқан кезде тұздар, крахмал, шырышы, пектин т,б қиын алынатын заттаар алады.Қайнатпа салқын 3-4 күн сақталады Шырыш (Mucilago- жекеше түрдегі атау септік, Mucilaginous- жекеше түрдегі ілік септік)- крахмал немесе басқа полисахаридтер суындағы қою коллоидалы ерітіндіні,Оның өсімдік материалының зығыры ұрығынан,алтей тамырынан т,б шырышты заттектерін сумен алу арқылы, шаайырды суға араластыру немесе крахмалды ыстық суда араластыру арқылы алуға болады.Бұл заттпектер көмірсуларға жатады;олар суда ери немесе ісіне отырып,қою кілегейлі сұйықтық қүрайды.Крахмалды шырышты дайындау үшін крахмалдың 1 бөлігін мұздай судың 4 бөлігімен араластырады.Содан соң ыстық судың 45 бөлігін қосып, үнемі араластыра отырып, отта ( қайнағанша) 3-5 (ұстайды) қайнатады.Суытылған күйде жіберіледі.Зығыр (ұрығынан алынған) ұрығының шырышын кішкене шыны сауытта ұрықтың 1 бөлігін ыстық судың 30 бөлігінде 15 мин.Бойы араластыру арқылы алады. Шырышты іштей, рекалды және тітіркену әсерінен бәсеңдету үшін сырттай береді, Миксутурлар (Mixture-жекеше түрдегі атау септік) –дәрілік затарды сұйықтықта еріту немесе араластыру (Mixtura-қоспа) арқылы алынатын дәрінің түрі. Еріткіш ретінде су тұнбалар қайнатпалар,шырыштар т.б алынады.Микстура құрамына қатты және сұйық дәрі түрлері кіруі мүмкін.Мистуралар түсіз және тұнбамен болуы мүмкін.Тұнбасы бар микстураларды қолданар алдында араластыру керек. Микстуралар кең көлемді рецептте жазылады. F-дайындауға қажетті ерітінді мөлшері: V-ерітіндінің қажетті концентрациясы: Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік. Таблеткалар Tabulettae – қатты дәрілік түрге жатады, арнайы қондырғыларда дәрілерді нығыздау арқылы алынады.Олар әр түрлі формада домалақ, сопақ, жұқа пластинка тәрізді және басқа да формада шығарылады.Таблетка құрамына дәрілер және қосымша (қант,крахмал,тұз,тальк) кіреді. Таблетканы ішкі ағзаға қолданады,кейде сұйықтық түрінде қолданады.Ішкі ағзаға алдын ала сезіп жеммен, сумен береді.Бұл мал дәрігерлік практикада кеңінен қолданылатын дәрілік түр.Таблеткалар қолданғанда өте қолайлы,дәрінің ащы дәмі аз мөлшерде сезіледі.Оларды жабық ыдыстарда құрғақ жерде,жарығы жоқ жерлерде сақтайды. Олар жылтыр қабатты, түзу формада жан-жағы сынбаған болуы керек.Таблетканы сыртқы қабатынсыз 50мл суда – 15 минутта,ал сыртқы қабатпен – 30минутта ертуі керек, осы уақытта ерімесе жарамсыз болып табылады, себебі олар ас қорыту органдарында ерімейтін болады.Таблеткалар тек қана заводтарда даярлайды. Таблеткаларды 2түрде рецепт жазады. Бұзауға Rp: Analgini 0,5 Dtd № 10 in tabulettis S.Ішке бір таблеткадан күніне 3рет. Rp: Tabulettae Analgini 0,5 Dtd № 10 S.Ішке бір таблеткадан күніне 2рет.
