SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 7
Көшбасшылық жұмыстарды 
жүргізудің ерекшелігі 
«Ең әуелі мектепке керегі терең 
білімді педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта 
алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар 
һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм 
құралдар қандай болса, істеген іс те сондай 
болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап 
өткендей қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі 
жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі 
оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту 
сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі 
жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез 
бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім 
қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. 
Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар 
үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. 
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жәй 
ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар 
аудару болып отыр. 
Қазақстан Республикасының пелагог кадрларын оқытудың бірінші деңгейлі 
бағдарламасын игерген мұғалім ретінде өз мектебімнің бастапқы жағдайына 
зерттеулер жүргізу барысында оқыту мен оқу үдерісіне шын мәнінде 
өзгерістердің қажет екенін түсіндім. 
Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның 
түбегейлілік,өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін 
өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет?» мәселесіне 
басымдық береді. Инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін, бұл 
инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда және қалайша алынады 
деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, «Неліктен біз біздің оқыту 
тәсілдеріміздіөзгертуге тиіспіз?», содан кейін мәселені шешуге бағытталып: 
«Біз бұны қалай істейміз?», тек содан кейін ғана – «Біз сыныпта не істеуіміз 
керек?»деген сұрақты алға тартады. (МАН) 
Ең алдыменен «Нені өзгертуім керек?», «Өзгеріс енгізуде мен не 
істеймін?» деген сауалдарға зерттеу жұмыстарымдағы неғұрлым маңызды 
проблемаларды, соның ішінде олардың шешілуі арқылы барынша пайдалы 
нәтижеге қол жеткізуге болатын мәселелерді басты назарға алдым. 
Даму жоспарын өзгерістер бағдарламасы деуге де болады, яғни ол білім 
беру мекемесінің қиындықтан сәтті шығуын және мемлекеттің, қоғам мен 
тұлғаның өзгеріп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте қажет. 
Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректерінің нәтижесі 
бойынша дамыту жоспарының «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді 
қолдану арқылы топтық жұмыста оқушылардың бір-бірін оқыту 
дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыбы анықталды.
Мектептің даму жоспарының мақсатын айқындауға не негіз болды? 
Мектептің даму жоспарының басымдықтарын айқындауда тәжірибе 
кезіндегі зерттеулер қорытындысы көрсеткендей мұғалімдердің кәсіби 
дамуындағы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға байланысты әртүрлі жаңа 
әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді қолдана алмауы, бірлескен топтық 
жұмыстарды ұйымдастырмауы, диалогтық оқыту, оқушылардың сыни 
тұрғыдан ойлауына мұмкіндік беру әрі дамыту, мұғалімдер мен оқушылар 
арасында бірлескен оқудың жүргізілмейтіндігі туралы мәселелер басты негіз 
болды. 
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың 
шығармашылық тұрғыдан ойлауын дамыту және топтық жұмыста олардың 
зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру арқылы мектептің дамуына ықпал 
жасауға болатынын зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетті. 
Зерттеу нәтижесіне қарай мен нақты басымдықтарды белгіледім. 
1. Мұғалімдер жаңа тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін түсініп, оны 
оқыту мен оқу үдерісіне тиімді енгізеді. 
2. Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын. қалыптастыруда жаңа 
тәсілдерді ұтымды қолданады. 
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, 
өзара бірлескен оқуды тиімді ұйымдастырады. 
Анықталған басымдықтарды жүзеге асыруда іс-әрекеттің 
нәтижелігі қандай болмақ? 
1. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы мен шеберлігі шыңдалады. 
2. Бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі артады. 
3. Сыныпта ынтымақтастық әрекет арқылы оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығы артады. 
4. Топтық әрекетте оқушылардың өзін-өзі және өзара оқыту дағдылары 
қалыптасады. 
5. Оқыту мен оқу үдерісінің сапасы артады. 
Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді қалай 
ұйымдастырдым? 
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі 
болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Тиімді көшбасшылар мектеп 
нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, 
қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді. (МАН ) 
Мектепті дамытудың жоспарын әзірлеудің негізгі бағыты- ол білім 
сапасын арттыру. Жоспарда тек бағыттап ғана қоймай, әр жолы оны нақтылап,
құрылымдап, оны өзара байланысты мәселелердің жиынтығы түрінде, 
әрқайсысын дербес шешу арқылы ортақ жалпы мәселелердің шешілуіне қол 
жететіндей түрде қарастыру қажет. 
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006) 
нәтижесінде анықталғандай, желіде әдетте жоспарлау және оң өзгерістерді 
жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтарының үш түрі 
құрылатын болған. Осы командалардың әрқайсысы әртүрлі мүддені көздейтін 
адамдарды бір топқа біріктіріп, ортақ мақсат қоя отырып, реформа жүргізу 
жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру үшін ұйытқы болған.(МАН) 
Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кімдер 
қатыстырылды? 
Желілер біздің мектептердегі жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне 
жауап беруге мүмкіндік береді. Осы желілер көшбасшылықтың бірлескен 
шараларын жүргізіп, оның жаңа нысандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар бізге 
әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тетігін дамытып, оқытудың тиімді 
әрі инновациялық тәжірибесін ұсынады. Фуллан (2004) 
Осы Фулланның пікірін басты назарда ұстай отырып, ең алдыменен 
өзгерістерді енгізуге қызығушылық танытқан мүғалімдерден кәсіби 
қоғамдастық құрып аламын.Шығармашылық топ құрамына үйлестіруші 
ретінде тәлім алушылар әдістемелік бірлестік жетекшісі Бағила Тәдімқызыны 
және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Тұрарқызын алдым. 
дамытушы топқа информатика, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері 
және басқа да қызығушылық білдіргендер кіретін болады. Тәлім алушыларды 
нақтылап алғаннан кейін, оларға нақты тәлім алушылардың кім екенін, 
қызметін, атқаратын жауапты міндеттері, коучинг үдерісі және оны жүргізу 
туралы түсінік беруді жоспарладым. Себебі, тәлім алушылар коучинг 
сессияларды жүргізу арқылы бағдарламаның мазмұнын таныстырады және 
таратады. Оқыту мен оқу үрдісіндегі жаңашыл өзгерістердің маңыздылығы 
туралы тәлім алушылармен пікір-талас жүргізіліп, қуатты педагогикалық 
жеті құралдың мазмұны және маңыздылығы туралы нақты түсінік, бағыт- 
бағдар берілді. Кәсіби әңгіме жүргізуде жаңа тәсілдерді, диалогтық оқытуды, 
топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысынла қалай қолданамыз, оқыту мен 
оқуға тиімділігі жағынан қалай енгіземіз деген сауалдар жан-жақты 
талқыланды. Коучинг сессияның алдында жалпы шығармашылық топ 
мүшелеріне тізбектелген сабақтар топтамасының орта мезгілді жоспар және 
қысқа мерзімді жоспардың әзірленуі туралы бағыт-бағдар берілді. 
Мектеп мұғалімдері өздерінің оқушыларды белгілі бір тәсілдермен 
оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз 
тәжірибесіне қалай ықпалдастыратын түсінді. Барлық модулды олар 
тізбектелген сабақтар топтамасында ғана ықпалдастыра алады. Осы тұрғыдан 
мұғалімдерде «Орта мерзімді жоспарлау және тізбектелген сабақтар 
топтамасы дегеніміз не?, «Ол қалай жоспарланады? » деген сауал болуы 
мүмкін. 
Осы мәселелерді сскере отырып, мұғалімдерге тізбектелген сабақтар 
топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі 
туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында 
белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды 
көздейтіні, барлық жеті модулді ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар 
топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болатындығын, өз
кезегінде әрбір мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін 
сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады. 
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар 
топтамасын жоспарлаудың мақсаты- жұмыс кезеңдерін дәйекті, тізбектеп 
ұйымдастырып, сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру, 
әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу; оқыту және оқу 
нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; осы нәтижелерге қол жеткізу 
мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету; оқудың әрбір 
кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз 
ету; барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен 
жоспарлау көзделеді. Сонымен қатар «Коучинг үдерісі мен тәлімгерлік 
ұғымы» және олардың атқаратын міндеттері туралы түсінік беріп өттім. 
Тәлім алушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Сәуле Тұрарқызы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы 
топтық жұмыста оқушылардың бір-бірін оқыту дағдыларын 
қалыптастыру» деген тақырыпта бірінші коучинг сессияны жоспарлап 
өткізді. Мақсаты: жаңа тәсілдері қолдану арқылы оқушылардың топпен 
өзара бірлескен жұмыстарында ынтамақтастық пен бір-бірін оқыту 
дағдылары қалыптасады.. 
№2 коучинг сессия тақырыбы: 
«Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы оқыту мен 
оқуда өзара бағалау мен өзін-өзі бағалауды тиімді қолдану».Мақсаты: 
оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өз ойларын еркін жеткізеді және 
өзара, өзін-өзі бағалауды үйренеді. Күтілетін нәтиже: тізбектелген сабақтар 
топтамасын жүргізуде екі модулді ықпалдастыра отырып, қазақ тілі пәнінің 
екінші сабағын жоспарлап, өткізеді.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау 
дағдылары артады және олардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беріледі. 
№3 коучинг сессияның тақырыбы: «Диалогтік оқыту арқылы 
дарынды және талантты балаларды анықтау, олардың басқару мен 
көшбасшылық қабілеттерін арттыру». Мақсаты: диалогтік оқытуда 
дарынды және талантты оқушылар анықталады, олардың көшбасшылық 
қабілеті артады. Күтілетін нәтиже: екі модулді орта мезгілді жоспарлауда 
ықпалдастырады.Талантты және дарынды оқушылар анықталады, олардың 
көшбасшылық қабілеттері қалыптаса бастайды. Коучинг сессиядан кейін екі 
модулді ықпалдастырып, қазақ тілі пәнінің үшінші тізбектелген сабақтар 
топтамасының жоспарын әзірлейді және өткізеді. 
№4 коучинг сессия тақырыбы: «Оқушылардың жас ерекшеліктерін 
ескере отырып, оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді қолдану». Мақсаты. 
АКТ-ның мүмкіншілігін тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтары артады.Кұтілетін нәтиже: бірлескен топтық жұмыста жас 
ерекшеліктеріне қарай АКТ –ны қолдануда тапсырма түрлерін орындау 
арқылы оқушылардың белсенділіктері мен қызығушылықтары артады. Орта 
