SlideShare una empresa de Scribd logo
1 de 5
XҮIІ ғ. ІІ жарт. – ХХ бас. Цин империясы әлеуметтік-экономикалық
және саяси дамуы
ХҮІІ ғ. шаруалар соғысы және маньчжурлардың Қытайды жаулап алуы.
Циндік Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымы. Бірінші
апиын соғысы (1839-1842 жж.) және оның Қытай үшін салдары. Тайпиндер
көтерілісі (1850-1864 жж.)
ХҮІ ғ. соңындағы Мин әулетінің саяси және әлеуметтік жағдайы.
Қытайдағы шаруалар көтерілісі және Мин әулетінің дағдарысы. Шаруалар
соғысы барысында шаруа көтерілісшілер отрядтарының бірігуі және біріккен
әскери басқармасы ұүрылуы жүрілді. ХҮІІ ғ. 30-40 жж. кезекті жалпы ұлттық
шаруалар соғысы басталып, Мин әулетінің күйреуіне әкелді.
ХҮІІ ғ. алғашқы ширегінде Қытай көршісі маньчжурлар күшейе түсті.
Әсіресе Нурхаци мен Абахайдың кезеңінде біріктіру саясаты жүрілді.
Қытайдағы маньчжурлар жаулап алушылығы Циндердің
орталықтандырылған әскери-феодалдық мемлекетінің құрылуына әкелді.
Бірақ мемлекеттік құрылы, аграрлық қатынастарында айтарлықтай өзгерістер
болмағанымен маньчжурлық ақсүйектер мемлекеттік қызмет орындарында
артықшылықтарға ие болды. ХҮІІ ғ. Цин империясы сыртқы саясатының
кезеңдері. Халха, Жонғария, Шығыс Түркістан территорияларына
басқыншылығы. Цин империясының сыртқы саясаты жаулап алушылық
сипатына ие болды.
ХҮІІІ ғ. аяғынан бастап Қытайға Англия бастапқы да дипломатиялық
жолдар арқылы енуі басталды. Бірақ нәтижесіз аяқталды. Бұдан кейін апиын
саудасы үшін соғыстар орын алды. 1842 ж. Нанкин келісімімен аяқталған
бірінші апиын соғысы (ағылшын-қытай) Қытайды жартылай отарға
айналуына бастама салды. Қытайға ағылшын тауарларының енуі елдің
әлеуметтік және экономикалық дамуына кері әсерін тигізді нәтижесі
Тайпиндер көтерілісіне ұласты (1850-1864 жж.).
ХІХ ғ. ІІ жарт. – ХХ ғ. бас. Цин империясы. 1894-1895 жж. жапон-қытай
соғысы және оның маңызы. Реформаторлық қозғалыс және реформаның «жүз
күні». Ихэтуандар көтерілісі (1898-1901 жж.) және 1901 ж. Қорытынды
хаттама. Сунь Ятсен ілімі - 1911-1913 жж. Синьхай революциясы
бағдарламасы.
ХІХ ғ. ІІ жарт. – ХХ ғ. басындағы Қытай қоғамы дамуында екі бағыт
айқын байқалады: капитализм дамуы және отарлық тәуелділіктің тереңдеуі.
Қытайды жартылай отарға айналдыру оны Англия, Германия, Ресей,
Франция, Жапония арасында ықпал аймақтарына бөлісу туралы
«джентелмендік келісім» арқылы бекітілді.
XIX ғ. аяғында қоғамдық-саяси өмірде реформаторлық және
революциялық-демократиялық екә бағыт пайда болды. Алғашқысы Кан Ювэй
қайраткерлігімен, екіншісі Сунь Ятсен қызметімен байланысты болды.
ХХ ғ. басында Қытайда Синхай төнкерісіне алып келген революциялық
жағдай қалыптасты. Синхай революциясының бағдарламасы Сунь Ятсен ілімі
болып табылды. Синхай революциясының тарихи маңызы – Цин әулетін
биліктен тайдырды және монархиялық билікті жойды.
Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі В.И.Ленин мақпалалары мен Сунь
Ятсен шығармаларын оқу барысында Сунь Ятсен идеяларына Лениннің