  • 14. 14 Түйірлер – қатты дәрілік түр,түйірлеу арқылы алынады, көмекші зат қант,крахмалл,ұн ретінде қолданады.Ішкі ағзаға беріледі. Массасы 1гр-нан аспауы керек.Түйірлер – бірдей формада жылтыр қабатты бірдей бояуда болуы тиіс. Витаминдер,таблеткалар осы түйірлер формасында болып келеді. Капсулдар- сыртқы қабығы бар дәрілік зат.Қабықтың ішінде мөлшерленген сұйық,тұтқыр,қатты дәрілік заттар болады. Капсулаларды фабрикаларда жасайды. Капсулдар мынадай түрлерге бөлінеді: Крахмалды капсулдар – оларды крахмалдан немесе ұннан дайындайды. Желатинді капсулдар –желатиннен даярланады. Бұл капсулдар ішкі ағзада еритін болады. Ұнтақ (Pulvis) – құрғақ, төгілмелі дәрінің түрі, ішкі және сыртқы ағзаға қолданылады.Ұнтақты тығыз дәрілік затты арнайы ыдыста немесе арнайы машинада ұнтақтау арқылы алады.Ұнтақталған затты арнайы үккіштен өткізеді.Шамасына қарай:ірі,майда,ұсақ ұнтақ болады және жеке бір ғана дәрілік заттан немесе күрделі бірнеше дәрілік заттан тұрады.Өлшеулі ұнтақтар ішкі ағзаға қолданылады,өлшеусіз ұнтақтар жараға сыртқы ағзаға жұқа қабатқа қолданылады.Дәрілік затты қағазға пакет түрінде орайды. Мөлшерсіз ұнтақтар – рецепте қатерсіз, улы әсер етуі төмен ұнтақтар жатады, олардың мөлшері анық мөлшерленбейді. Мөлшерлі ұнтақтар – негізінен улы күшті әсер ететін ұнтақтардан тұрады, сондықтан нақты мөлшері көрсетіледі. Дәрілік жиынтық – кептірілген ұнтақталған дәрілік шөптердің жиынтығы. Дәрілік шөптің әр бөлігінің латынша атауы. Шөп-Herba Жапырақ- Folium Гүл- Flos Тұқым-Fructus Ұрық-Semen Тамыр-Radis Түбіртек-Cortex Дәрілік жиынтыққа жататын өсімдіктер көбінесе тұтқырлық, іш өткізгіш, зәр айдағыш заттар ретінде қолданылады. Дәрілік жиынтыққа улы, күшті әсер ететін заттар қолданбайды.Жиынтық ішкі ағзаға құрғақ күйінде жеммен немесе тұнба, қайнатпа ретінде, ал сыртқы ағзаға вена түрінде,сұйықтық түрінде қолданады. Болюс-Bolus – нан тәрізді болып келген дәрілік түр.Болюс дәрі және формасын өзгертетін заттардан тұрады.Формасын өзгертетін заттарға - қара ұн (Farina Secalina) - алтай тамырының ұнтағы (Pulvis Radicis Althaeae) - ақ балшық (Bolus alba) жатады. Сұйық зат ретінде дистилденген су, қайнаған су, су құбырындағы су (Agua destillata,cocta,fontana),сироптар – (sirupus simplex-жай қант сиропы) спирттер,сабын (sapo viridus)-жасыл сабын, экстрактілер қолданады. Болюстің массасы 0,5-50гр дейін болады. Болюсті арнайы болюс беретін құралмен береді. Болюсті 1-2күн аралағанда береді,одан кейін беруге жарамсыз болып қалады. Жұмсақ формалар туралы түсінік.
  • 15. 15 Жағылмалар- дәрінің түрі. Жұмсартқыш дәрі – қабынған ұлпалардың кернеулігін төмендететін, оларды сыртқы тітіркендіргіштерден қорғау үшін қолданылатын майлар және май тәрізді заттар. Оларды көбінесе теріні неғұрлым жұмсарту, ал ойық жараға айналғанда, күйікте және жарақаттануда сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтандыру және жазылу процесін жеделдету үшін теріге жағады. Сыртқы ағзаға қолданылады. Вазелин тәріздес болып келеді.Жағылмалы дәрілік заттың формасын өзгертетін заттарға вазелин майы (vaselini) шошқаның тазартылған майы ( Adeps suillus depuratus), ланолин ,вазелин қолданылады. Майлардың тығыздығы өлшем бірлігінен аз(0,905-0.999).Суда олар ерімейді,бірақ олардың өзі ылғалды тарта алады. Майларды сумен бірге кілегей және белоктық заттарды қосып мұқият ысқылап жаққанда май ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер кілегеймен немесе белоктық заттармен жұмарланып,төзімді бір өлшемді салмақ – эмульсия түзеді. Жұмсақ күйден сұйық күйге және одан кері күйге ауысу бірте-бірте болады, мұның өзі заттың терімен байланысы үшінде өте бағалы. Балқу температурасы дене температурасына жақын жұмсартқыш заттардың неғұрлым зор мәні бар. Олар табиғи жағдайда өзінің жұмсақ консистенциясын сақтайды.