SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 7
Өнер колледжі-музыкалық – эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға
мамандандырылған мектеп – интернат «Кешені»кмм
Солтүстік Қазақстан облысы.Петропавл қаласы.
Хамзина Айнаш Агыбаевна.,биология пәнінің мұғалімі
Тәрбие сағаты
«Ұрпақтар үні»
(әдеби – сазды монтаж)
Мақсаты: Адам үшін туған жерден ыстық не бар? Оның табиғатын суреттеу арқылы
оқушылардың өз жері, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға
жанашырлық сезіммен қарап, оны сақтай білуге үйрету.
Көрнекілік: қабырға газеттері, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар,
интерактивті тақта,слайдтар,бейнежазбалар.
• Армысыздар, құрметті қонақтар,оқушылар!
• Қайырлы күн табиғат жанашырлары!
• Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология мәселесіне үн қосу үшін
ұйымдастырылған «Ұрпақтар үні» аты экологиялық кешке қош келдіңіздер!
• Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззәт шапағатын
ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол
қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,
қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
• Ата – бабаларымыз табиғатпен біте қайнасып, өзін табиғаттың бөлінбес бөлігіміз
деп қараған, онымен бірлікте өмір сүру керектігін білген, сондықтан олар
табиғаттан тек керегін алып, қалғанына тимеген. Ұрпақтарын осыған тәрбиелеп,
бір ауыз сөзбен тәрбиелік мәні терең ұлағатты өсиет қалдырған.
2.Алайда бертін келе сол дәстүр сұйылып, ұлы үрдістің арқауы сетінеп, ара жібі
үзілгендей. Көбік шашқан көк теңізден тулаққа айналған Арал, азып-тозған Ақмешіт,
топырағын улы тозаңға бөккен Жамбыл, жарылыстан көз ашпаған Семей, көктен зымыран
сынақтары төгілген Тайсойған, Нарын, Қызылқұм, Жезді жерлерінің құты қашып, суы
ластанып, ауасы бүлінді. Сөз жоқ, бұл экологиялық қасірет.
Құрманғазының «Кісен ашқан» күйі ойнап тұрады.
• Жазғанымды дәрменсіз боп жас жағыма жастаймын.
Сөзімді мен кезі келді енді неден бастайын?
Жан ұшырған үнін естіп тірінің
Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.
Саханаға дене мүшелері кем баланы сомдаған бір оқушы шығады. Оның аузында қалам,
ақсаңдап келіп аузындағы қаламмен сурет салып отырады. Осы оқушының жүрегіндегі
толғауды бастаушы көрінбей тұрып, тебіреніп айтады.
1 жүргізуші:
Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,
Денедегі мүшелерінің қызметін көрмедім.
Бекер екен сұм жалғанда мынау бір,
Өмір сүріп, адам болып жүргенім.
Қырдың қызыл гүлін тегі термедім.
Бұл өмірге пенде болып келген соң
Шіркін, Дүние – ай! Қызығын не ажыратып көрмедім.
Бастаушы шығып, баланың жанына келіп былай дейді:
О, Құдайым! Кінәсі не мына отырған баланың?
Кім кетірді берекесін даланың?
Қайдан іздеп кем – кетігін табамын.
Мына отырған, мына отырған наланың?
Жас нәресте не берседе алады,
Көзі, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны талады?
Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған
О дүние не көрдім деп, не сездім деп барады?
Сахнаға ана шығып, баласының басынан сипап, көзіне жас алып, баланы сахнадан алып
кетуге әрекет жасайды.
2 жүргізуші:
Тұншығып ана, тұншығып ана жылайды,
Көзінің жасын неге сонша бұлайды?
Ластанған ауа мен су зардабы
Екенін біліп, екенін біліп жылайды.
(Ана баласын алып кетеді) Мұңлы музыка баяу ойнайды.
Оқушы: Бұл күнде қандай жер? (Сұрақ көпшілікке қойылғандай үнсіздік)
Бұл күнде мазасы кеткен жер,
Мейірімі тастай боп қатқан жер.
Адамға өкпесі қарс айырылып.
Тілім – тілім боп тозған жер
Тіріге қызмет ете алмай
Жүйкесі үзіліп, құнары қашқан жер. (Мұңлы музыка)
Экологиялық көрініс. (Әкесі мен бала)
Сахнада ағаштардың түбіртектері қойылған. Сахна ортасында ақ қайың, онда құс ұясы
бар. Мұңлы музыка ойнайды.
Ақ қайың сөзі: Орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған.
Әні кеткен өлкенің сәні кеткен,
Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,
Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.
Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді.
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?
Бала: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып болдық қой.
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, соны қырқып алайық.
Бала: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.