мезгілді жоспарлауда барлық жеті модулді ықпалдастыра отырып,.Әрбір 
коучинг сессиядан соң таңдап алынған даму бағытына сәйкес оқу мен 
оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдану бойынша өзара кәсіби әңгіме 
өрбітіп, мұғалімдермен кері байланыс жүргізіледі. Кері байланыс жасаудың 
себебі; өткізілген коучинг сессиядан соң аталған модулді қаншалықты 
меңгерді және оны өз тәжірибесіне қалай енгізе алады деген сауал түрғысынан 
мұғалімдердің ой-пікірін, көзқарастарын білу болып табылады. 
Мұғалімдерге іс-әрекетті зерттеуде «Lesson Study» тәсілін тиімді 
қолдану әдістемесінен бағыт-бағдар берілді. Бұл тәсіл мұғалімдер қауымы 
үшін қызықты әрі тиімді болды. 
Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеуүдерісі 
арқылы практик-мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан- 
жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Іс-әрекеттегі 
зерттеугеқатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын 
тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау 
және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады,сол 
арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды. 
«Іс-әрекеттегі зерттеуадамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және 
тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді – жаңа 
өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» 
санаттарының мазмұнын өзгертеді. (МАН) 
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге 
бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып 
табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, 
өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз 
қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson 
Study негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және 
оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау 
сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты 
қолданылады.Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында 
зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін 
пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли .Lesson 
Study: нұсқаулық) 
Іс-әрекетті жүргізбес бұрын 
шығармашылық топпен бірге зерттелетін 
сыныпқа өзім сабақ жүргізетін 7 «Б» сыныбы 
таңдап алынды. Осы бағытта сынып 
жетекшісінің кеңесімен зерттелетін жоғары, орта, 
төменгі деңгейлі оқушыларды анықталды. 
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы 
тәжірибеде қолдануда бағыт беруде екінші тәлім 
алушым іс-әрекетті зерттеу сабағын жүргізетін мұғалімдермен ауқымды 
жұмыс жүргізді. Іс-әрекетті зерттейтін пән мұғалімдері өздерінің пәні 
бойынша сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарлады. «Lesson study» 
тәсілі бойынша информатика, өзін-өзі тану, қазақ тілі пәндерінен іс-әрекетті 
зерттеу сабақтарын бірігіп жоспарлап, өткізді. «Оқушылардың топпен
жұмыс істеу дағдыларын. қалыптастыруда жаңа тәсілдерді ұтымды 
қолдану» тақырыбында болды. 
Іс-әрекетті зерттеу сабағында бақылауға алынған үш оқушы басты назарда 
болды. Әрбір сабақтан соң шығармашылық топ мүшелері бірлесе отырып, 
кәсіби әңгіме жұргізіп, талдау жасады, басымдықтар мен кедергілерді анықтай 
отырып келесі сабақты жоспарлады. Іс-әрекетті зерттеу соңында зерттеуге 
алынған 7 «Б» сыныбымен дөңгелек үстел өткізіліп, жалпы жүргізілген 
жұмыстардың қорытындысын ескере отырып, мұғалімдермен кері байланыс 
жүргізілді.Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге 
артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар 
алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер 
арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, 
барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі 
уақыт өткен сайын маңыз алуда.(МАН) 
Еліміздің білім жүйесіне еніп жатқан оқыту мен оқудағы тың 
жаңалықтар мен өзгерістерді өз мектебіме енгізуде мектеп ішінде өзге де 
мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін «Шамшырақ» атты кәсіби 
қоғамдастық құрылды. «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастығын құрудағы 
мақсатым - мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін дамытуға ықпал ету арқылы 
олардың жүректеріндегі шырақтың отын тұтандыру арқылы өздерінің де 
шамшырақ секілді өзгелерге нұр сәулесіндей әсер ету әрекеттерін 
қалыптастыру болды. 
Мектебімізде құрылған «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық мүшелерінің 
мектепке өзгеріс енгізуде атқарған жұмыстары мектеп мұғалімдеріне қысқа
мерзімді уақыт аралығы болса да, айтарлықтай нәтиже берді. Көшбасшы 
ретіндегі - осы қоғамдастықтың тәжірибесін тарату мақсатында Алматы 
қаласының мектептерін желілік қоғамдастыққа тартуда «Оқыту мен оқудағы 
жаңа тәсілдер» тақырыбындағы түрлі тренинг, коучинг сессиялар және 
аудандық семинар өткізілді. 
Һткізілген 
семинарлар барасында 
желіге тартылған 
мектептер осы жеті 
модуль туралы жеке- 
және ақпарат білгілері 
келетіндігі және 
оларды өз 
тәжірибелерінде тиімді 
қолданғысы 
келетіндіктері туралы 
ұсыныстарын айттып 
өтті. Семинар соңында 
қатысушылардың 
талап-тілектері мен 
ұсыныстарын 
қарастыруда көшбасшы ретінде «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық 
мүшелерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жүргізетін желілік 
қоғамдастыққа тартылған мектептермен қарым-қатынас орнатудың жұмыс 
жоспары әзірленді. Көшбасшы ретінде мектебімізде құрылған қоғамдастық 
мүшелерімен осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарсақ, аудан көлеміндегі 
желілік қоғамдастығымыздың ынтымақтастығы артып, оқыту мен оқу 
үдерісінің сапалы болуына және оқушының жан-жақты тұлға болып 
қалыптасуына мүмкіндік берері мол.