Ал дене температурасында бірте-бірте балқып теріге сіңеді. Майлар ыдырағанда жергілікті тітірдендіргіш әсер ететін, ал сіңгеннен кейін тым улы заттар түзеді.Бактериялардың және ылғалдылықтың әсерінен майлар мен сұйық майлар, қышқылдар мен глицериннің түзілуіне байланысты ыдырайды,бұл орайда олар жағымсыз иіс пен дәмге ие болады (тоңмай мен майдың «ащылануы»). Жағылмаларды, заводтарда мацерацин және ерітіндінің дайын экстрактілерімен жасайды.Жағылмаларды ұзақ сақтауға болады. Жағылмалар жай және күрделі болып бөлінеді.Жай жағылмалар бір ғана дәрілік түрден тұрады, ал күрделі жағылмалар 2 немесе одан көп құрамды дәріліктерден тұрады. Жай жағылмалар толық және қысқартылған түрінде жазылады.Қысқартылған түрімен жазғанда алдымен жағылмалар, жағылманын аты концентрациясы және саны жазылады. Дайындалуы:Дәрілік затты алып. Ступкадан езіп, сосын формасын өзгертетін зат қосамыз.Құрамында күрделі зат бар жағылмалар арнайы машиналарда дайындалады. Ал жай жағылмалар аптекада қолымен Бақылау сұрақтары. 1. Сұйық дәрілік заттар.Түрлері. 2. Қатты дәрілік заттар.Түрлері. 3. Жұмсақ дәрілік заттар. Түрлері.
  • 16. 16 II Бөлім. Жалпы фармакология. Дәріс №4 Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары,дәріні мөлшерлеу. Жоспары: 1. Жалпы фармакология. 2. Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары. 3. Дәріні мөлшерлеу. Жалпы фармакология. Жалп ы фармакологи я дәрілік заттардың тірі организммен қарым- қатынасының заңдылықтарын оқытатын ілім. Ол үшін дәрілік заттардың фармакокинетикасын (грекше: рһаrmaсоn - дәрі, кіпео- қозғау) және фармакодинамикасын (dinamis- күш) толық меңгеру керек. Фармакокинетика - дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөлін уін түсіндіретін фармакологияның бөлімі. Фармакодинамика - организмге түскен дәрілік заттардың орналасуын, әсер ету механизмін, оның мөлшеріне байланыстылығын, жағымсыз әсерлерін және организмде болатын биологиялық тиімділікті оқығатын фармакологияның бөлімі. ФАРМАКОКИНЕТИКА. Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары. Дәрілік заттардың күші , жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның мөлшеріне ,резорбциялану жолына дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына көп байланысты.Дәрілік заттардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз олардың ұлпа қабатттары арқылы лимфаға немесе қанға енуі. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін қолданылатын барлық дәрілік заттарды әртүрлі пішінде организмге енгізеді, немесе тері не кілегей қабықтары арқылы сіңіреді. Дәрілік заттардың сіңу жылдамдығы, әсер ету күші мен өзгешелігі олардың пішіні мен жіберу жолдарына тікелей байланысты. Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы лимфа мен қанға сіңуі олардың резорбциялық әсерлері ретінде сипатталады. Ол тіндердің кедергілік функцияларына және дәрілік заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты құрбылыс. Сондықтан да дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын таңдап алу дәрігердің алдында тұрған жауапты кезеңнің бірі. Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Оларды ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы (парэнтералды) деп бөлуге болады. Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы арқылы жіберу. Бұл жағдайда дәрілердің организмге сіңуі асқазаннан басталады да, көбінесе жіберілген дәрілік заттармен түйісетін үстіңгі бетінің көлемі аумақты, қанмен жақсы қамтамасыз етілген ащы ішектерде негізгі бөліктері сіңіп, тарайды. Дәрілердің сіңуі торша мембраналарының саңылаулары арқылы және ол жердегі қысым айырмашылығына байланысты іске асады. Дәрілердің сіңу жылдамдығы кілегей қабықтардың функционалдық жағдайларына, асқазан мен ішектердің жиырылу белсенділіктеріне, органның қышқылдығына және олардағы ас қалдығының мөлшері мен сапасына тікелей байланысты болады. Ескеретін бір жағдай, дәрілік заттардың жалпы қан айналысына түспес бұрын, ішекте сіңгеннен кейін бауырға барып бейтараптануы, немесе өтпен бөлінуі мүмкін. Ал кейбір дәрілерді ас қорыту жүйесінің ферменттерінің