сын пікірлеріне назар аудару.
ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. бас. Қытайдағы батыс державаларының саясаты
туралы хрестоматия материалдарынан конспект жазу
Синьхай революциясы Қытайдың жаңа тарихындағы халықаралық маңызы
бар ірі тарихи оқиға болды.
Қытай халқы Азия халықтарының ішінде алғашқы болып екі мың жылдан
артық өмір сүрген феодалды-монархиялық абсолютті режимді жойды және
Республика жариялады.
Бұл ұлы мақсатқа жетудің, яғни, мықты, тәуелсіз Қытайды құрудың
алғашқы қадамы болды. Бұл қадамды жасамай алға жылжу мүмкін емес еді.
Қытай халқы ұзақ жылдар бойы Цинь империясының маньчжурлық
режиміне қарсы күресті, бұл 1911 жылы жеңіс пен аяқталды.
Синьхай революциясы өзінің сипаты жағынан буржуазия-демократиялық
болды, ал халықтың қатысуы дәрежесіне байланысты-халықтық революция
болды.
1911 жылғы революция жетістігі революциялық халықтың жетістігі.
Тунмунхой (Одақтық лига) егер оны армия, әсіресе кешегі шаруалар мен
ұсақ интелегенциялық-офицерлерден тұрған Жаңа армия қолдамаса және
шаруалар мен қалалық кедейлер, студенттерден құралған халықтық ерікті
отряд қолдамаса әлсіз болар еді.
Қытай революциясы "Одақтық лига" уәде еткен жерді шаруаларға жер
беру, жерге деген құқықтың теңестірілуі міндетін орындамады. Қытай
жартылай феодалды ел болып қалды. Ол империялизмнің елдегі үстемдігін
жоя алмады. Қытай жартылай отар ел күйінде қалды. Осы мағынада
революция жеңіліске ұшырады.
1911 жылғы революция елдегі аграрлық мәселені түп тамырымен шешпеді.
Қытай коммунистері, жиырмасыншы жылдардан бастап өздерінің шаруалар
ұйымын құру туралы жұмыстарын бастай отыра, Синьхай революциясының
кемшіліктерін ескере отырып жасады.
Революцияның сабақ болатын мәселесі, ол Қытайдың ұлттық
буржуазиясымен ұсақ буржуазиясының саяси әлсіздігін көрсетті.
Бүрынғы Қытай коммунистерінің бірі У Юйчжан сол жылдарды еске ала
отырып айтқан әңгімесінде, "кейбір революционерлер революция жеңіске
жетті деп шетелге оқуға кетті немесе үйлеріне қайтіп кетті, кейбіреулері
парламентаризммен айналысты, енді біреулері Юань Шикай жағындағы
конституциялы-монархиялық топтарына кіріп кетті. Тек, Сунь Ятсен ғана
өзінің аздаған ғана жолдастарының тобымен Одақтық лига жеңілісінен
сабақ алып, күресті жалғастырды"
Мао Цзе-дун революция нәтижесін сипаттай отырып былай деген:
"Қарңыздар, 1911 жылғы революция императорды құлатты. Бұл жеңіс емес
пе? Жеңіліс-1911 жлығы революция тек императорлық билікті құлатқанында,
бірақта Қытай әлі бұрынғысынша империялизмен феодализм билігінде
қалып қойды, ал революцияның антифеодалдық және антиимпериялистік
міндеттері шешілмей қалды".
Синьхай революциясы ұлы Қытай халқының революциялық күреске
оянуында негігі рөл атқарды нәтижесінде, Қытай Азия халықтарының
ішіндегі алғашқы болып республика жариялады, прогрессивті мәні бар
буржуазиялық уақытша коституция қабылдады. Демократиялық республика
идеясы Қытай халқын санасына терең енді.
