SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 6
№ 134 «Гауһар» балабақшасы
«Үй құстары»
Кіріктірілген ашық оқу қызметі
№ 4 «Жұлдыз» тобы
Орындаған:БазыловаС.О.
РаимбековаД.А.
2016-2017 оқу жылы
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
№ 4 «Жұлдыз» ІІ кіші тобы
Тақырыбы: Үй құстары
Күні: 18.04.2017 ж.
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, апплекация
Мақсаты:
Білімділік: Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру, үй құстары жайлы
түсініктерін ажырата білуді үйрету;
Дамытушылық: Балалардың қиялын дамыту, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға
тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, сипаттау, сергіту, ойын.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеративтік тақта, үй құстары
туралы слайд, үй құстарының суреттері, атрибуттар.
Қостілдік компонент: үй құстары - домашние птицы, әтеш-петух , тауық- курица, қаз-
гусь, үйрек-утка,
Сөздік жұмыс: Үй құстары.
Оқу қызметінің
кезеңдері
Педагогтың қызметі Тәрбиешінің қызметі
Мотиватциялық
қозғаушылық
«Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті,
амандасайық».
Біз бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу
беріп жылы сөз айтып амандасып алайықшы
Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен,
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Балалар, бүгінгі күндерің көңілді, сәтті өтсін!
Орнымызға отырамыз.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін атап беріңіздерші?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар? Оларды ата?
-Көктемде ауа-райы қандай болады?
Балалар бүгін бізде коммуникация саласы
бойынша сөйлеуді дамытудан "Үй құстары"
тақырыбында ашық оқу-қызметі болады.
Сәлеметсіздер ме?
Балалар шаттық
шеңберіне тұрып, өлең
шумақтарын
қайталайды.
Бір жылда 4 жыл мезгілі
бар.
Қыс, көктем, жаз, күз
Қазір жылдың көктем
мезгілі.
Көктем мезгілінде 3ай
бар. Наурыз, сәуір,
мамыр
Ұйымдастырушы
лық – ізденістік
- Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар
ма?
-Сендер қандай ертегі білесіңдер?
- Олай болса қазір қиял-ғажайып еліне саяхаттап,
серуендеп емес, қиялдап, көзімізді жұмып
барамыз. Қәнекей бәріміз көзімізді жұмайық.
(Сиқырлы әуен ойналады)
- Балалар біз қиял-ғажайып еліне жеткен
сияқтымыз, көзімізді ашайықшы.
- Иә, ұнайды.
- Иә.
Орманға
-үйшік
Біз қайда келдік?
Балалар мынау тұрған не?
Ол үйде кім бар екен?
- Сендер тыныш отыра тұрыңдар, мен барып
мына тұрған үйшікті қағып көрейін.
- Тук-тук, кім бар екен?
- Мен бармын.
- Сіз кімсіз?
- Мен қиял-ғажайып еліндегі ертекші әжеймін.
- Ооо, жақсы болды ғой. Біздің ертегі
тыңдағымыз келеді. Сіз бізге "Үй құстарына"
байланысты ертегі айтып бересіз ба?
- Сендер мені мұқият отырып тыңдасаңдар ғана
айтып беремін.
- Жарайды, келістік. Біз ертегіні тыныш отырып
тыңдауға сөз береміз.
- Олай болса мен сендерге "Екі әтеш" ертегісін
айтып берейін.
("Екі әтеш" ертегісін айтып береді)
Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап
отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен
жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты.
Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем
шашады. Қарындары ашқанәтештер дүрсе қоя береді.
Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді
қызғанып, шекесінен одырая қарайды.
— Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп,