  • 17. 17 әсерінен бүлінетіндіктен ауыз қуысы арқылы беруге болмайтынын ескерген жөн. Мысал ретінде адреналин, инсулин, бензилпенициллин және т.б. препараттарды келтіруге болады. Ас қорыту жүйесінің кіл е г е й қабықтарының рецепторларын қатты тітіркендіретін дәрілерді ауыз қуысы арқылы беруден төмен. Малдәрігерлерінің әртүрлі пішінді дәрілерді беру үшін қолданатын аспаптары бар. Оған жататындар: қасық, резина түтігі, зондтар, қалақша, болюс бергіштер, резина бөтелкелері, шприцтер және т.б. Көптеген дәрілік заттарды малдың азығына қосып берген өте қолайлы. Бұл әдістердің қолайсыз жағдайы сол, берілген дәрілік заттардың 50 %-ына дейінгісінің ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлерінен белсенділігі жойылады. Сондықтан олардың мөлшерін басқа әдістерге қарағанда 1,5-2 есе көбейтіп жібереді. Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесі арқылы жіберудің екін ші түрі оларды тік ішек арқылы енгізу. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың 50 %-дай мөлшері бауырға соқпай, тікелей қан айналысына түседі. Олар ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлеріне ұшырамайды. Дәрілердің сіңуі қарапайым диффузия заңына бағынады. Дәрілік заттарды ерітінді түрінде Эсмарх, немесе резина; ыдыстар арқылы резина түтікшелерін қолданып, не микроклизма ретінде жібереді. Ірі малдарға 2 л-ге дейін, ал ұсақ малдарға - 5-10 мл ерітіндіні жіберуге болады. Дәрілік заттарды күйіс қайыратын малдардың месқарнына басқа әдістерден нәтиже болмаған жағдайда жібереді. Парентералды әдістердің ішінде малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері терінің астына, еттің ішіне және венаға жіберу әдістері. Дәрілік заттарды венаға жібергенде оның әсері басқа әдістерге қарағанда жылдамырақ болады. Терінің астына және еттің ішіне тітіркендіргіш қасиеті бар дәрілерді жіберуге болмайды. Ондай дәрілік заттар ұзақ уақыт ауырсынғандық, қабыну процессін тудырады, кейде жергілікті өлі еттену құбылысының пайда болуы да мумкін. Дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін ұзарту үшін пролонгаторлар қолданылады. Терінің астына дәрілік заттардың судағы және майдағы ерітінділері жиі, ал спирттегі ерітінділері сирек жіберіледі. Жылқылар мен ірі қара малдарының мойын тұстарына, қойлардың ішкі шабына, шошқаларға құлағының арты мен ішкі шабына, иттер мен мысықтардың қабырға, немесе ішкі шап тұстарына жіберген дұрыс. Ірі малдарға 2-20 мл, ал ұсақ малдарға 0,5-2 мл мөлшерінде жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері 5-15 минуттан кейін біліне бастайды. Осындай түрдегі ерітінділерді еттің ішіне де жіберуге болады. Көбінесе малдың жая, иық, төс бұлшық еттеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың әсері тері атына жібергеннен 2 есе жылдамырақ білінеді. Дәрілік заттарды венаға, немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн. Ол үшін дәрігердің өзіндік тәжірибесі болғаны дұрыс. Қан тамырларына толық ерімейтін, майлы, тітіркендіргіш, қанды ұйытатын, эритроциттерді ерітетін дәрілік заттарды жіберуге болмайды. Әдіс арнайы шприцтер мен аппараттар (Жанэ шприці, Бобров аппараты) арқылы орындалады. Жылқыларға, ірі қара малдарына, қой, ешкілерге мойын көк тамыры мен қарын тұсының тері асты венасына; шошқалар мен қояндардың құлақтарының венасына; иттердің жамбас және жіліншік тері асты веналарына жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері бірден білінеді. Дәрілік заттарды артерияға жіберу өте қүрделі әдіс болғандықтан малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылады. Дәрілік заттарды, әсіресе төлдерге, венаға жіберу мүмкін болмай қалған жағдайда, төс сүйегінің ішіне жіберуге болатынын да есте сақтаған жөн.