Бұл революция басқа да Шығыстың елдеріне үлкен әсерін тигізді. РСДРП-
ның Прага конференциясы Синьхай революциясы туралы арнайы резолюция
қабылдады, мұнда Азияға азаттық әкелген және Европалық буржуазия
үстемдігін үзген Қытай халқының революциялық күресінің әлемдік мәні
туралы айтылды.
Қытай революциясының басты жаулары болды Жапония, Батыстың
империялистік державалары. Сонымен қатар, оның шетелде достары болды.
Ресейдің революционерлерінің пролитариаты сол кездің өзінде ақ Қытай
халқының үстемдікке қарсы күресіне өзінің оң көзқарасын білдірген.
1917 жылы Ресейде Қазан социалистік революциясы болды. Қазан
революциясының азаттық әсерін бүкіл әлем сезінді. Бұл революцияның
әсерімен және Қытайдағы өзгерістерден соң Сунь Ятсеннің саяси
көзқарастары өзгерді. Ол революцияның жеңісті аяқталуы үшін бүкіл
халықты жұмылдыруы керек екендігін түсінді. ¥лы революционер -
демократ өз мұрасында былай деп жазды: "Мен Қытайдың еркіндікпен
кеңдікке жетуі үшін ұлттық революция жұмысына қырық жыл жүмсадым.
Осы қырық жылдық тәжірибие негізінде, мен бұл мақсатқа жету үшін бүкіл
халықтың басым көпшілігін көтеру керек екендігін және бізге өздерімен тең
санаған халық пен бірігіп күресу керек екендігін түсіндім".
1924 жылы Сунь Ятсен өзінің ұлттық прициптеріне жаңа түсінік еңгізді,
яғни оларда кезеңнің жаңа тарихи ерекшеліктерін көрсетті. Олар үш негізгі
саяси құрылымнан түрды: Ресей мен одақ құру, қытайдың коммунистік
партиясымен одақ құру, жұмысшылар мен шаруаларға сүйену. Бұл үш
ұлттық принцип, бұрынғы үш ұлттық принцип дамуының жалғасы болды.
Ресейдің болыпевисттік "Звезда" газеті 1911-13 жылдардағы революция
барпысын үзбей жазды. Өздерінің жедел хаттарында, мақалаларын Қытай
халқына деген терң достық сезімменен жазып отырды. Солардың бірінде
1912 жылы революция туралы мынандай өлең жолдары жазылды:"
"... Ты встал, борясь за труд,
И поднял ты главу, огромный самобытный,
И вот сыны твои милионами идут,
Чтобы стряхнуть тот гнет постыдный.
И вот идет огромная волна Течет
стремительно пылающая лава,-За труд
свободный свой борясь,- идет она И за
свободу, и за права "
В.И.Ленин өз сөзінде Қытай халқының революциялық күресінің әлемдік
маңызы туралы айтады "Бұл күрес өзімен Азияның азаттығына әкелді. Ресей
пролетариаты Қытайдың революционер-республикандықтардың ерлігіне
қызығада сүйсіне қарайды"
Сунь Ятсен өзі бастаған жұмыстың ары қарай дамуының кірпішін қалап
кетті.
Қытайдың үзақ жылдар бойғы күресінің нәтижесінде ол еркіндік пен
теңдікке жетті. Бұл күрес, Сунь Ятсен ойындағы дай бүкіл кезеңде Кеңес
Одағы тарапынан қолдау тапты - 1925-27 жылдардағы ұлттық революция
кезінде, Жапон агрессиясына қарсы күрес кезінде, Америка интервенциясы
жылдары және азаматтық соғыс кезінде. 1949 жылы бірінші қазанда
Пекиннің орталық алаңында салтанатты түрде Қытай Халық Республикасы
жарияланды. Революцияның демократиялық кезеңін аяқтай отыра, Қытай
халқы коммунистік партия басшылығымен социалистік қоғам құру жолына
түсті.