тыңқия бір тойсам-ау, – дейді.
Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті
қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады.
Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет
абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында
ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады.
Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен
бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-
жұлым болады.
Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда,
көршінің балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай
жеп кетеді.
- Балалар ертекші әжейдің ертегісі сендерге
ұнады ма?
- Сіздің ертегіңіз бізге қатты ұнады. Енді біз өз
елімізге оралайық. Рақмет сізге, ертекші әжей.
Сау болыңыз!
- Сауболыңдар балалар!
- Балалар біз елімізге оралу үшін тағы да көзімізді
жұмып қайтуымыз керек.
(Сиқырлы әуен ойналады)
- Балалар көзімізді ашсақ болады. Елімізге келдік.
- Біз жаңа қай жаққа саяхаттап келдік?
- Ол жақта кім бар екен?
- Иә. Ертекші әжей бізге қандай ертегі оқып
берді?
- Ертегінің ішінде қандай кейіпкерлер бар екен?
- Иә.
- Барлығы көздерін
жұмады.
- Ертегі еліне.
- Ертекші әжей.
- "Екі әтеш"
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Әтеш, балапандар үй
құстарына жатады.
- Балалар, қәнекей бәріміз тақтаға назар
аударайықшы.
- Балалар мынау не?
Мынау тауық. Шұбар тауық екен. Балалар біз
тауықты орысша қалай атаймыз?
Ал мынау не?
Міне мынау жұмыртқасы.
Жұмыртқасының түсі қандай?
Мынау қандай құс?
- Ал мынау-үйрек.
Үйректіде адамдар өздері асырайды.
Бұл құс суда жүзгенді ұнатады.
Мынау қандай құс?
Ал балалар мынау қандай құс?
Балалар қаздың мойнына қарайықшы,Қаздың
мойны, тұмсығы ұзындау болады.
Мынау қандай құс?
Балалар әтеште үй құсына жатады.Ол
таңертең күнмен бірге жарысып адамдарды
ұйқыдан оятады.
- Балалар, үй құстары немен қоректенеді?
- жеммен қоректенеді.
Тауық, үйрек, қаз, әтеш - бұлардың бәрі үй
құстары деп аталады.
Олар көктемде балапан басады.
-Балалар дала құстарымен үй құстарының
айырмашылығы қандай?
Дұрыс айтасыңдар балалар үй құстарын адамдар
асырайды, дала құстары далада өмір сүреді.
Балалар ал үй құстарының адамдарға қандай
пайдасы бар?
Дұрыс айтасыңдар үй құстарының адамдарға
пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам
ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе
жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына
қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя
салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя
маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп,
көмек көрсетеді.
Бәрекелді балалар сендер үй құстары туралы көп
мағұлымат біледі екеңсіндер.
Дидактикалық ойын: Не артық?
- Балалар ал сендер үй құстары жайлы тақпақтар
білесіңдер ме?
- Әже, ата, екі әтеш және
балапандар.
-Тауық
-Курица
-Жұмыртқасы
-ақ
-үйрек
-қоңыр
-қаз
- ұзын
-ұзын
-Әтеш.
-жеммен қоректенеді
-үй құстарын адамдар
асырайды, дала құстары
далада өмір сүреді.
-жұмыртқасын, етін
адамдар тағам ретінде
пайдаланады, жүнінен
жастық, көрпе жасайды
Арыстан: Үйрек айтты га-га-
га,
Шыға алмаймын жағаға.
Су іздесең мұнда кел,
Самал жел бар мұнда да.
Мағжан: Қазым, қазым,
қаңқылда,
Көлде жүзіп салқында,
Жем шашайын жейсің бе?
-
Өте тамаша! Балалар бағанадан бері ертегі
тыңдап, үй құстарымен,үй құстарына байланысты