Más contenido relacionado

La actualidad más candente

педагогічне кредо
педагогічне  кредопедагогічне  кредо
педагогічне кредоElena Bosa
 
конспектуроку з історії україни 7 клас
конспектуроку з історії україни 7 клас конспектуроку з історії україни 7 клас
конспектуроку з історії україни 7 клас Наталія Бондаренко
 
презентація методоб'єднання кл.керівників
презентація методоб'єднання кл.керівниківпрезентація методоб'єднання кл.керівників
презентація методоб'єднання кл.керівниківMariya1960
 
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdf
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdfРічний план роботи ліцею 2022-2023.pdf
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdfssuserac8ec11
 
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-Тест
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-ТестПокрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-Тест
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-ТестNataliia Andrieieva
 
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"Tetjana Bilotserkivets
 
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17270479
 
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів Олег Суслик
 
Роль педагога організатора у системі виховної роботи школи
Роль педагога   організатора у системі виховної роботи школи Роль педагога   організатора у системі виховної роботи школи
Роль педагога організатора у системі виховної роботи школи Sch_novluchky
 
Презентація “Інтерактивні технології навчання”
Презентація “Інтерактивні технології навчання”Презентація “Інтерактивні технології навчання”
Презентація “Інтерактивні технології навчання”Moon_ra
 
семIнар завучiв.дудяк л.я.
семIнар завучiв.дудяк л.я.семIнар завучiв.дудяк л.я.
семIнар завучiв.дудяк л.я.Andy Levkovich
 
презентація профіль
презентація профільпрезентація профіль
презентація профільdenyshi123
 
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 клас
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 класПлан-конспект уроку. Материки Землі. 4 клас
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 класКовпитська ЗОШ
 
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)Таня Кибицкая
 
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребами
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребамиіндивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребами
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребамиСветлана Брюховецкая
 
методи морального виховання. тема 4
методи морального виховання. тема 4методи морального виховання. тема 4
методи морального виховання. тема 4mad psychologist
 