Más contenido relacionado

Destacado

How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024Albert Qian
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsKurio // The Social Media Age(ncy)
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Search Engine Journal
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summarySpeakerHub
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Tessa Mero
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentLily Ray
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best PracticesVit Horky
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementMindGenius
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...RachelPearson36
 
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...Applitools
 
12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at WorkGetSmarter
 
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...DevGAMM Conference
 
Barbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy PresentationBarbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy PresentationErica Santiago
 
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them wellGood Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them wellSaba Software
 
Introduction to C Programming Language
Introduction to C Programming LanguageIntroduction to C Programming Language
Introduction to C Programming LanguageSimplilearn
 

Destacado (20)

How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
 
12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work
 
ChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slidesChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slides
 
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike RoutesMore than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
 
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
 
Barbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy PresentationBarbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy Presentation
 
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them wellGood Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
 
Introduction to C Programming Language
Introduction to C Programming LanguageIntroduction to C Programming Language
Introduction to C Programming Language
 

Азия мен Африканың қ.з.т ТК1.docx

  • 1. XҮIІ ғ. ІІ жарт. – ХХ бас. Цин империясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы ХҮІІ ғ. шаруалар соғысы және маньчжурлардың Қытайды жаулап алуы. Циндік Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымы. Бірінші апиын соғысы (1839-1842 жж.) және оның Қытай үшін салдары. Тайпиндер көтерілісі (1850-1864 жж.) ХҮІ ғ. соңындағы Мин әулетінің саяси және әлеуметтік жағдайы. Қытайдағы шаруалар көтерілісі және Мин әулетінің дағдарысы. Шаруалар соғысы барысында шаруа көтерілісшілер отрядтарының бірігуі және біріккен әскери басқармасы ұүрылуы жүрілді. ХҮІІ ғ. 30-40 жж. кезекті жалпы ұлттық шаруалар соғысы басталып, Мин әулетінің күйреуіне әкелді. ХҮІІ ғ. алғашқы ширегінде Қытай көршісі маньчжурлар күшейе түсті. Әсіресе Нурхаци мен Абахайдың кезеңінде біріктіру саясаты жүрілді. Қытайдағы маньчжурлар жаулап алушылығы Циндердің орталықтандырылған әскери-феодалдық мемлекетінің құрылуына әкелді. Бірақ мемлекеттік құрылы, аграрлық қатынастарында айтарлықтай өзгерістер болмағанымен маньчжурлық ақсүйектер мемлекеттік қызмет орындарында артықшылықтарға ие болды. ХҮІІ ғ. Цин империясы сыртқы саясатының кезеңдері. Халха, Жонғария, Шығыс Түркістан территорияларына басқыншылығы. Цин империясының сыртқы саясаты жаулап алушылық сипатына ие болды. ХҮІІІ ғ. аяғынан бастап Қытайға Англия бастапқы да дипломатиялық жолдар арқылы енуі басталды. Бірақ нәтижесіз аяқталды. Бұдан кейін апиын саудасы үшін соғыстар орын алды. 1842 ж. Нанкин келісімімен аяқталған бірінші апиын соғысы (ағылшын-қытай) Қытайды жартылай отарға айналуына бастама салды. Қытайға ағылшын тауарларының енуі елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына кері әсерін тигізді нәтижесі Тайпиндер көтерілісіне ұласты (1850-1864 жж.). ХІХ ғ. ІІ жарт. – ХХ ғ. бас. Цин империясы. 