тақпақ айтып шаршаған боларсыңдар. Қәне,
бәріміз ұйықтап демалып алсақ қалай
қарайсыңдар? (кукари-кукук" - деп тауық кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар мені таныдыңдар ма?
- Жарайсыңдар!
Балалар мен өзімнің балапандарыма сыйлық
жасайын дегем. Олардың суреттерін маған
жапсырып бересіңдер ме?
- Иә, онда тауық сіз дәл уақытында келдіңіз,
бізде бүгін "Үй құстарына" байланысты ашық
оқу-қызметі өтіп жатқан болатын. Сіз
уайымдамаңыз біздің балалар сізге
балапандарыңызды жапсырып береді.Төрге
шығыңыз.
Рахмет балалар.
- Балалар сендердің түрлеріңе қарасам қатты
шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз
орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап
алайық.
Балалар орындарынан тұрып тақтаға қарап
сергіту жаттығуын жасайды.
- Жарайсыңдар!
Балалар олай болса біз тауыққа көмек көрсетейік.
Оған балапандарды жабыстырып берейік.
Олай болса маған мұқият қараймыз.
Бізге жапсыру үшін не керек?
Балалар бұл не?
Балапанның түсі қандай?
Балалар балапанымыз 2 бөліктен тұрады. Басы
және денесі. Біз бірінші қағазымыздың дәл
ортасына балапанымыздың басын жапсырып
аламыз. Ол үшін түссіз жағын өзімізге
қаратып,столымызға қойып аламызда, оған желім
жағамыз. Желім жағылған балапанымыздың
басын қағазымыздың дәл ортасына жапсырамыз.
Жапсырып болған соң сүлгімен ақырын басамыз.
Енді денесін жапсырамыз. Болған соң желімнің
аузын жауып орнына қоямыз. Қолымызды
сүлгімен сүртеміз.
Балалар түсінікті болса орнымыздан тұрып столға
барайық. Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ
жаттығуын жасап алайық.
Саусақ жаттығуы:
Менде бар он саусақ,
Оның бәрі менікі.
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ
Кәмпит тәтті, болмайды ас.
Арпа менен бидай шаш.
Дарина: Зерна курочка
клюет,
И яички нам несет
Цыплятам говорит: ко-ко.
Не уходите далеко.
- Иә.
- Балалар мұқият
тыңдайды.
- Иә, балалардың бәрі
көзін жұмып ұйықтайды.
- Балалар тауықтың
дауысынан оянып
кетеді.
- Сәлеметсіз бе!
- Иә, таныдық, тауықсың
-Балалар сергіту сәтін
қимылмен қызыға
орындайды
Желім, қағаз, орамал
Балапан
Сары
Мен оны жұмамын, ашамын.
Жұмамын, ашамын,
Екі қолдың саусақтарын біріктіремін.
Балалар балапанды жапсырады.
Жұмысты қорытындылау:
Балалар біз не істедік?
Нені жапсырдық?
Түсі қандай екен?
Ненің баласы?
- Өте тамаша. Рақмет сендерге балалар! Менде
сендерге өзіммен бірге силық ала келдім.
Сендерге қонаққа келерде мынадай ішінде
тәттілері бар сиқырлы жұмыртқаны беремін
Апайларыңа беріп кетейін. Сауболыңдар!
Жапсырдық
Балапанды
Сары
Тауықтың баласы
Рефлексиялық -
түзетушілік
Балаларды шеңберге тұрғызу
Қорытынды:
- Балалар, сонымен үй құстарына нелер жатады?
Бүгін бізге қонаққа не келді?
- Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу-
қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін, жаңа
тауық тастап кеткен мына сиқырлы
жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді сендерге сиға
тартамын.
- Ал балалар келген қонақтармен қоштасайық.
- Сауболыңыздар!
- Тауық, үйрек, қаз
- тауық
- Иә.
- Балалар сиқырлы
жұмыртқаның ішінен
тәттілерді алады.
- Балалар қонақтармен
қоштасады.
Күтілетін нәтижелер:
Білуі тиіс: үй құстары туралы;
Меңгеруі тиіс: үй құстарының немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын, үй
құстарының түрлерін меңгеруі тиіс;
Үйренуі тиіс: үй құстарына деген қамқорлықтарын, өмірде пайдалана білуді.