  • 18. 18 Дәрілік заттарды құрсақ қуысына, плевраның ішіне жіберу әдістері де бар. Бұл әдістер сирек қолданылса да, кейбір ауруларда малдәрігерінің арсеналындағы таптырмайтын әдістер. КЕЙІНГІ кезде, әсіресе тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу шаралары ретінде, жиі ұсынылып жүрген әдістердің бірі - дәрілік заттарды бу немесе аэрозоль, ретінде дем арқылы жіберу әдісі. Малдардың өкпелерінің сору бетінің көлемінің үлкендігін және альвеоллалардың капилляр қан тамырларымен жақсы коректенетінін ескерсек, онда дем арқылы келген дәрілік заттардың қанта тез тарайтынына күман болмаса керек. Бұл әдіспен жіберілген дәрілік заттар жергілікті (өте ұсақ бөлшектерге ыдыратылған сульфаниламид немесе антибиотиктердің бөлшектері танау қусынан бастап микробтарға қарсы әсер ете бастайды), рефлекторлы (қақырық түсіруі) және резорбтивті (қанға сіңу арқылы) әсер етеді. Дәрілік заттарды дем арқылы жіберудің де бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде ауру малдарды топтап емдеу үшін қолданылатын аэрозоль-, оксигенозоль арқылы емдеу әдістерінің малдәрігерлері үшін алатын орындары ерекше. Бұл әдістердің ғылыми негізін дәлелдеп, іс жүзіне асыруда Омскінің малдәрігерлік және Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институттарының ғалымдарының қосқан үлестері өте зор. Малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылатын, бірақ білуге керек әдістердің қатарына отиттерді (құлақ қабынуларын) емдеу үшін қолданылатын малдардың құлағына дәрі тамызу, иттерге қолдануға болатын жүрек қуыстарына дәрі жіберу әдістері жатады. Теріге, кілегей қабықтарға жату арқылы майлар, пасталар, линименттер, ұнтақтар, ерітінділер, эмульсиялар, балауыз дәрілер, шарлар, таяқшалар қолданылады. Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер дәрілік заттарды шашырату, олармен жуу, оларға шомылдыру. Ол үшін арнайы шашыратқыштар, гидропульттар, аппараттар, машиналар пайдаланылады. Дәрілік заттарды инъекция арқылы жіберу әдісінің түріне оларды электрофорез арқылы жіберу әдісі де жатады. Малдың терісін, кілегей қабытын жарақаттамай, электр тоғының оң және сол полюстерін пайдалана отырып, белгілі бір зарядтағы дәрілік заттарды мал организміне енгізу. Дәрілік заттарды енгізу үшін қолданылатын электродтардың орналасқан жерлерінде дәрілер шоғырланып, ұзақ уақыт әсер етеді. Кілегей қабықтардың рецепторларын қатты тітіркендірмейтін кейбір дәрілерді көздің, немесе мұрын қуысының кілегей қабықтарына тамызу арқылы қолдану әдісі де ғылыми тұрғыдан дәлелденген. МІНЕ, қысқаша, малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды организмге жіберу үшін қолданылатын әдістерге жататыны осылар. Фармакодинамика - Дәрілік заттардың организмдегі биологиялық тиімділігі және олардың әсер ету механизмі. Басқаша айтқанда - дәрілік заттардың организмде тудыратын өзгерістерінің комплексті түрі. Мұндай өзгерістер торша аралық құрылыстарда болады да, ағзалар мен жүйелердің физиологиялық функцияларын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс реакциясын белсендендіреді, фермент процесстеріне оң әсер етеді, малдардың өнімділігін арттырады. Бұл өзгерістер фармакологияның белгілі бір заңдылықтары арқылы іске асады. Дәрілік заттардың көптеген рецепторлармен, торшалармен, тіндермен ағзалармен, жалпы организммен өзара қарым-қатынасы фармакодинамикалық реакцияларды тудырады. Дәрілік заттардың мөлшерін (дозасын) анықтау принциптері. Малдәрігерлерінің тәжірибелеріндегі ең жауапты кезеңдер - дәрілік заттардың мөлшерін және жіберу жолдарын дұрыс анықтай білу. Олар өте көп жағдайларға байланысты болып келеді. Организмге жіберілген дәрілік заттың мөлшері мен