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысы және оның маңызы. Реформаторлық қозғалыс және реформаның «жүз күні». Ихэтуандар көтерілісі (1898-1901 жж.) және 1901 ж. Қорытынды хаттама. Сунь Ятсен ілімі - 1911-1913 жж. Синьхай революциясы бағдарламасы. ХІХ ғ. ІІ жарт. – ХХ ғ. басындағы Қытай қоғамы дамуында екі бағыт айқын байқалады: капитализм дамуы және отарлық тәуелділіктің тереңдеуі. Қытайды жартылай отарға айналдыру оны Англия, Германия, Ресей, Франция, Жапония арасында ықпал аймақтарына бөлісу туралы «джентелмендік келісім» арқылы бекітілді. XIX ғ. аяғында қоғамдық-саяси өмірде реформаторлық және революциялық-демократиялық екә бағыт пайда болды. Алғашқысы Кан Ювэй қайраткерлігімен, екіншісі Сунь Ятсен қызметімен байланысты болды. ХХ ғ. басында Қытайда Синхай төнкерісіне алып келген революциялық жағдай қалыптасты. Синхай революциясының бағдарламасы Сунь Ятсен ілімі болып табылды. Синхай революциясының тарихи маңызы – Цин әулетін биліктен тайдырды және монархиялық билікті жойды. Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі В.И.Ленин мақпалалары мен Сунь
  • 2. Ятсен шығармаларын оқу барысында Сунь Ятсен идеяларына Лениннің сын пікірлеріне назар аудару. ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. бас. Қытайдағы батыс державаларының саясаты туралы хрестоматия материалдарынан конспект жазу Синьхай революциясы Қытайдың жаңа тарихындағы халықаралық маңызы бар ірі тарихи оқиға болды. Қытай халқы Азия халықтарының ішінде алғашқы болып екі мың жылдан артық өмір сүрген феодалды-монархиялық абсолютті режимді жойды және Республика жариялады. Бұл ұлы мақсатқа жетудің, яғни, мықты, тәуелсіз Қытайды құрудың алғашқы қадамы болды. Бұл қадамды жасамай алға жылжу мүмкін емес еді. Қытай халқы ұзақ жылдар бойы Цинь империясының маньчжурлық режиміне қарсы күресті, бұл 1911 жылы жеңіс пен аяқталды. Синьхай революциясы өзінің сипаты жағынан буржуазия-демократиялық болды, ал халықтың қатысуы дәрежесіне байланысты-халықтық революция болды. 1911 жылғы революция жетістігі революциялық халықтың жетістігі. Тунмунхой (Одақтық лига) егер оны армия, әсіресе кешегі шаруалар мен ұсақ интелегенциялық-офицерлерден тұрған Жаңа армия қолдамаса және шаруалар мен қалалық кедейлер, студенттерден құралған халықтық ерікті отряд қолдамаса әлсіз болар еді. Қытай революциясы "Одақтық лига" уәде еткен жерді шаруаларға жер беру, жерге деген құқықтың теңестірілуі міндетін орындамады. Қытай жартылай феодалды ел болып қалды. Ол империялизмнің елдегі үстемдігін жоя алмады. Қытай жартылай отар ел күйінде қалды. Осы мағынада революция жеңіліске ұшырады. 1911 жылғы революция елдегі аграрлық мәселені түп тамырымен шешпеді. Қытай коммунистері, жиырмасыншы жылдардан бастап өздерінің шаруалар ұйымын құру туралы жұмыстарын бастай отыра, Синьхай революциясының кемшіліктерін ескере отырып жасады.