Más contenido relacionado

La actualidad más candente

жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіd
жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіdжабайы жануарлардың қысқы тіршілігіd
жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіdNurlan Abilhanov
 
битимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыбитимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
омарбекова бибигул сабақ жоспары
омарбекова бибигул сабақ жоспарыомарбекова бибигул сабақ жоспары
омарбекова бибигул сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарларЖабайы жануарлар
Жабайы жануарларBilim All
 
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыбектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУnurlan93kz
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерNurlan Abilhanov
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс Nurlan Abilhanov
 

La actualidad más candente (20)

жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіd
жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіdжабайы жануарлардың қысқы тіршілігіd
жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіd
 
Stepp
SteppStepp
Stepp
 
битимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыбитимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспары
 
78о
78о78о
78о
 
ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2
 
толкын
толкынтолкын
толкын
 
мақта қыз бен мысық
мақта қыз бен мысықмақта қыз бен мысық
мақта қыз бен мысық
 
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысықМақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
ашык сабак
ашык сабакашык сабак
ашык сабак
 
омарбекова бибигул сабақ жоспары
омарбекова бибигул сабақ жоспарыомарбекова бибигул сабақ жоспары
омарбекова бибигул сабақ жоспары
 
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарларЖабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
 
издибаева г.а
издибаева г.аиздибаева г.а
издибаева г.а
 
үйшік ертегісі
үйшік ертегісіүйшік ертегісі
үйшік ертегісі
 
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыбектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ
3333ВУУАУАУУУУУУУУУУУУУУУ
 
ашық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхаташық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхат
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс
 

Similar a базылова с.о раимбекова д.а (20)

(1)d
 (1)d (1)d
(1)d
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
Dd
DdDd
Dd
 
12333
1233312333
12333
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
 
на сертификат
на сертификатна сертификат
на сертификат
 
123вукукук
123вукукук123вукукук
123вукукук
 
Үй құстары
Үй құстарыҮй құстары
Үй құстары
 
бекетқызы енлик
бекетқызы енликбекетқызы енлик
бекетқызы енлик
 
бекбатырова
бекбатыровабекбатырова
бекбатырова
 
шурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызышурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызы
 
Ggggs
GgggsGgggs
Ggggs
 
жануаралар2 №32
жануаралар2 №32жануаралар2 №32
жануаралар2 №32
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
самал
самалсамал
самал
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
5555555555
55555555555555555555
5555555555
 
галеева кунтай амиргалиевна
галеева кунтай амиргалиевнагалеева кунтай амиргалиевна
галеева кунтай амиргалиевна
 