  • 19. 19 химиялық құрылысы оның фармакодинамикалық тиімділігін, даму жылдамдығын, әсерінің ұзақтығы мен нақтылығын анықтайтын көрсеткіш. Доза - организмге белгілі бір мақсатпен жіберілетін дәрілік заттың мөлшері. Олардың мөлшері бір реттік, тәуліктік, курстық болуы мүмкін. Барлық дәрілік заттардың, оның ішінде организмнің өзі синтездейтін дәрілік заттардың да (гормондар, ферменттер, АҮФ және т.б.), жағымды және жағымсыз әсерлері бар. Мұндай әсерлеріәсіресе олардың химиялық құрылыстарына, жіберу мөлшеріне көңіл бөлмегенде жиі кездеседі. Фармакодинамикалық тиімділіктеріне қарай дәрілік заттарды мөлшері (дозасы) бойынша төмендегідей жіктеуге болады: Ең төменгі (тіп) дозасы - фармакодинамикалық және фармакотерапевтикалық тиімділігін нашар білдіретін дәрілік заттың мөлшері. Фармакопрофилактика үшін қолданылады; Тиімді, оптималды дозасы - жағымсыз әсері жоқ, жоғарғы терапевтикалық тиімділікті толық қамтамасыз ететін дәрілік заттың мөлшері. Малдәрігерлік тәжірибеде емдеу үшін жиі қолданылатын доза; Жоғарғы терапевтикалық (тах) дозасы – жоғарғы терапевтикалық тиімділік көрсететін, сонымен қатар жағымсыз (уландыру) әсерін тудыратын дәрілік заттың мөлшері. Дәрілік заттардың ең төменгі дозасы мен жоғарғы терапевтикалық дозаларының арасы терапевтикалық кеңістік деп аталады. Неғұрлым терапевтикалық кеңістік жоғары болса, ондай дәрілік заттың тірі организммен қатынасы төменірек болады да, ондай дәрінің жоғарғы терапевтикалық дозасынан қауіп-қатер аз болады. Организмде қайта қалпына келмейтін өзгерістер тудыратын дәрілік заттың дозасы өлтіру (леталды) дозасы деп аталады. Бақылау сұрақтары. 1.Жалпы фармакология нені оқытатын ілім? 2.Фармакокинетика дегеніміз не? 3.Фармакодинамика дегеніміз не? 4.Дәрілік заттарды организмге жіберу жолдары, олардың ерекшеліктері. 5.Дәрілік заттардың мөлшерін анықтау принициптері. 6.Дәрілік заттардың әсер ету механизмі. III Бөлім Жеке Фармакология. Дәріс №5 Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. Дезинфекция. Жоспары: 1.Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. 2. Дезинфекция. Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың ену нәтижесінде пайда болады.Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар(қоздырғыштары - микробтар),протозойлы аурулар (қоздырғыштары - протозойлар), гельминтоздық аурулар (қоздырғыштары -гельминттер) және экотопаразитарлық аурулар (қоздырғыштары –шыбын- шіркейлер мен кенелер). Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі ол қоздырғыштарды жою болып табылады.Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті ,протозоацидті,
  • 20. 20 инсектицидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады.Бактерицидтік (bacteria-таяқша, coedo-өлтіру)- деп бактерияларды жоятын әртүрлі дәрілік заттарды атайды.Дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер ететіндіктен вирусоцидтік, микоцидтік , спороцидтік және тағыда сол сияқты көптеген терминдер қолданылады. Кейбір дәрілік заттар белгілі бір аурулардың қоздырғыштарына ғана нәтижелі әсер ететіндіктен «стрептококкоцидтік», «сальмонелоцидтік» деген терминдерді де қолдануға тура келеді.Бактерицидтік заттар микробтардың тіршілігіне әртүрлі дәрежеде әсер етеді:олардың кейбіреулері микробтарды толық өлтіреді де, ал басқа біреулері тек қана олардың өсіп -өнуін тоқтататындықтан, біріншілерін бактерилитикалық,ал екіншілерін- бактериостатикалық деп атайды. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада,малдардың терісінде, клегейлі қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы мүмкін.Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою- дезинфекция деп аталады да, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар дейді. Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды антисептикалық,организмде жоюды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды. Әртүрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әртүрлі келеді.Олар препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне ,қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады.Олардың ішіндегі кейбіреулері (бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары және басқалары) органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, сонымен бірге де ыдыратады. Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен, антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстарменде байланыспайды.