Әке: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда,
табиғатты ойлайды дейсің бе? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
Ақ қайыңды аралап жатқанда, құс ұшып келеді.
Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы. Қырықпаңдаршы.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шықылдап, балам, таспен атып ұршы.
Бала: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпайақ қояйықшы.
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сен де, нәзік жүрек. Міне, саған, - деп, әкесі құсты
таспен атып ұрады.
Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді.
Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Мұңлы музыка ойнайды. Құс ақырын басын
көтеріп айтады:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не көреді? Не қалады артыңдағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын.
Ән: Бозторғайым сөзі: Б.Тәжібаевтікі., әні: Е.Хасанғалиевтікі
Оқушы: Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!
Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?!
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас! Әр ұрпаққа туған жер!
Не берсе де, беретіні – қарызға!
Оқушы: Орманға бара жатқандар,
Аңшылық дәмін татқандар,
Өтінемін түгел бәріңнен:
Көктемде құсты атпаңдар!...
Сенімін оққа сатпаңдар,
Кішкентай әнді сақтаңдар!
Оларда титтей жүрек бар,
Оқушы: Жүректі, жоқ-жоқ, атпаңдар
Қанаттыларды қақпаңдар,
Солармен арай ақ таңдар
Көктемнің гүлі сияқты,
Көктемдік құсты атпаңдар,
Орманға бара жатқандар!
Оқушы : Ей адамзаттың ұланы!
Болғайсың дала қыраны!
Жер, суын қоғау бабаның
Емес пе еді ұраны!
Хормен: Білместік жасаған тірілер атынан
кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан
Күй «Көңіл толғауы».
Табиғаттың басты байлығы – жер.
«Жері байдың – елі бай», «Күте білсең – жер жомарт» деген халықтың данышпандық
сөздері өмірден алынған өрнекті сөздер
Оқушы: Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе, ұғады
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
Халқымыз ежелден – ақ суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың
айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар», суды ерекше бағалай
білген,
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Ән: Табиғатым – махаббатым.
Оқушы:
- Жасайды дейсің, күн қанша?
- Жарығы сөнбей туғанша
- Жасайды дейсің ай қанша?
- Бетінен нұры тайғанша
- Жасайды-дейсің жол қанша?
- Жүргінші жүріп болған ша
- Жасайды дейсің жер қанша.
- Мекендесе ел қанша.
- Ендеше бәрі мәңгі ме?
- Әлбетте. Сонда әңгіме.
Оқушы: Табиғатты адамзат аяласын,
Егін егіп, мал бағып саяласын.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямасын.
Оқушы: Сақтайық жұрт, даламыздың, сән – көркін
Самғасын құс, асыр салсын, аң еркін
Жайнай берсін, нулы көлдер, ормандар
Бауырларым, игілігің сендердің.
Оқушы: Улы бұлт торламасын көгімізді,
Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді
Бөлейік жасыл желек ну орманға
Сан ұлтқа, сая мекен жерімізді.
Оқушылар (бәрі бірге)
Болашаққа эколог боп барайық!
Керегіне табиғаттың жарайық!
Туған жердің бар байлығын қорғаштап,
Өзімізге есеп беріп, өмірге сергек қарайық!
Соңы: өлең «Саржайлау» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Н.Тілендиевтікі
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Табиғат тағдыры ешкімді тебірентпей қалдыруы мүмкін
емес екенін көрдіңдер.Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау, қорғау және
көркейту-әрбір адамның міндеті әрі борышы.Себебі,табиғатпен адам-егіз ұғым.
Табиғат адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.Адам
табиғатқа мейірімділікпен,сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап,үйлесімділік
сақталғанда,адамзат баласы үшін табиғат-кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын
ешқашан ұмытпайық.
Еліміздің жарқын болашағы,таңғажайып табиғатымыздың тағдыры кемел ойлы
кемеңгер,келешекті көрегендікпен болжай білетін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
салиқалы саясатымен жүзеге асатындығына сеніміміз зор.
Плакаттарға жазылған мақал-мәтелдер:
«Жер байлығы – ел балығы», «Су – өмір нәрі»
«Күте білсең, жер жомарт»
Атаңнан мол қалғанша, тал қалсын»
«Экология – ел аманаты»
«Жас достар! Табиғатты аялайық, сүйе білейік»
«Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз!»