Más de Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

Más de Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

базылова с.о раимбекова д.а

  • 1. № 134 «Гауһар» балабақшасы «Үй құстары» Кіріктірілген ашық оқу қызметі № 4 «Жұлдыз» тобы Орындаған:БазыловаС.О. РаимбековаД.А. 2016-2017 оқу жылы
  • 2. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы № 4 «Жұлдыз» ІІ кіші тобы Тақырыбы: Үй құстары Күні: 18.04.2017 ж. Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, апплекация Мақсаты: Білімділік: Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру, үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету; Дамытушылық: Балалардың қиялын дамыту, ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, сипаттау, сергіту, ойын. Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеративтік тақта, үй құстары туралы слайд, үй құстарының суреттері, атрибуттар. Қостілдік компонент: үй құстары - домашние птицы, әтеш-петух , тауық- курица, қаз- гусь, үйрек-утка, Сөздік жұмыс: Үй құстары. Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтың қызметі Тәрбиешінің қызметі Мотиватциялық қозғаушылық «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық». Біз бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп жылы сөз айтып амандасып алайықшы Күнге қарап қолымды Бір, екі, үш деп соғайын Қарап тұрған көршіме Мен қолымды бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен, Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын Балалар, бүгінгі күндерің көңілді, сәтті өтсін! Орнымызға отырамыз. Балалар бір жылда неше мезгіл бар? -Жыл мезгілдерін атап беріңіздерші? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? Оларды ата? -Көктемде ауа-райы қандай болады? Балалар бүгін бізде коммуникация саласы бойынша сөйлеуді дамытудан "Үй құстары" тақырыбында ашық оқу-қызметі болады. Сәлеметсіздер ме? Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең шумақтарын қайталайды. Бір жылда 4 жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде 3ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр Ұйымдастырушы лық – ізденістік - Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? -Сендер қандай ертегі білесіңдер? - Олай болса қазір қиял-ғажайып еліне саяхаттап, серуендеп емес, қиялдап, көзімізді жұмып барамыз. Қәнекей бәріміз көзімізді жұмайық. (Сиқырлы әуен ойналады) - Балалар біз қиял-ғажайып еліне жеткен сияқтымыз, көзімізді ашайықшы. - Иә, ұнайды. - Иә. Орманға -үйшік
  • 3. Біз қайда келдік? Балалар мынау тұрған не? Ол үйде кім бар екен? - Сендер тыныш отыра тұрыңдар, мен барып мына тұрған үйшікті қағып көрейін. - Тук-тук, кім бар екен? - Мен бармын. - Сіз кімсіз? - Мен қиял-ғажайып еліндегі ертекші әжеймін. - Ооо, жақсы болды ғой. Біздің ертегі тыңдағымыз келеді. Сіз бізге "Үй құстарына" байланысты ертегі айтып бересіз ба? - Сендер мені мұқият отырып тыңдасаңдар ғана айтып беремін. - Жарайды, келістік. Біз ертегіні тыныш отырып тыңдауға сөз береміз. - Олай болса мен сендерге "Екі әтеш" ертегісін айтып берейін. ("Екі әтеш" ертегісін айтып береді) Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты. Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқанәтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды. — Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам-ау, – дейді. Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым- жұлым болады. Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда, көршінің балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді. - Балалар ертекші әжейдің ертегісі сендерге ұнады ма? - Сіздің ертегіңіз бізге қатты ұнады. Енді біз өз елімізге оралайық. Рақмет сізге, ертекші әжей. Сау болыңыз! - Сауболыңдар балалар! - Балалар біз елімізге оралу үшін тағы да көзімізді жұмып қайтуымыз керек. (Сиқырлы әуен ойналады) - Балалар көзімізді ашсақ болады. Елімізге келдік. - Біз жаңа қай жаққа саяхаттап келдік? - Ол жақта кім бар екен? - Иә. Ертекші әжей бізге қандай ертегі оқып берді? - Ертегінің ішінде қандай кейіпкерлер бар екен? - Иә. - Барлығы көздерін жұмады. - Ертегі еліне. - Ертекші әжей. - "Екі әтеш"