  • 3. Революцияның сабақ болатын мәселесі, ол Қытайдың ұлттық буржуазиясымен ұсақ буржуазиясының саяси әлсіздігін көрсетті. Бүрынғы Қытай коммунистерінің бірі У Юйчжан сол жылдарды еске ала отырып айтқан әңгімесінде, "кейбір революционерлер революция жеңіске жетті деп шетелге оқуға кетті немесе үйлеріне қайтіп кетті, кейбіреулері парламентаризммен айналысты, енді біреулері Юань Шикай жағындағы конституциялы-монархиялық топтарына кіріп кетті. Тек, Сунь Ятсен ғана өзінің аздаған ғана жолдастарының тобымен Одақтық лига жеңілісінен сабақ алып, күресті жалғастырды" Мао Цзе-дун революция нәтижесін сипаттай отырып былай деген: "Қарңыздар, 1911 жылғы революция императорды құлатты. Бұл жеңіс емес пе? Жеңіліс-1911 жлығы революция тек императорлық билікті құлатқанында, бірақта Қытай әлі бұрынғысынша империялизмен феодализм билігінде қалып қойды, ал революцияның антифеодалдық және антиимпериялистік міндеттері шешілмей қалды". Синьхай революциясы ұлы Қытай халқының революциялық күреске оянуында негігі рөл атқарды нәтижесінде, Қытай Азия халықтарының ішіндегі алғашқы болып республика жариялады, прогрессивті мәні бар буржуазиялық уақытша коституция қабылдады. Демократиялық республика идеясы Қытай халқын санасына терең енді. Бұл революция басқа да Шығыстың елдеріне үлкен әсерін тигізді. РСДРП- ның Прага конференциясы Синьхай революциясы туралы арнайы резолюция қабылдады, мұнда Азияға азаттық әкелген және Европалық буржуазия үстемдігін үзген Қытай халқының революциялық күресінің әлемдік мәні туралы айтылды. Қытай революциясының басты жаулары болды Жапония, Батыстың империялистік державалары. Сонымен қатар, оның шетелде достары болды. Ресейдің революционерлерінің пролитариаты сол кездің өзінде ақ Қытай халқының үстемдікке қарсы күресіне өзінің оң көзқарасын білдірген.
  • 4. 1917 жылы Ресейде Қазан социалистік революциясы болды. Қазан революциясының азаттық әсерін бүкіл әлем сезінді. Бұл революцияның әсерімен және Қытайдағы өзгерістерден соң Сунь Ятсеннің саяси көзқарастары өзгерді. Ол революцияның жеңісті аяқталуы үшін бүкіл халықты жұмылдыруы керек екендігін түсінді. ¥лы революционер - демократ өз мұрасында былай деп жазды: "Мен Қытайдың еркіндікпен кеңдікке жетуі үшін ұлттық революция жұмысына қырық жыл жүмсадым. Осы қырық жылдық тәжірибие негізінде, мен бұл мақсатқа жету үшін бүкіл халықтың басым көпшілігін көтеру керек екендігін және бізге өздерімен тең санаған халық пен бірігіп күресу керек екендігін түсіндім". 1924 жылы Сунь Ятсен өзінің ұлттық прициптеріне жаңа түсінік еңгізді, яғни оларда кезеңнің жаңа тарихи ерекшеліктерін көрсетті. Олар үш негізгі саяси құрылымнан түрды: Ресей мен одақ құру, қытайдың коммунистік партиясымен одақ құру, жұмысшылар мен шаруаларға сүйену. Бұл үш ұлттық принцип, бұрынғы үш ұлттық принцип дамуының жалғасы болды. Ресейдің болыпевисттік "Звезда" газеті 1911-13 жылдардағы революция барпысын үзбей жазды. Өздерінің жедел хаттарында, мақалаларын Қытай халқына деген терң достық сезімменен жазып отырды. Солардың бірінде 1912 жылы революция туралы мынандай өлең жолдары жазылды:" "... Ты встал, борясь за труд, И поднял ты главу, огромный самобытный, И вот сыны твои милионами идут, Чтобы стряхнуть тот гнет постыдный. И вот идет огромная волна Течет стремительно пылающая лава,-За труд свободный свой борясь,- идет она И за свободу, и за права "
  • 5. В.И.Ленин өз сөзінде Қытай халқының революциялық күресінің әлемдік маңызы туралы айтады "Бұл күрес өзімен Азияның азаттығына әкелді. Ресей пролетариаты Қытайдың революционер-республикандықтардың ерлігіне қызығада сүйсіне қарайды" Сунь Ятсен өзі бастаған жұмыстың ары қарай дамуының кірпішін қалап кетті. Қытайдың үзақ жылдар бойғы күресінің нәтижесінде ол еркіндік пен теңдікке жетті. Бұл күрес, Сунь Ятсен ойындағы дай бүкіл кезеңде Кеңес Одағы тарапынан қолдау тапты - 1925-27 жылдардағы ұлттық революция кезінде, Жапон агрессиясына қарсы күрес кезінде, Америка интервенциясы жылдары және азаматтық соғыс кезінде. 1949 жылы бірінші қазанда Пекиннің орталық алаңында салтанатты түрде Қытай Халық Республикасы жарияланды. Революцияның демократиялық кезеңін аяқтай отыра, Қытай халқы коммунистік партия басшылығымен социалистік қоғам құру жолына түсті.