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярів
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярівМодуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярів
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярівstecenko_nm
 

La actualidad más candente (20)

педагогічне кредо
педагогічне  кредопедагогічне  кредо
педагогічне кредо
 
конспектуроку з історії україни 7 клас
конспектуроку з історії україни 7 клас конспектуроку з історії україни 7 клас
конспектуроку з історії україни 7 клас
 
презентація методоб'єднання кл.керівників
презентація методоб'єднання кл.керівниківпрезентація методоб'єднання кл.керівників
презентація методоб'єднання кл.керівників
 
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdf
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdfРічний план роботи ліцею 2022-2023.pdf
Річний план роботи ліцею 2022-2023.pdf
 
таныстыру
таныстырутаныстыру
таныстыру
 
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-Тест
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-ТестПокрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-Тест
Покрокова інструкція створення онлайн тестів на прикладі сервісу Майстер-Тест
 
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"
Цикл уроків з теми: "Виникнення та розвиток Київської Русі"
 
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17
Сучасний урок . Доповідь на педраді. 5.01.17
 
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів
Презентація досвіду роботи вчителя початкових класів
 
Роль педагога організатора у системі виховної роботи школи
Роль педагога   організатора у системі виховної роботи школи Роль педагога   організатора у системі виховної роботи школи
Роль педагога організатора у системі виховної роботи школи
 
Презентація “Інтерактивні технології навчання”
Презентація “Інтерактивні технології навчання”Презентація “Інтерактивні технології навчання”
Презентація “Інтерактивні технології навчання”
 
семIнар завучiв.дудяк л.я.
семIнар завучiв.дудяк л.я.семIнар завучiв.дудяк л.я.
семIнар завучiв.дудяк л.я.
 
презентація профіль
презентація профільпрезентація профіль
презентація профіль
 
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 клас
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 класПлан-конспект уроку. Материки Землі. 4 клас
План-конспект уроку. Материки Землі. 4 клас
 
Ұлттық тәрбие
Ұлттық тәрбиеҰлттық тәрбие
Ұлттық тәрбие
 
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)
педрада системно діяльнісний підхід (єгорова н.а)
 
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребами
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребамиіндивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребами
індивідуальне оцінювання дітей з особливими освітніми потребами
 
методи морального виховання. тема 4
методи морального виховання. тема 4методи морального виховання. тема 4
методи морального виховання. тема 4
 
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярів
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярівМодуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярів
Модуль2. Тема 9. Фізичне виховання школярів
 
Портфоліо вчителя історії
Портфоліо вчителя історіїПортфоліо вчителя історії
Портфоліо вчителя історії
 

Similar a Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі

сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУАйбек Қуандықұлы
 
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігіматематика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігіAsem Sarsembayeva
 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерАйбек Қуандықұлы
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысnurbolat84
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptMarzhanMarzhan4
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныMarzhanZhumakhan
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуіSaule Abdykanova
 
11сабақ
11сабақ11сабақ
11сабақnuray10
 

Similar a Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі (20)

сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігіматематика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
 
статья
статьястатья
статья
 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
наушабекова.ш.а. коучинг сабақ жоспары
наушабекова.ш.а.  коучинг сабақ жоспарынаушабекова.ш.а.  коучинг сабақ жоспары
наушабекова.ш.а. коучинг сабақ жоспары
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұны
 
кәсіби істің өзін өзі талдауы
кәсіби  істің өзін өзі  талдауыкәсіби  істің өзін өзі  талдауы
кәсіби істің өзін өзі талдауы
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
 
утегенова галина жұмысы
утегенова  галина  жұмысыутегенова  галина  жұмысы
утегенова галина жұмысы
 
салтенова н.с
салтенова н.ссалтенова н.с
салтенова н.с
 
666kmkk
666kmkk666kmkk
666kmkk
 
3sdgdfg
 3sdgdfg 3sdgdfg
3sdgdfg
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
11сабақ
11сабақ11сабақ
11сабақ
 

Más de Айбек Қуандықұлы

Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Айбек Қуандықұлы
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарАйбек Қуандықұлы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіАйбек Қуандықұлы
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаАйбек Қуандықұлы
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек Қуандықұлы
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуАйбек Қуандықұлы
 

Más de Айбек Қуандықұлы (20)

Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
 
Корей халық аспаптары
Корей халық аспаптарыКорей халық аспаптары
Корей халық аспаптары
 
Англия мен Франция
Англия мен ФранцияАнглия мен Франция
Англия мен Франция
 
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
 
Италия мен Испания
Италия мен ИспанияИталия мен Испания
Италия мен Испания
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
 
Ғажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлеміҒажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлемі
 
Open lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its seasonOpen lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its season
 
Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.
 