  • 4. - Иә, дұрыс айтасыңдар. Әтеш, балапандар үй құстарына жатады. - Балалар, қәнекей бәріміз тақтаға назар аударайықшы. - Балалар мынау не? Мынау тауық. Шұбар тауық екен. Балалар біз тауықты орысша қалай атаймыз? Ал мынау не? Міне мынау жұмыртқасы. Жұмыртқасының түсі қандай? Мынау қандай құс? - Ал мынау-үйрек. Үйректіде адамдар өздері асырайды. Бұл құс суда жүзгенді ұнатады. Мынау қандай құс? Ал балалар мынау қандай құс? Балалар қаздың мойнына қарайықшы,Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Мынау қандай құс? Балалар әтеште үй құсына жатады.Ол таңертең күнмен бірге жарысып адамдарды ұйқыдан оятады. - Балалар, үй құстары немен қоректенеді? - жеммен қоректенеді. Тауық, үйрек, қаз, әтеш - бұлардың бәрі үй құстары деп аталады. Олар көктемде балапан басады. -Балалар дала құстарымен үй құстарының айырмашылығы қандай? Дұрыс айтасыңдар балалар үй құстарын адамдар асырайды, дала құстары далада өмір сүреді. Балалар ал үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар? Дұрыс айтасыңдар үй құстарының адамдарға пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді. Бәрекелді балалар сендер үй құстары туралы көп мағұлымат біледі екеңсіндер. Дидактикалық ойын: Не артық? - Балалар ал сендер үй құстары жайлы тақпақтар білесіңдер ме? - Әже, ата, екі әтеш және балапандар. -Тауық -Курица -Жұмыртқасы -ақ -үйрек -қоңыр -қаз - ұзын -ұзын -Әтеш. -жеммен қоректенеді -үй құстарын адамдар асырайды, дала құстары далада өмір сүреді. -жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды Арыстан: Үйрек айтты га-га- га, Шыға алмаймын жағаға. Су іздесең мұнда кел, Самал жел бар мұнда да. Мағжан: Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп салқында, Жем шашайын жейсің бе?
  • 5. - Өте тамаша! Балалар бағанадан бері ертегі тыңдап, үй құстарымен,үй құстарына байланысты тақпақ айтып шаршаған боларсыңдар. Қәне, бәріміз ұйықтап демалып алсақ қалай қарайсыңдар? (кукари-кукук" - деп тауық кіреді.) - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар мені таныдыңдар ма? - Жарайсыңдар! Балалар мен өзімнің балапандарыма сыйлық жасайын дегем. Олардың суреттерін маған жапсырып бересіңдер ме? - Иә, онда тауық сіз дәл уақытында келдіңіз, бізде бүгін "Үй құстарына" байланысты ашық оқу-қызметі өтіп жатқан болатын. Сіз уайымдамаңыз біздің балалар сізге балапандарыңызды жапсырып береді.Төрге шығыңыз. Рахмет балалар. - Балалар сендердің түрлеріңе қарасам қатты шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық. Балалар орындарынан тұрып тақтаға қарап сергіту жаттығуын жасайды. - Жарайсыңдар! Балалар олай болса біз тауыққа көмек көрсетейік. Оған балапандарды жабыстырып берейік. Олай болса маған мұқият қараймыз. Бізге жапсыру үшін не керек? Балалар бұл не? Балапанның түсі қандай? Балалар балапанымыз 2 бөліктен тұрады. Басы және денесі. Біз бірінші қағазымыздың дәл ортасына балапанымыздың басын жапсырып аламыз. Ол үшін түссіз жағын өзімізге қаратып,столымызға қойып аламызда, оған желім жағамыз. Желім жағылған балапанымыздың басын қағазымыздың дәл ортасына жапсырамыз. Жапсырып болған соң сүлгімен ақырын басамыз. Енді денесін жапсырамыз. Болған соң желімнің аузын жауып орнына қоямыз. Қолымызды сүлгімен сүртеміз. Балалар түсінікті болса орнымыздан тұрып столға барайық. Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық. Саусақ жаттығуы: Менде бар он саусақ, Оның бәрі менікі. Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ Кәмпит тәтті, болмайды ас. Арпа менен бидай шаш. Дарина: Зерна курочка клюет, И яички нам несет Цыплятам говорит: ко-ко. Не уходите далеко. - Иә. - Балалар мұқият тыңдайды. - Иә, балалардың бәрі көзін жұмып ұйықтайды. - Балалар тауықтың дауысынан оянып кетеді. - Сәлеметсіз бе! - Иә, таныдық, тауықсың -Балалар сергіту сәтін қимылмен қызыға орындайды Желім, қағаз, орамал Балапан Сары
  • 6. Мен оны жұмамын, ашамын. Жұмамын, ашамын, Екі қолдың саусақтарын біріктіремін. Балалар балапанды жапсырады. Жұмысты қорытындылау: Балалар біз не істедік? Нені жапсырдық? Түсі қандай екен? Ненің баласы? - Өте тамаша. Рақмет сендерге балалар! Менде сендерге өзіммен бірге силық ала келдім. Сендерге қонаққа келерде мынадай ішінде тәттілері бар сиқырлы жұмыртқаны беремін Апайларыңа беріп кетейін. Сауболыңдар! Жапсырдық Балапанды Сары Тауықтың баласы Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды шеңберге тұрғызу Қорытынды: - Балалар, сонымен үй құстарына нелер жатады? Бүгін бізге қонаққа не келді? - Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу- қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін, жаңа тауық тастап кеткен мына сиқырлы жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді сендерге сиға тартамын. - Ал балалар келген қонақтармен қоштасайық. - Сауболыңыздар! - Тауық, үйрек, қаз - тауық - Иә. - Балалар сиқырлы жұмыртқаның ішінен тәттілерді алады. - Балалар қонақтармен қоштасады. Күтілетін нәтижелер: Білуі тиіс: үй құстары туралы; Меңгеруі тиіс: үй құстарының немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін меңгеруі тиіс; Үйренуі тиіс: үй құстарына деген қамқорлықтарын, өмірде пайдалана білуді.