Más contenido relacionado

Similar a внеклассное мероприятие ұрпақтар үні

Similar a внеклассное мероприятие ұрпақтар үні (20)

57
5757
57
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағы
 
сынып сағаты
сынып сағатысынып сағаты
сынып сағаты
 
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарларЖабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
 
жайлау тех карта
жайлау тех картажайлау тех карта
жайлау тех карта
 
7778
77787778
7778
 
шурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызышурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызы
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
тарбие сагаты
тарбие сагатытарбие сагаты
тарбие сагаты
 
айтчанов
айтчановайтчанов
айтчанов
 
ұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлемі
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отаным
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptx
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
коркем адебиет
коркем адебиеткоркем адебиет
коркем адебиет
 
ххі ғасыр көшбасшысы
ххі ғасыр көшбасшысыххі ғасыр көшбасшысы
ххі ғасыр көшбасшысы
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 

Más de Вспомогательный образовательный сайт

Más de Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

внеклассное мероприятие ұрпақтар үні

  • 1. Өнер колледжі-музыкалық – эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат «Кешені»кмм Солтүстік Қазақстан облысы.Петропавл қаласы. Хамзина Айнаш Агыбаевна.,биология пәнінің мұғалімі Тәрбие сағаты «Ұрпақтар үні» (әдеби – сазды монтаж) Мақсаты: Адам үшін туған жерден ыстық не бар? Оның табиғатын суреттеу арқылы оқушылардың өз жері, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға жанашырлық сезіммен қарап, оны сақтай білуге үйрету. Көрнекілік: қабырға газеттері, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, интерактивті тақта,слайдтар,бейнежазбалар. • Армысыздар, құрметті қонақтар,оқушылар! • Қайырлы күн табиғат жанашырлары! • Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология мәселесіне үн қосу үшін ұйымдастырылған «Ұрпақтар үні» аты экологиялық кешке қош келдіңіздер! • Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззәт шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. • Ата – бабаларымыз табиғатпен біте қайнасып, өзін табиғаттың бөлінбес бөлігіміз деп қараған, онымен бірлікте өмір сүру керектігін білген, сондықтан олар табиғаттан тек керегін алып, қалғанына тимеген. Ұрпақтарын осыған тәрбиелеп, бір ауыз сөзбен тәрбиелік мәні терең ұлағатты өсиет қалдырған. 2.Алайда бертін келе сол дәстүр сұйылып, ұлы үрдістің арқауы сетінеп, ара жібі үзілгендей. Көбік шашқан көк теңізден тулаққа айналған Арал, азып-тозған Ақмешіт, топырағын улы тозаңға бөккен Жамбыл, жарылыстан көз ашпаған Семей, көктен зымыран сынақтары төгілген Тайсойған, Нарын, Қызылқұм, Жезді жерлерінің құты қашып, суы ластанып, ауасы бүлінді. Сөз жоқ, бұл экологиялық қасірет. Құрманғазының «Кісен ашқан» күйі ойнап тұрады. • Жазғанымды дәрменсіз боп жас жағыма жастаймын. Сөзімді мен кезі келді енді неден бастайын? Жан ұшырған үнін естіп тірінің Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.