Ғылыми жоба
Ғылыми жобаҒылыми жоба
Ғылыми жоба
 
Мың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілерМың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілер
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техника
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Тұмар түйіндер
 Тұмар түйіндер Тұмар түйіндер
Тұмар түйіндер
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
 

Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі

  • 1. Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі «Ең әуелі мектепке керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап өткендей қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып отыр. Қазақстан Республикасының пелагог кадрларын оқытудың бірінші деңгейлі бағдарламасын игерген мұғалім ретінде өз мектебімнің бастапқы жағдайына зерттеулер жүргізу барысында оқыту мен оқу үдерісіне шын мәнінде өзгерістердің қажет екенін түсіндім. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік,өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет?» мәселесіне басымдық береді. Инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, «Неліктен біз біздің оқыту тәсілдеріміздіөзгертуге тиіспіз?», содан кейін мәселені шешуге бағытталып: «Біз бұны қалай істейміз?», тек содан кейін ғана – «Біз сыныпта не істеуіміз керек?»деген сұрақты алға тартады. (МАН) Ең алдыменен «Нені өзгертуім керек?», «Өзгеріс енгізуде мен не істеймін?» деген сауалдарға зерттеу жұмыстарымдағы неғұрлым маңызды проблемаларды, соның ішінде олардың шешілуі арқылы барынша пайдалы нәтижеге қол жеткізуге болатын мәселелерді басты назарға алдым. Даму жоспарын өзгерістер бағдарламасы деуге де болады, яғни ол білім беру мекемесінің қиындықтан сәтті шығуын және мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның өзгеріп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте қажет. Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректерінің нәтижесі бойынша дамыту жоспарының «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы топтық жұмыста оқушылардың бір-бірін оқыту дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыбы анықталды.
  • 2. Мектептің даму жоспарының мақсатын айқындауға не негіз болды? Мектептің даму жоспарының басымдықтарын айқындауда тәжірибе кезіндегі зерттеулер қорытындысы көрсеткендей мұғалімдердің кәсіби дамуындағы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға байланысты әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді қолдана алмауы, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастырмауы, диалогтық оқыту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына мұмкіндік беру әрі дамыту, мұғалімдер мен оқушылар арасында бірлескен оқудың жүргізілмейтіндігі туралы мәселелер басты негіз болды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауын дамыту және топтық жұмыста олардың зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру арқылы мектептің дамуына ықпал жасауға болатынын зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетті. Зерттеу нәтижесіне қарай мен нақты басымдықтарды белгіледім. 1. Мұғалімдер жаңа тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін түсініп, оны оқыту мен оқу үдерісіне тиімді енгізеді. 2. Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын. қалыптастыруда жаңа тәсілдерді ұтымды қолданады. 3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өзара бірлескен оқуды тиімді ұйымдастырады. Анықталған басымдықтарды жүзеге асыруда іс-әрекеттің нәтижелігі қандай болмақ? 1. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы мен шеберлігі шыңдалады. 2. Бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі артады. 3. Сыныпта ынтымақтастық әрекет арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады. 4. Топтық әрекетте оқушылардың өзін-өзі және өзара оқыту дағдылары қалыптасады. 5. Оқыту мен оқу үдерісінің сапасы артады. Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді қалай ұйымдастырдым? Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді. (МАН ) Мектепті дамытудың жоспарын әзірлеудің негізгі бағыты- ол білім сапасын арттыру. Жоспарда тек бағыттап ғана қоймай, әр жолы оны нақтылап,