Олар тек қана торша цитоплазмасының тіршілігін бәсеңдетеді ( фенолдар,крезолдар және т.б.) ,бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғышына әсері күштірек болады. Үшінші топтың заттары микроптар үшін өте маңызды, ал жануарлар үшін онша маңызды емес, дегенімен, олар биохимиялық құбылыстардың жүруін бұза отырып микробтарға қарсы әсер етеді. Мұндай заттарға антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқалары жатады. Бұлардың жануарлар өмірі үшін қауіптілігі жоқ, өйткені олардың тіршілігі үшін аса қауіпті концентрациясы бактерицидтік концентрациясына қарағанда жүздеген, тіптен мыңдаған есе жоғары болады. Сондықтанда мұндай заттардың химиотерапевтік және антисептикалық мақсаттар үшін кең қолданылуы заңды да.Микробтарға қарсы әсер ететін заттарды тағайындау алдында, олардың қоздырғыштардың қандай түрлері үшін уытты,қандай концентрация мен мөлшерде нәтижелі екенін білу керек. Дезинфекция (франц. Des- қарама-қарсы жалғау және лат.infectio-инфекция) дегеніміз адамдармен жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қоршаған ортада жою.Белгілі бір аурудың барлық қоздырғыштарының тіршілігін жоятындықтан оны көп реттерде зарарсыздандыру деп те атайды. Дезинфекция ауруды алдын алумен жұқпалы ауруларды жою үшін жасалынатын ең маңызды шаралардың бірі,бірақ ол көптеген жағдайларды ескеріп жасағанда ғана ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы жұқпалы ауруды тарататын қоздырғыштың ерекшелігін білу. Дезинфекциялық заттарға төзімділігі бойынша оларды спора түзетіндер жіне спора түзбейтіндер деп
  • 21. 21 бөледі. Дезинфекциялық заттардың микроптарға қарсы әсері жақсы болу үшін және ауру қоздырғыштарын толық жою үшін дезинфекция жасалынатын жерді алдын – ала жақсылап дайындайды. Дезинфекция үшін сілтілер, қышқылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид препараттары күшті тотықтырғыштар,фенолдармен крезолдар , ауыр металдардың тұздары және басқада заттар қолданылады. Бақылау сұрақтар. 1. Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. 2. Дезинфекция жасалу тәртібі. 3. Дезинфекцияның түрлері. Дәріс №6. Антисептикалық,антигельминттік ,инсектоакарацидтік дәрілік заттар Жоспары: 1. Антисептика. 2. Антигельминтиктер. 3. Инсектоакарацидтер. Қазіргі түсінік бойынша антисептика дегеніміз (грек. anti-қарсы ,sepsis-шіру, шіруге қарсы әсер) жануарлардың терісіндегі, кілегейлі қабықтарындағы және жарақаттарындағы патогенді микроорганизмдерді жою.Антисептика – жергілікті және жалпы инфекция мен интоксикацияның алдын алуға арналған шаралардың жиынтығы.Мұны өткізгенде бактерицидтік әсері бар дәрілік заттардың маңызы зор. Антигельминттік заттар (anti-қарсы, helmins-құрт) дегеніміз жануарларды гельминттерден арылту үшін қолданылатын дәрілік заттар.Паразиттің биологиялық ерекшелігіне ,құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданылады. Антигельминтиктер - адамдар мен малдардың гельминттерімен күресу үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық негіздегі препараттар. Бұл топқа жататын препараттардың бірнеше классификациялары бар. Солардың ішіндегі ең қолайлысы ас қорыту жүйесінің жолындағы гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар мен тіндерде орналасатын гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар деп бөлу. Сонымен қатар гельминттердің түрлеріне қарай бөлінеді: Трематодтарға қарсы қолданылатын трематоцидтер; Цестодоттарға қарсы қолданылатын цестодоцидтер; Нематодтарға қарсы қолданылатын - нематодоцидтер. Әртүрлі антигельминтиктердің әсер ету механизмдері де әртүрлі: фенасал, камала, еркек қырыққұлақ препараттары жалпақ құрттардың нерв- бұлшық ет жүйесін салдандырады; жапқыш тіндерін, бөлу жүйесін бллдіреді; тетрамизол гельминттерде гликолиз процессін тежейді; пиперазин тұзы адренореактивті жүйеге әсер етеді. Антигельминтиктер қолданылған малды орташа алғанда 30 күннен кейін союға рұқсат етіледі. Препараттардың жағымсыз әсерлеріне жататындар: нефротоксикалық әсері - төртхлорлы көміртегі- фотосенсибилизация - фенасал, фенотиазин; гепатотоксикалық