  • 2. Саханаға дене мүшелері кем баланы сомдаған бір оқушы шығады. Оның аузында қалам, ақсаңдап келіп аузындағы қаламмен сурет салып отырады. Осы оқушының жүрегіндегі толғауды бастаушы көрінбей тұрып, тебіреніп айтады. 1 жүргізуші: Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім, Денедегі мүшелерінің қызметін көрмедім. Бекер екен сұм жалғанда мынау бір, Өмір сүріп, адам болып жүргенім. Қырдың қызыл гүлін тегі термедім. Бұл өмірге пенде болып келген соң Шіркін, Дүние – ай! Қызығын не ажыратып көрмедім. Бастаушы шығып, баланың жанына келіп былай дейді: О, Құдайым! Кінәсі не мына отырған баланың? Кім кетірді берекесін даланың? Қайдан іздеп кем – кетігін табамын. Мына отырған, мына отырған наланың? Жас нәресте не берседе алады, Көзі, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны талады? Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған О дүние не көрдім деп, не сездім деп барады? Сахнаға ана шығып, баласының басынан сипап, көзіне жас алып, баланы сахнадан алып кетуге әрекет жасайды. 2 жүргізуші: Тұншығып ана, тұншығып ана жылайды, Көзінің жасын неге сонша бұлайды? Ластанған ауа мен су зардабы Екенін біліп, екенін біліп жылайды. (Ана баласын алып кетеді) Мұңлы музыка баяу ойнайды. Оқушы: Бұл күнде қандай жер? (Сұрақ көпшілікке қойылғандай үнсіздік)
  • 3. Бұл күнде мазасы кеткен жер, Мейірімі тастай боп қатқан жер. Адамға өкпесі қарс айырылып. Тілім – тілім боп тозған жер Тіріге қызмет ете алмай Жүйкесі үзіліп, құнары қашқан жер. (Мұңлы музыка) Экологиялық көрініс. (Әкесі мен бала) Сахнада ағаштардың түбіртектері қойылған. Сахна ортасында ақ қайың, онда құс ұясы бар. Мұңлы музыка ойнайды. Ақ қайың сөзі: Орман едік бір кезде біз жайқалған, Аң мен құстың әсем әні сайраған. Әні кеткен өлкенің сәні кеткен, Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен. Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп, Анам, әкем, бауырларым, қайдасың? Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын. Жалғыздықтың мұңы көп Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ. Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді. Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі? Бала: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып болдық қой. Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, соны қырқып алайық. Бала: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой. Әке: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды дейсің бе? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын. Ақ қайыңды аралап жатқанда, құс ұшып келеді. Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы. Қырықпаңдаршы. Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шықылдап, балам, таспен атып ұршы. Бала: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпайақ қояйықшы.
  • 4. Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сен де, нәзік жүрек. Міне, саған, - деп, әкесі құсты таспен атып ұрады. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Мұңлы музыка ойнайды. Құс ақырын басын көтеріп айтады: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана, Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала. Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын Не көреді? Не қалады артыңдағы ұрпағына? Мен көрдім жас қайыңның құлағанын, Бас ұрып қара жерге сұлағанын. Сарғайып жапырағы өлімсіреп, Байғұстың кім тыңдайды жылағанын. Ән: Бозторғайым сөзі: Б.Тәжібаевтікі., әні: Е.Хасанғалиевтікі Оқушы: Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ! Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Осыларды қорлау деген не сұмдық?! Жер ешкімге жазбайды деп арыз да, Барын сарқып ала беру парыз ба? Жоқ замандас! Әр ұрпаққа туған жер! Не берсе де, беретіні – қарызға! Оқушы: Орманға бара жатқандар, Аңшылық дәмін татқандар, Өтінемін түгел бәріңнен: Көктемде құсты атпаңдар!... Сенімін оққа сатпаңдар,