  • 3. құрылымдап, оны өзара байланысты мәселелердің жиынтығы түрінде, әрқайсысын дербес шешу арқылы ортақ жалпы мәселелердің шешілуіне қол жететіндей түрде қарастыру қажет. Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006) нәтижесінде анықталғандай, желіде әдетте жоспарлау және оң өзгерістерді жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтарының үш түрі құрылатын болған. Осы командалардың әрқайсысы әртүрлі мүддені көздейтін адамдарды бір топқа біріктіріп, ортақ мақсат қоя отырып, реформа жүргізу жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру үшін ұйытқы болған.(МАН) Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кімдер қатыстырылды? Желілер біздің мектептердегі жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді. Осы желілер көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа нысандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар бізге әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тетігін дамытып, оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибесін ұсынады. Фуллан (2004) Осы Фулланның пікірін басты назарда ұстай отырып, ең алдыменен өзгерістерді енгізуге қызығушылық танытқан мүғалімдерден кәсіби қоғамдастық құрып аламын.Шығармашылық топ құрамына үйлестіруші ретінде тәлім алушылар әдістемелік бірлестік жетекшісі Бағила Тәдімқызыны және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Тұрарқызын алдым. дамытушы топқа информатика, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері және басқа да қызығушылық білдіргендер кіретін болады. Тәлім алушыларды нақтылап алғаннан кейін, оларға нақты тәлім алушылардың кім екенін, қызметін, атқаратын жауапты міндеттері, коучинг үдерісі және оны жүргізу туралы түсінік беруді жоспарладым. Себебі, тәлім алушылар коучинг сессияларды жүргізу арқылы бағдарламаның мазмұнын таныстырады және таратады. Оқыту мен оқу үрдісіндегі жаңашыл өзгерістердің маңыздылығы туралы тәлім алушылармен пікір-талас жүргізіліп, қуатты педагогикалық жеті құралдың мазмұны және маңыздылығы туралы нақты түсінік, бағыт- бағдар берілді. Кәсіби әңгіме жүргізуде жаңа тәсілдерді, диалогтық оқытуды, топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысынла қалай қолданамыз, оқыту мен оқуға тиімділігі жағынан қалай енгіземіз деген сауалдар жан-жақты талқыланды. Коучинг сессияның алдында жалпы шығармашылық топ мүшелеріне тізбектелген сабақтар топтамасының орта мезгілді жоспар және қысқа мерзімді жоспардың әзірленуі туралы бағыт-бағдар берілді. Мектеп мұғалімдері өздерінің оқушыларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыратын түсінді. Барлық модулды олар тізбектелген сабақтар топтамасында ғана ықпалдастыра алады. Осы тұрғыдан мұғалімдерде «Орта мерзімді жоспарлау және тізбектелген сабақтар топтамасы дегеніміз не?, «Ол қалай жоспарланады? » деген сауал болуы мүмкін. Осы мәселелерді сскере отырып, мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейтіні, барлық жеті модулді ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болатындығын, өз
  • 4. кезегінде әрбір мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады. Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты- жұмыс кезеңдерін дәйекті, тізбектеп ұйымдастырып, сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру, әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу; оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету; оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау көзделеді. Сонымен қатар «Коучинг үдерісі мен тәлімгерлік ұғымы» және олардың атқаратын міндеттері туралы түсінік беріп өттім. Тәлім алушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Тұрарқызы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы топтық жұмыста оқушылардың бір-бірін оқыту дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыпта бірінші коучинг сессияны жоспарлап өткізді. Мақсаты: жаңа тәсілдері қолдану арқылы оқушылардың топпен өзара бірлескен жұмыстарында ынтамақтастық пен бір-бірін оқыту дағдылары қалыптасады.. №2 коучинг сессия тақырыбы: «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы оқыту мен оқуда өзара бағалау мен өзін-өзі бағалауды тиімді қолдану».Мақсаты: оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өз ойларын еркін жеткізеді және өзара, өзін-өзі бағалауды үйренеді. Күтілетін нәтиже: тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізуде екі модулді ықпалдастыра отырып, қазақ тілі пәнінің екінші сабағын жоспарлап, өткізеді.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдылары артады және олардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беріледі. №3 коучинг сессияның тақырыбы: «Диалогтік оқыту арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау, олардың басқару мен көшбасшылық қабілеттерін арттыру». Мақсаты: диалогтік оқытуда дарынды және талантты оқушылар анықталады, олардың көшбасшылық қабілеті артады. Күтілетін нәтиже: екі модулді орта мезгілді жоспарлауда ықпалдастырады.Талантты және дарынды оқушылар анықталады, олардың көшбасшылық қабілеттері қалыптаса бастайды. Коучинг сессиядан кейін екі модулді ықпалдастырып, қазақ тілі пәнінің үшінші тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын әзірлейді және өткізеді. №4 коучинг сессия тақырыбы: «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді қолдану». Мақсаты. АКТ-ның мүмкіншілігін тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген
  • 5. қызығушылықтары артады.Кұтілетін нәтиже: бірлескен топтық жұмыста жас ерекшеліктеріне қарай АКТ –ны қолдануда тапсырма түрлерін орындау арқылы оқушылардың белсенділіктері мен қызығушылықтары артады. Орта мезгілді жоспарлауда барлық жеті модулді ықпалдастыра отырып,.Әрбір коучинг сессиядан соң таңдап алынған даму бағытына сәйкес оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдану бойынша өзара кәсіби әңгіме өрбітіп, мұғалімдермен кері байланыс жүргізіледі. Кері байланыс жасаудың себебі; өткізілген коучинг сессиядан соң аталған модулді қаншалықты меңгерді және оны өз тәжірибесіне қалай енгізе алады деген сауал түрғысынан мұғалімдердің ой-пікірін, көзқарастарын білу болып табылады. Мұғалімдерге іс-әрекетті зерттеуде «Lesson Study» тәсілін тиімді қолдану әдістемесінен бағыт-бағдар берілді. Бұл тәсіл мұғалімдер қауымы үшін қызықты әрі тиімді болды. Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеуүдерісі арқылы практик-мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан- жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Іс-әрекеттегі зерттеугеқатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады,сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды. «Іс-әрекеттегі зерттеуадамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді – жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. (МАН) Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли .Lesson Study: нұсқаулық) Іс-әрекетті жүргізбес бұрын шығармашылық топпен бірге зерттелетін сыныпқа өзім сабақ жүргізетін 7 «Б» сыныбы таңдап алынды. Осы бағытта сынып жетекшісінің кеңесімен зерттелетін жоғары, орта, төменгі деңгейлі оқушыларды анықталды. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы тәжірибеде қолдануда бағыт беруде екінші тәлім алушым іс-әрекетті зерттеу сабағын жүргізетін мұғалімдермен ауқымды жұмыс жүргізді. Іс-әрекетті зерттейтін пән мұғалімдері өздерінің пәні бойынша сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарлады. «Lesson study» тәсілі бойынша информатика, өзін-өзі тану, қазақ тілі пәндерінен іс-әрекетті зерттеу сабақтарын бірігіп жоспарлап, өткізді. «Оқушылардың топпен
  • 6. жұмыс істеу дағдыларын. қалыптастыруда жаңа тәсілдерді ұтымды қолдану» тақырыбында болды. Іс-әрекетті зерттеу сабағында бақылауға алынған үш оқушы басты назарда болды. Әрбір сабақтан соң шығармашылық топ мүшелері бірлесе отырып, кәсіби әңгіме жұргізіп, талдау жасады, басымдықтар мен кедергілерді анықтай отырып келесі сабақты жоспарлады. Іс-әрекетті зерттеу соңында зерттеуге алынған 7 «Б» сыныбымен дөңгелек үстел өткізіліп, жалпы жүргізілген жұмыстардың қорытындысын ескере отырып, мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді.Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.(МАН) Еліміздің білім жүйесіне еніп жатқан оқыту мен оқудағы тың жаңалықтар мен өзгерістерді өз мектебіме енгізуде мектеп ішінде өзге де мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін «Шамшырақ» атты кәсіби қоғамдастық құрылды. «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастығын құрудағы мақсатым - мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін дамытуға ықпал ету арқылы олардың жүректеріндегі шырақтың отын тұтандыру арқылы өздерінің де шамшырақ секілді өзгелерге нұр сәулесіндей әсер ету әрекеттерін қалыптастыру болды. Мектебімізде құрылған «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық мүшелерінің мектепке өзгеріс енгізуде атқарған жұмыстары мектеп мұғалімдеріне қысқа
  • 7. мерзімді уақыт аралығы болса да, айтарлықтай нәтиже берді. Көшбасшы ретіндегі - осы қоғамдастықтың тәжірибесін тарату мақсатында Алматы қаласының мектептерін желілік қоғамдастыққа тартуда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы түрлі тренинг, коучинг сессиялар және аудандық семинар өткізілді. Һткізілген семинарлар барасында желіге тартылған мектептер осы жеті модуль туралы жеке- және ақпарат білгілері келетіндігі және оларды өз тәжірибелерінде тиімді қолданғысы келетіндіктері туралы ұсыныстарын айттып өтті. Семинар соңында қатысушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын қарастыруда көшбасшы ретінде «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жүргізетін желілік қоғамдастыққа тартылған мектептермен қарым-қатынас орнатудың жұмыс жоспары әзірленді. Көшбасшы ретінде мектебімізде құрылған қоғамдастық мүшелерімен осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарсақ, аудан көлеміндегі желілік қоғамдастығымыздың ынтымақтастығы артып, оқыту мен оқу үдерісінің сапалы болуына және оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік берері мол.