  • 5. Кішкентай әнді сақтаңдар! Оларда титтей жүрек бар, Оқушы: Жүректі, жоқ-жоқ, атпаңдар Қанаттыларды қақпаңдар, Солармен арай ақ таңдар Көктемнің гүлі сияқты, Көктемдік құсты атпаңдар, Орманға бара жатқандар! Оқушы : Ей адамзаттың ұланы! Болғайсың дала қыраны! Жер, суын қоғау бабаның Емес пе еді ұраны! Хормен: Білместік жасаған тірілер атынан кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан Күй «Көңіл толғауы». Табиғаттың басты байлығы – жер. «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең – жер жомарт» деген халықтың данышпандық сөздері өмірден алынған өрнекті сөздер Оқушы: Топырақтан өмір иісі шығады, Оны денең тиіп кетсе, ұғады Еңбегіңді есесімен беретін Жақсылық та топырақтан шығады. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Халқымыз ежелден – ақ суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар», суды ерекше бағалай білген, Су деген тіршіліктің қаны емес пе, Су деген табиғаттың жаны емес пе,
  • 6. Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат, Күміс су қара жердің сәні емес пе?! Ән: Табиғатым – махаббатым. Оқушы: - Жасайды дейсің, күн қанша? - Жарығы сөнбей туғанша - Жасайды дейсің ай қанша? - Бетінен нұры тайғанша - Жасайды-дейсің жол қанша? - Жүргінші жүріп болған ша - Жасайды дейсің жер қанша. - Мекендесе ел қанша. - Ендеше бәрі мәңгі ме? - Әлбетте. Сонда әңгіме. Оқушы: Табиғатты адамзат аяласын, Егін егіп, мал бағып саяласын. Қарасындай көзінің қорғай жүріп, Қамқорлығын ешқашан аямасын. Оқушы: Сақтайық жұрт, даламыздың, сән – көркін Самғасын құс, асыр салсын, аң еркін Жайнай берсін, нулы көлдер, ормандар Бауырларым, игілігің сендердің. Оқушы: Улы бұлт торламасын көгімізді, Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді Бөлейік жасыл желек ну орманға Сан ұлтқа, сая мекен жерімізді.
  • 7. Оқушылар (бәрі бірге) Болашаққа эколог боп барайық! Керегіне табиғаттың жарайық! Туған жердің бар байлығын қорғаштап, Өзімізге есеп беріп, өмірге сергек қарайық! Соңы: өлең «Саржайлау» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Н.Тілендиевтікі Мұғалімнің қорытынды сөзі: Табиғат тағдыры ешкімді тебірентпей қалдыруы мүмкін емес екенін көрдіңдер.Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау, қорғау және көркейту-әрбір адамның міндеті әрі борышы.Себебі,табиғатпен адам-егіз ұғым. Табиғат адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.Адам табиғатқа мейірімділікпен,сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап,үйлесімділік сақталғанда,адамзат баласы үшін табиғат-кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық. Еліміздің жарқын болашағы,таңғажайып табиғатымыздың тағдыры кемел ойлы кемеңгер,келешекті көрегендікпен болжай білетін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатымен жүзеге асатындығына сеніміміз зор. Плакаттарға жазылған мақал-мәтелдер: «Жер байлығы – ел балығы», «Су – өмір нәрі» «Күте білсең, жер жомарт» Атаңнан мол қалғанша, тал қалсын» «Экология – ел аманаты» «Жас достар! Табиғатты аялайық, сүйе білейік» «Туған жерді сүю – парыз, Сүю үшін білу – парыз, Қасиетін ұғу – парыз, Күзетінде тұру – парыз!»